«Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы»



бет52/78
Дата13.03.2023
өлшемі1,28 Mb.
#73600
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   78
Байланысты:
«?àçà?ñòàííû? æà?à æ?íå ?àç³ðã³ çàìàí òàðèõû»

4.Ұйғырлар мен дүнгендердің қоныстануы. Жетісуда егіншіліктің дамуына XIX ғасырдың 70—90-жылдарында Шығыс Түркістаннан қоныс аударған ұйғырлар мен дүнгендер бірден бір ықпал етті. Қоныстандыру екі кезеңде болды. Бірінші кезеңде 1877 жылы Тоқмақ ауданына (Солтүстік Қырғызстан) шэньси дүнгендерінің бір тобы келді, 1881—8Зжылдары, Санкт-Петербург шартына сәйкес, Іле өлкесінен ұйғырлар мен дүнгендердің негізгі көпшілігі қоныс аударды.
1884 жылдың басына карай Жетісуда 9572 ұйғыр отбасы (45373 адам) және 1147 дүнген отбасы (4682 адам) болды. Олар былайша қоныс тепті: 4477 ұйғыр отбасы (19209 адам) Жаркент учаскесі шеңберінде, Өсек және Шарын өзендерінін бойына, калған көпшілік бөлегі — 5275 отбасы (26164 адам) Верный уезіне Шелек және Талғар өзендерінің аралығына орналасты, сондай-ақ Верный қаласына орын тепті. Дүнгендер мен ұйғырлардың қоныстануына байланысты Жетісудың отырықшы халқы екі есе көбейді. Қоныстанушылардан жаңадан 5 болыс: Жаркент және Кетпен (қазіргі Панфилов ауданының аумағында), Ақсу-Шарын (Ұйғыр ауданында), Малыбай (Шелек ауданында), Қарасу (Еңбекші қазақ ауданында) болыстары құрылды. Дүнгендер мен ұйғырлар тұтас деревня болып көшіп, жаңа орындарында кауымдар кұрды, ол қауымдар не тек қана ауылдастардан кұрылды, немесе «егер олар аз болса, көршілес бірнеше кыстақтың тұрғындарынан кұрылды, бірақ соңғы жағдайда бүрынғы байланыс сақталып калды: жаңа орында бір кауымға кірген әр түрлі қыстақ тұрғындары әдетте жеке елуліктер мен ондықтар құрып отырды».
1897 жылғы санақ бойынша қоныстанғандар санында дүнгендер - 14130, ұйғырлар - 55 999 адам болды.
(Жетісуда ең жақсы жерлер қазақтардың пайдасына тартып алынып қойғ-андықтан, ұйғырлар мен дүнгендер колдан суландырылмайынша егіншілікке онша жарамды болмаған учаскелер алды. Қоныстанудың алғашқы жылында арықтар мен негізгі каналдар казу өте киын болды, оның үстіне қоныстану-шыларға үлесті жерлер барлық дүнгендер мен ұйғырларлар көшіп келгенге дейін, уакытша берілетін еді.
Облыстың село халқын жерге орналастыру жөнінде 1882 жылы Жетісу облыстық басқармасы белгілеген ережелер негізінде дүнгендер мен ұйғырлар әрбір еркек адамға 10 десятинадан жер алуға тиісті еді. Алайда 1885 жылы қоныстанушыларға үлесті жер бөліп беру қолға алынған кезде, әрбір еркек адамға 4-5десятинадан ғана жер бөлініп беріліп, 1892 жылдың 1 каңтарынан бастап оброктык алым-салық салынатын болды. Қоныстанушыларға берілген жердің егін егуге екінің бірінде онша жарамды болмағанын немесе мүлдем жарамсыз болғанын айтпағанда, олар жер учаскелерін іс жүзінде одан да кемітілген нормалармен алды. Жетісудың 10 мыңдүнгенхалқына небәрі 27 мың десятина, яғни жан басына шакканда 3 десятинаға жетпейтін жер берілді. Дүнген және ұйғыр шаруаларының еңбекші бөлігі жермен нашар қамтамасыз етілген болып шықты.
Селодағы және қаладағы ұйғыр мен дүнген халықтары өздерінің өкімшілігі, мешіті және оны баскаратын дінбасы адамы бар кауымдарға бөлінді. Жер жеке шаруашылықтар бойынша бөлінген болса да, формальды түрде ол қауымдық жер деп есептелді. Қауым ішінде жердің іс жүзінде бөлінуі туралы мәселеде патша өкіметі орындарының жұмысы бола қойған жоқ. Дүнген және ұйғыр қауымдары жаппай кепілдік принципі бойынша халықтан салық жинау үшін отаршылдық өкімет орындарының колындағы колайлы кұрал болды.
Үйге (түтінге) үлесті жер бөліп берумен катар жерді әрбір еркек адамның санына қарай бөліп беру де кең қолданылды. Бай кожайындардың нақтылы бар еркектерді ғана емес, тумаған балаларды еркек адам деп жазып жіберуі де аз болған жоқ. Сөйтіп, жер бөлісі кезінде-ақ оны пайдаланудағы теңсіздік қалыптасты; дүнгендер мен ұйғырлардың бай үй иелері үлесті
жердің едәуір бөлігін басып алды. Олар өзендер мен жаңадан қазылған каналдардың жағаларындағы жақсы жер учаскелерін өздері алып, кедейлерге сапасы нашар құнарсыз, өзендерден, жылғалар мен каналдардан шалғай жатқан жерлерді калдырды. Кедейлер озбырлыққа қарсылық білдіріп, жергілікті патша әкімшілігіне шағым беруге тырысқанымен, оның бәрінің де пайдасы болмады.
Қоныстанушылардың кедейленген бөлігі алғашқы кездерде өздеріне берілген үлесті жердін шағын учаскелерін ғана игере алды. Соның нәтижесінде қауымдар ішінде өзінше бір арендалық қатынастар қалыптасып, қауымның кедей мүшелері өздерінің үлесті жерлерін немесе олардың едәуір бөлігін қауымның әлді мүшелеріне беріп отырды, ал өздері «арендаторларға» күндікші жұмысшылар (мердігерлер) ретінде өнімнің бір бөлігін алатын болып жалданды. Бұл үлесті жерлер формальды жағы-нан өлі де бұрынғы иелерінің атында болып қалғанымен, іс жүзінде олар жаңа қожайындардың толық иелігіне көшетін.
Сөйтіп, кауымдардың жоғары бай топтары, дінбасылар және дүнген, ұйғыр қауымдарының селолық әкімшілігінің өкілдері кауымның көптеген мүшелерінің үлесті жерлерін өз қолдарына шоғырландырып, ірі жер иелеріне айналды. Мысалы, Жаркенттің кала халқы бөліс бойынша 734 үлесті жер алған еді, кеп ұзамай олардың 622-сі немесе 80%-ы ірі өсімқор бай Юлдашевтің қолы-на көшті. Ол қоныстанушылардың едәуір бөлігін өзіне бағындырып, орасан зор жер иелігін өз қолына шоғырландырып алды. Су белуді иелену оған жер иелену «құқығын» қамтамасыз етті, өйткені село қауымдарының көпшілігінде арық казатын каржылары болмады. Буржуазияға айналған бұл феодал өз әрекетгерінің көпшілігін мынадай принциппен жасады: үлесті жерлерге салы-натын алым-салықтың бәрін төлеуді ез мойнына алды, барлық арықтарға су жеткізіп беруге, ал кейбір жағдайларда арыктарды қазуға да міндетгенді. Ұйғырлар мен дүнгендердін, ең кедей бөлігі бұл қызметі үшін оған сепкен тұкымы өздерінікі болған жағдайда суармалы жерден жиналған өнімнің үштен бірін, ал Юлдашев тұқым берген жағдайда жартысын беругетиісті болды. Осындай шар-тгармен ол Аккете және Жаркент болыстарында овдаған арықказдырды, мұнын езі оған осы аудандағы кыстақгардың көпшілігінің бағынуын камтамасыз етгі. Уезде қамбалар салынып, Юлдашевке тәуедді қауым мүшелері өз өнімдерінін жартысын соларға апарып құйды. Қожайынның мүдделерін оның «көк басы» деп аталатын малайлары қалтжібермей корғады.
Егін жақсы шыккан жылдары Юлдашевтің қамбаларына 200 мың пұтка дейін астық қүйылып отырды, мұның дені тауарлы астық болатын-ды. Осы аудандағы астыққа осылайша монополия орнатуы оның астық бағасын үнемі, екінің бірінде бірден 20—25%-ға қымбаттатып отыруына мүмкіндік берді. Юлдашевпен арендалық қатынастармен байланысты болған қауым-дарда су бөлумен қауым мүшелерінен сайланып қойылатын мұраптар ай-налыспай, Юлдашевтің көк басылары айналысатын болды. Су бөлуді ез қолына қаратып алған Юлдашев наразы болғандардың қарсылықтарын тұншықтырып тастаудың іс жүзінде тағы бір күшті құралына ие болды.
Арық қаздырып, қауымдық жерлер үшін алым-салық телеп, қауым мүшелеріне қарасты учаскелер есебінен аренда келісімдерін жасап, өзін жарылқаушы етіп көрсетті. Ал іс жүзінде осы езіндік ерекшелігі бар арендалық катынастар тіпті алым-салықтарды төлеуге және суландыруға кіріс келтіріп отырды.
Шарын қыстағында Байсеміз деп аталып кеткен Хасанзе деген тағы бір дүнген байы болды. Оның өзі егін еккен жоқ, тек күріштік жерлерді өндеп, онан соң оларды жері жоқ жергілікті шаруаларға берді. Олар оған алынған сенімнің бестен бір бөлігін, ал тұқымды бай берсе, жартысын беруге тиісті болды. Юлдашев сияқты, олда үлесті жерлерді суландырып беру шартымен белгілі бір мерзімге арендаға алды. Бір топ ұйғыр 29 үлесті жерін оған 1898 жылдан бастап 10 жылға, жылына жалпы алғанда 200 сомнан ақы төлейтін етіп берді.
Ауқатты дүнгендер мен ұйғырлар қазақтардан, қоныстанған шаруалардан, сондай-ақ қазақ және кырғыз қоғамдарынан ақыны ақшалай немесе заттай төлейтін болып арендаға жер алып отырды. Қазақтар мен қырғыздардан егістік жерлерді көбінесе бүкіл дүнген немесе ұйғыр қауымы ұжымды түрде арендаға алатын еді. Жаркент уезіндегі ұйғыр кыстақтарында I қауым болып пайдаланылған егістік жер олардың үлесті жерлерініңмөлшерінен 1300 десятина асып түсті деуге болады. Асы-Қорам болысында егістік жердің 23%-ы қырғыздардан арендаға алынды, Малыбай болысындағы арендаға алынған жер 36,4% болды. Аренданың неғұрлым кең тараған формасы жарма-жарылық болды, ақшаға аренда алу аз еді.
Қауымдык жерлердің село байларының қолына шоғырлануына дүнгендер мен ұйғырлардың шет көсіпке кетуі де себепші болды. Алған үлесті жерлері құнарсыз болып, жұмыс көлігі мен ауыл шаруашылық құралда-ры болмаған кедейлер алым-салықтар (оброк, жер салығы және баскд-лар) төлеу жөніндегі жеңілдік берілген мерзім біткеннен кейін мүлдем күйзелді, ездерінің үлесті жерлерін жаппай тастап, қалаларға жалдама жұмысшы және ауыл шаруашылық батырактары болып табыс іздеп кетті. Бір Пішпек уезінің өзінде ғана ауыл шаруашылық жұмыстарында істейтін жалдама жұмысшылардың жалпы санының 27,3%-ы дүнген қауымдары-нан шыққан болды. Жаркент уезінің қоныстанған ұйғырларының 3527 шаруашылығының 1910 жылға карай 28,4%-ы табыс іздеп кетті.
Ауқатты дүнгендер мен ұйғырлар өз шаруашылықтарын рынок талаптарына бейімдеп, негізінен алғанда техникалық дақылдар екті. Жалдама еңбек қолданылды, шаруаларды қанаудың патриархаттық-феодалдықжәне капиталистік формалары ұштасып жатты. Ауыл шаруашылық дақылдарының алуан түрі егілуі себепті тіпті бір шаруашылықтың өз ішінде де ауыл шаруашылық жұмыстарының түріне қарай шаруаларды қанаудың әртүрлі формалары қолданылды.
Қанаудың жұмыспен өтеу түріндегі феодалдық әдістері сақталып қалды, мұндайда мысалы, жерсіз шаруалар өздері өңдеген мырзалар учаскесінен түскен өнімнің үштен бірін алатын болды. Ұйғырлар мен дүнгендер шаруашылығына тауар-ақша қатынастарының енуі қауымның мешеу, томаға-тұйық сипатын күйрете бастады. Шаруашылық жүргізудің мәні жағынан әр алуан формаларының араласып жатуы салдарынан үлесті жері бар батырақтар мен жарма-жарылық негізінде жер алған жерсіз және жері аз шаруалардың арасындағы айырманы анықтау екінің бірінде қиын болды.
Қоныстанушылардың кәсіптері. Дүнгендер мен ұйғырлар өздерімен бірге Жетісуға жасанды жолмен суландырылатын егіншіліктің әлдеқашан қалыптаскан дәстүрлерін әкелді. Мал шаруашылығымен басқа да көсіптердін екінші дәрежелі маңызы болды. Ұйғырлар кірістің 49,1%-ын егіншіліктен, 26,1%-ын басқа кәсіптерден, 15,5%-ын мал шаруашылығы-нан, 9,3%-ын кездейсок түсімдерден келтірді; дүнгендерде бұл 80,8; 5,9; 9,8; 3,5% болып бөлінді.
Дәнді дақылдар ішінде бидай басым болып, жердің жартысынан астамына бидай егілді. Бидайдан кейінгі орында арпа, тары, сұлы, күріш, майлы дақылдар (қыша, кекнәр, зығыр) болды. Дүнгендер 1888 жылдан бастап, Шу өзенінің оң жағасындағы арендаға алынған жерлер игеріліп, суландырылғаннан кейін күріш өсірумен біршама кең түрде айналыса бастады. Ұйғырларда күріш өсіру, дүнгендердегі сияқты, негізгі дақылға айналған жоқ. Олар негізінен бау өсіріп, огород және бақша салумен айналысты (халықтың шамамен алғанда үштен екісі). Дүнген шаруашылықтарының үштен екісінен астамында бау да болды. Олар шабдалы, алманын Жетісу үшін жаңа сорттарын, алмұрт пен қара ерік, жүзім өсірді.
Дүнгендер мен ұйғырлар баклажан, шалкан, қызыл бұрыш, фасоль, қияр, капуста, басты пияз, сәбіз, картоп, сарымсак, сондай-ақ қауын-қарбыз өсірді. Қоныстанған дүнгендердің шаруашылық тұрмысын зерттеген Г.Гинстін суреттеуіне қарағанда, олардың огородтары тікелей үйлерінің жанында болған, әрбір жүйек мұкият тазартылып, кішкене жүйемен суарылып отырған. «Кішкене бір шаршыға - пияз, екіншісіне -бұрыш, үшіншісіне — баклажан, төртіншісіне - картоп егілген, бесінші мен алтыншысына көң сіңіріліп, тыңаюға калдырылған, одан әрі маис жүйектері болады, содан соң жартылай суда өсетін күріштің үлкен төрт бұрышты атыздары жатады... Дүнгендердің бұл огородтары агрономдар-дың қоныстанушылар үшін жасайтын үлгілі егістігінен кем түспейді». Өнімдерді жақын мандағы калалар мен жәрмеңкелерде дүнген және ұйғыр шаруаларының өздері, сондай-ақ оларға келген алыпсатарлар еткізіп отырды.
