Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс



Pdf көрінісі
бет300/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

Сусланы ашыту əдісі. Сусланы ашыту 6-8
0
С-қа дейін суытылған, 
тік жəне көлденең жағдайда қойылған ашық жəне жабық типтегі ашу 
аппараттары орналасқан қоймада жүргізіледі (ашыту цехында). Ашу 
аппараттары цилиндрлі сиымдылық көлемі 7-ден 45м
3
-қа дейінгі 
жартылай сфералы түбі бар,
 тот баспайтын темір мен алюминийден 
жасалынған. Аппараттың ішкі беті қорғаныс қабығы бар темірмен 
қапталған. Ашу аппаратының ішіне температурасы 0,5-1,0
0
С суды 
өткізетін құбырлы тоңазытқыш орналастырылған.
Ашудың ең көп тараған түрлері үздікті жəне жартылай үздіксіз.
Ашудың үздікті (дəстүрліəдісі сусла мен ашытқыны бір уақытта 
енгізумен іске асырылады. Қосылатын ашытқы мөлшері сусланың 


491
температурасы мен коцентрациясына, ашытқы расаларына жəне 
т.б. жағдайларға байланысты. Орташа гектолитр (100л) суслаға 
0,4-0,8 л ашытқы қосады. Алғашқы тəулікте ашытылған сусланың 
ашу температурасын 8-9
0
С-қа дейін жоғарлатады, сосын ашытудың 
соңына қарай температурасы 4-5
0
С-қа жеткенше салқындатады. 
Ашу үдерісі 24 сағ ішінде экстракт мөлшері 0,15-2,0%-ке жеткен-
де аяқталады. Мұндай ашу үдерісінің бірнеше кемшіліктері бола-
ды: біріншіден, ашытқы температурасының төмендеуіне байланы-
сты ашу белсенділігін жоғалтуы мүмкін, сондықтан экстрактінің 
керекті тереңдігін қамтамасыз ету қиындық тудырады; екіншіден 
ашытқыны 8 генерацияда қолданғанда сыраның əр генерациядағы 
физиологиялық жағдайына байланысты оның сапасы өзгеріп оты-
рады; үшіншіден, мұндай жолмен алынған жас сыра өзінің дəмін 
негіздейтін бірқатар заттарды жою үшін ұзақ уақыт тұрғызуды қажет 
етеді; төртіншіден, ашу үдерісі ұзақ, 11 тəулікке дейін жалғасуы 
мүмкін.
 Ашудың жартылай үздіксіз əдісі алдын ала ашыту аппараты-
нан жəне бес ашу аппараты бар бір желіде орнатылған жабық тік 
аппараттарда жүргізіледі. Алдын ала ашыту аппараты ашытқыны 
тұрақты концентрацияда белсенді физиологиялық-логарифмдік 
фазада өсіру үшін арналған. Мұндай ашыту түрінде салқын сыра 
сусласы сүзіледі, қышқылданады жəне екіреттік ашытқы нормасын 
енгізетін алдын ала ашыту аппаратына жіберіледі (1л/гл). 30 мин 
бойы сусланы араластырғаннан соң 6-8
0
С температурада 24 сағатқа 
қалдырады. Сосын алдын ашыту аппаратындағы жарты бөлікті 
бірінші ашу аппаратына ауыстырады жəне екі ыдысты да жаңа сус-
ламен толтырады. 24 сағаттан соң алдын ала ашу аппаратындағы 
жарты бөлігін екінші ашу аппаратына бағыттайды жəне осы аппа-
раттарды жаңа сусламен толтырады. Мұны 5 тəулік бойы 24 сағат 
сайын барлық аппарат толғанша қайталайды. Сосын температурасы 
5
0
С-тан жоғары емес жас сыраны бірінші ашу аппаратынан ашуды 
жеткізу
 аппаратына құяды, босаған аппаратты келесі ашуға дайын-
дайды жəне т.б. Осы цикл бойынша жұмыс істеу ұзақтығы 1-1,5 ай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет