444
өнімнің бірқалыпты деңгейде болуы мен келіп түсетін 1 л дəн
өніміндегі құрғақ затының мөлшері 250-300г болатындай,
бастапқы
берілген құраманың ауытқымауын қамтамасыз ету арқылы қол
жеткізіледі.
Бірінші жəне екінші қайтара ұсақтаудан кейін ботқадан өскінді
бөліп алуды гидроциклондар немесе сепараторлар көмегі арқылы
қамтамасыз етеді. Бөлшектелген массадан
өскіннің бөлініп шығуы
негізінен лезде атқарылады. Сондықтан өскіннің бөліну дəрежесі
мен сапасын реттеп отыруды тек қана бөлінер алдындағы массаның
тығыздығы мен құрамасын бір деңгейде ұстап отыру нəтижесінде
мүмкін болады.
Өскінді бөліп алу үшін бірінші кезеңде түсірілетін өнім құрамы
крахмал қоймалжыны тəріздес болуы қажет, 230 г/л
шамасындағы
құрама 12-13% көлеміндегі қоймалжың құрамын бере алатындай бо-
луы керек.
Бұл арада эндоспермамен байланысқан өскіннің бір бөлігі ауыр
фракцияға түседі жəне екінші қайтара бөлшектеуден өтеді.
Өскіннің толық бөлініп шығуы мен аз мөлшердегі тұқым
араласқан ботқаға айналған өнімнің екінші
қайтара тұқым бөлудегі
құрамы 280 г/л құраманың 14-15% дейінгі қоюлықта болуы қажет.
Осындай жағдайда бөлу кезінде өскіннің еркін түрі ғана емес
байланысқан түрі де бөлініп шығады.
Өскінді бақылау түріндегі гидроциклондарда соңғы бөлуде өнім
10-11% құрамдағы қоюлықта жəне 200 г/л шамасындағы құрамда
болуы қажет. Бұл жағдайда эндоспермамен
байланысқан өскін
бөлген кезде қою түрде екінші бөлшектеуге жəне өскінді бөліп алуға
жіберіледі, мұнда байланысқан өскін еркін түрге айналады да бөліп
алу жүргізіледі.
Өскінді бөліп алғаннан кейінгі жүгері ботқасы екпінді қимылдағы
майдалап ұсақтауға түсіріледі. Жақсылап
сумен шыланған сапалы
дəнді өңдегенде өнімдегі байланысқан крахмалдар мөлшері 10-12%
құрайтын болады.
Достарыңызбен бөлісу: