Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс



Pdf көрінісі
бет303/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   299   300   301   302   303   304   305   306   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

10. 9-сурет. Цилиндрлі-конусты 
ашыту аппараты


495
жақсы дəмге ие болып, оның құрамында ашу кезіндегі пайда бола-
тын жанама өнімдер болмайды.
Ашудың үздіксіз əдісі. Ашудың үздіксіз əдісін қолданғанда 
ашытқы өзгермейтін ортада болады, себебі ашытқының 
өмірсүргіштігі жəне қоректік заттардың концентрациясы тұрақты 
деңгейде ұсталып тұрады. Алдын ала ашыған сусласы бар ашу аппа-
ратына бір уақытта жаңа сусла жіберіп, жас сыраны алып отырады. 
Ашудың жылдамдығын температура, ашытқы мөлшерімен, аэрация 
жəне араластыру қарқындылығымен реттейді. Үздіксіз ашыту бір 
немесе бірнеше резервуарларда іске асырылады. 
10.5. Сыраны мөлдірлету жəне құю
Сыраны мөлдірлету. Сыраны жетілдіру кезінде оны толық 
мөлдірлету мүмкін емес. Сыраның құрамында жүзінділердің: 
ашытқы клеткалары, ақуыз-дубильді қоспалар, ақуыздар мен құлмақ 
шайыры болғандықтан ол мөлдір болмайды. Сыраның тұнық бол-
мауына əсер ететін құрамындағы заттектер мен бөлшектерден сүзу 
жəне центрифугалау арқылы тазалайды. 
Сыраны тиімді мөлдірлету əдісі – ол сүзу. Сүзгіш материал ретінде 
аздап асбест қосылған тарелка немесе чашка түрінде престелген 
өсімдік тектес талшық сүзу-массасын қолданады. Бұл массаны көп 
рет қолданатындықтан, əр сүзген сайын оны жуып, дезинфекция-
лайды. Көбінесе сүзуді чашкалы сүзгі-престі пайдаланып жүргізеді. 
Бұл сүзудің негізгі кемшілігі сыраның шығыны көп болады жəне қол 
еңбегі көп қажет етіледі.
Қазіргі уақытта сүзудің көп тараған түрі ол диатомит арқылы 
сүзу əдісі. Диатомит – ол кремнийлі су өсiмдiктерi балдырларынан 
тұратын қопсыған тұнба түрі. Сыра қайнатуда диатомитті қолдану 
үшін ол жақсылап тазартылған жəне құрамында 90% бөлшектерінің 
өлшемі 120 мкм кремнезема болу керек. 
Диатомит сүзгілері салынды болып табылады жəне фильтр мен ди-
атомит мөлшерлегішінен тұрады. Диатомитті сүзгілер конструктивті 
көлденең жəне тік болып бөлінеді. 
Отандық зауыттар салынбалы рамалы көлденең типті сүзгілермен 
жабдықталған. Мұндай сүзгілерде салынбалы диатомит жігі цел-
люлозды картоннан алынған пластиналардан болады. Сүзу үдерісі 
көлденең типті аппараттарға су құю, жікті диатомитке толтыру, суды 
төгу, сүзгілеу, сыраны құйып алу жəне сүзгілерді жуудан тұрады. 


496
Сүзгілеуді жүргізген кезде қысымды 0,06 МПа дейін көтереді. 
Сүзуден кейін сүзгі арқылы ең алдымен суық су содан кейін дезин-
фекциялау үшін ыстық су жібереді.
Отандық зауыттарда тік типті аппараттарда негізгі элементтері 
тік серіппесі бар патронды сүзгілер қолданады. Патрон перфорир-
ленген құбырды құрайды, ол спираль түрінде оралған тот баспай-
тын болаттан тұрады. Сүзгілеу спираль тəрізді сымдарға тұнған диа-
томит суспензиясын жіберуден басталады. Ал су патронның ішіне 
кетеді, ал диатомит сымда ұсталып тұрады. Ақырындап сүзгілеу 
беті пайда болады. Содан кейін сыраны үздіксіз диатомит ұнтағын 
себу арқылы сүзгілейді. Сүзілген сыраны қосымша сүзгі-картонын 
қолдану арқылы пластиналы сүзгілерде мөлдірлетеді, сонымен 
қатар, олар микроорганизмдер мен ақуызды жəне басқа да заттек-
терден тазартады. 
Патронды сүзгілеудің артықшылығына сүзгілеу қабаты 
диатомиттің өсуінен жұмыс кезеңінің ұзартылуын айтуға болады, ол 
сүзгілеу бетінің кеңейуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, сүзіндіні 
жиналған күйінде жууға жəне тазалауға болады. 
Сыраны мөлдірлету сепарирлеу арқылы ротордың айналу 
жылдамдығы 5000-7000 мин сепараторларда жүргізіледі, ол сыраға 
ауаны жəне көміртегі диоксидін жібермеуді қамтамасыз ететін 
герметикалық оқшаулап жабдықталған. Сепарирлеу кезінде сыраның 
қысымы 0,07 МПа, ал шыққанда 0,5 МПа болу керек. 
Сыраны сепарирлеп мөлдірлеткенде, ұзақ уақыт суықта ұстау ке-
рек, егер бұл əдісті орындамаса сыраны сақтау үшін тоңазытқышқа 
салған кезде лайланып кетеді. 
Дайын сырада көміртегі диоксидінің мөлшері жетіспеуі мүмкін, 
ол технологиялық режимдердің дұрыс орындалмауынан, соны-
мен қатар, сүзгілеу кезінде СО

ұшып кетуінен болады. Сыраның 
құрамында қажетті мөлшерде көміртегі диоксиді болу үшін оны 
құяр алдында карбонизациялайды. 0-1°С суытылған сыраны колон-
калы карбонизаторға жібереді, колонканың төменгі жағында 
6 сыра 
көміртегі диоксидімен байланысады, ол қысымы 0,15-0,20 МПа 
шашыратқыштан 
9 келеді (10.5-сурет). Көміртегі диоксиді қосылған 
сыраны жоғары жібереді, ол жез керегесінен 
8 жəне зонадан 7, ол 
сыра мен СО
2
байланысуын қамтамасыз ететін шынылы шариктер-
мен толтырылған. Карбонирленген сыра құбыр 
3 арқылы артық 
СО

алып тастау үшін кранмен жабдықталған 
2, жинақтағышына 1 
түседі. Карбонизациялау үшін көміртегі диоксиді сүзгі 
5 арқылы 


497
келеді. Манометр 
11, термометр 10 жəне қарау шамы 4 арқылы жүру 
үдерісін бақылап отырады. 
Карбонизациялаудан өткен сыраның құрамында 0,4% көміртегі 
диоксиді болу қажет. 
Карбонизацияланған сыраны 3-8 сағат аралығында температура-
сы 0-0,5°С арнайы жинақтағышта ұстайды, ондағы қысым 0,05 МПа 
төмен болмауы қажет. Бұл көміртегі диоксидін ұстап тұру үшін жəне 
сыраның сапасын жақсарту үшін қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   299   300   301   302   303   304   305   306   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет