І кристаллданудағы утфельді алу. Утфельді мерзімді
қимылдайтын вакуум-аппаратта төрт кезеңмен қайната отырып
жүргізеді: қанықтырылған ерітіндіні алу; қант кристаллдарының
заводкасы; қант кристаллдарын ұлғайту; соңғы рет қоюландыру
жəне утфельді түсіріп алу. Қою шырынды буландыру жолымен
қоюландыруды қалдық қысымда 0,020 МПа деңгейінде жəне қайнау
температурасының төменгі деңгейінде (70...72°С) жүргізеді, бұл
жағдай сахарозаның карамельденуін болдырмау үшін қажет. Қою
шырынның құрғақ заттары 80-82% дейін жеткенше қоюландырып
қайнату кезінде оның температурасы вакуумда 74-76°С дейін
көтеріледі, ал қанығу коэффициенті 1,25-1,3 жететін болады. Əсіре
қанығу коэффициенті қанықтырылған ерітіндіге қарағанда осы
421
ерітіндідегі сахарозаның қаншалықты мөлшерде болуын көрсетеді.
Осы əсіресе қанығу коэффициенті жағдайындағы қаныққан
ерітіндінің тұрақсыздау қалыпта болуы кезінде, қант ұнтағының
ұсақ үгіндісін араластыра отырып, кристаллдардың заводкасын бас-
тайды, ол бірден жаңа кристаллдардың құралуына əкеледі. Соны-
мен қатар кристалдардың суспензиясын да қолданады жəне оларды
өсіреді. Кристалдардың дер кезінде жасалған заводкасы мен олардың
құралуының тоқтатылуы аса маңызды рөл атқарады. Сондықтан,
утфельде жеткілікті мөлшерде кристаллдар құралған жағдайда,
олардың əрі қарай құралу үрдісін əсіре қанығу коэффициентін 1,08-
1,12 дейін төмендете отырып тоқтатады, қою шырынның жаңа
үлесін енгізеді. Əрі қарай кристаллдардың ұлғайтылуын қалдық
қысымда 0,02 МПа деңгейінде жəне 76 °С температурада жүргізеді,
бұл жағдай олардың құралған кристаллдарының өсуіне арналады,
бірақ жаңа кристаллдардың құралуын болдырмайды. Ол үшін үнемі
қою шырынды беріп тұрады жəне аса қанығу коэффициентін
1,12-1,15 деңгейінде ұстап отырады. Сахарозаның кристаллдары
белгілі көлемге жеткен кезде, утфельді ең жоғары деңгейге дейін,
құрғақ заттары 92-92,5% жеткенше қоюландырады, бұл кезде оның
температурасы 75-80°С артып кетпеуі тиіс. І кристаллданудағы
утфельді қайнату ұзақтығы 2,5-3 сағат.
Утфельді центрифугада айналдыру, ағарту жəне құмшекерді
кептіру. І кристаллданудағы утфельді центрифугаға салып бірден
айналдырады. Кристалларалық ерітінді орталық айналмалы күштің
салдарынан кристаллдардан ажырап, бірінші ағынды жинағыш
қондырғыға бағытталады. Қант кристаллдарының сыртында əлі
де болса кристалларалық ерітіндінің жұқа қабыршақтары қалады,
олдар сарғыш реңк береді. Оны шығарып алу үшін осы центрифу-
гада құмшекердің кристаллдарын ыстық артезианды сумен жуады
(утфельдің салмағымен алғанда 3,5-4%), нəтижесінде екінші ағын
пайда болады, ол белгілі жинағышқа жіберіледі. Ылғалдылығы
0,8-1,0% жəне температурасы 55-60°С құмшекерді кептіргіш-
салқындатқыш қондырғысына салады, ол екі еңкіш айналып
тұратын болат барабандардан тұрады, ішкі іргелеріне винтті желіде
қалақшалар бұрандалармен бекітілген. Барабандар айналысқа
түскенде құмшекер төгіле бастайды да барабанның бойымен жыл-
жиды. Бірінші (кептіру) барабаны арқылы желдеткішпен ыстық
ауа (105-110°С) өткізіледі, екінші (салқындатқыш) барабанмен таза
салқын ауа беріледі. Қантты ыстық ауамен 0,14% ылғалдылыққа
422
дейін кептіреді де салқындатады. Салқындатылған құмшекер өлшеп
орау орнына жіберіледі.
Құмшекер сапасы жағынан МемСТ 21-94 талаптарын
қанағаттандыруы тиіс.
7.1.11. Кристаллданудағы утфельдің қойыртпағын өңдеу
Утфель І кристаллдануда оның құрамында қанттың кристаллда-
ры 56% артық болмайды, артып кеткен жағдайда ол тым қоюланып,
қозғалысы нашарлайды да əрі қарай өңдеуге қиындық тудырады.
Сондықтан кристаллданбаған сахарозаны 2-3 кезеңде өңдейді. Ең
ұтымдысы өнімдердің үш қайтара кристаллдандыру схемасы болып
табылады (7.12-сурет).
Центрифугаланған жəне ағартылған І кристаллдану жағдайын-
дағы утфельдің қойыртпағы сахарозаның қаныққан ерітіндісі болып
саналады. Оны утфельді ІІ кристаллдауда қолданады. Қайнату ай-
Ԕɨɸ ɲɵɪɵɧ
Ⱥԕ ԕɚɧɬ
ȱ ɭɬɮɟɥɶ (ԔɁ
92,5%)
ȱ ԕɨɣɵɪɬɩɚԕ
ȱȱ
ԕɨɣɵɪɬɩɚԕ
ȱȱ ɭɬɮɟɥɶ (ԔɁ 93%)
ȱ ԕɨɣɵɪɬɩɚԕ
ȱȱȱ ɭɬɮɟɥɶ (ԔɁ 94%)
ȱ ԕɨɣɵɪɬɩɚԕ
Ɇɟɥɚɫɫɚ
Ʉɥɟɪɨɜɤɚ
Ʉɥɟɪɨɜɤɚ
ȱȱ ɤɪɢɫɬɚɥɥɞɚɧԑɚɧ
ԕɚɧɬ
ȱȱ
ԕɨɣɵɪɬɩɚԕ
ȱȱȱ ɤɪɢɫɬɚɥɥɞɚɧԑɚɧ
ԕɚɧɬ
Достарыңызбен бөлісу: |