Ұйғырлар сондай-ак, мақта өсірумен және ішінара жібек кұртын өсірумен де айналысты. Дүнгендер мен ұйғырлар май дайындау үшін зығыр мен күнжіт, қыша екті. Сонымен қатар дүнгендер негізінен ем құралы ретінде қолданылғ-ан апиын дайындау үшін көкнәр өсірумен де айналысты. Кейіннен темекі өсіріп, оны жергілікті рынокта тиімді етіп өткізе бастады.
Сөйтіп, ұйғыр-дүнген қоныстанушыларының шаруашылығына алуан түрлі дақылдар егу тән болды.
Дүнгендер мен ұйғырлар үшін мал шаруашылығының дербес көсіби маңызы болған жок, тек шаруашылықты жұмыс көлігімен камтамасыз ету мақсатымен ғана мал үсталды. Негізінен алғанда жылкы, сиыр және ішінара қой мен ешкі өсірілді. Дүнгендер мүйізді ірі кдраны жегін малы ретінде, ал ұйғырлар сауын малы ретінде үстады.
Дүнген және ұйғыр шаруаларының егіншілік техникасы мейлінше төмен деңгейде болды. Негізгі егіншілік құралы кайырмасыз ағаш соқа (сабан) еді, жер жырту тереңдігі сынық сүйемнен аспайтын. Егін кар суы жібітіп, айдалмаған жерге немесе егіс алдында арнайы суарып, жұмсартылған жерге егілетін, өйткені құрғақ жерге сабан жүрмейтін. Дүнген және ұйғыр егіншілерінің жерді қолмен өндеуі де жиі кездесетін, өйткені тамыры мықты арамшөптерді тек кетпенмен ғана құртуға бола-тын еді. Олар жерді ерте, әдетте наурызда, ең кеш дегенде сөуірдің аяғына қарай айдайтын.
Жер сүйретпемен тырмаланды, мұның өзі шыбықтардан тоқылған ағаш жақтау болатын, тырмалағанда салмақты болуы үшін оған адам мінгізіліп, не тас салынатын.
Егін ұйғырлардың ұзын сапты ерекше орағымен орылып, сирек те болса шалғымен шабылатын. Астық сол егістіктің өзінде бастырылатын: жіппен байланыстырылған бауларды бастыру үшін тас мала қолданылып, дөн күрекпен суырылатын.
Дүнгендер мен ұйғырлардың негізгі егіншілік жүйесі тыңайған жерлер болып кала берді, бұл жүйеде жердің бір бөлігі өңделетін де, екінші бөлегі тыңайтуға қалдырылатын. Әрбір жер учаскесін аз уақыт (2-3 жыл) пайдалану, тіпті тыңайтқыштар болмаған күннің өзінде де топырақты тез тоз-дыра коймайтын. Сондықтан тіпті әлсіз шаруашылықтар да бір жерге қатарынан екі жыл егін салмайтын; олар әр жылы үлесті жердің жаңа беліктеріне егін салып, үлесті жердің бәріне егін егіліп біткеннен кейін барып бұрын пайдаланылған учаскеге кайта келіп отырды. Мұның өзі біршама жоғары өнім алуға мүмкіндік берді. Жерді арендаға алып, егістің көптеген түрлерін егетін шаруашылықтар егіс айналымын дұрысқолдану жолымен топырактың кұнарлылығын сактау қамын ойламады. Олардың әркайсысы нақ сол кезде өзіне не тиімді болса, соны егіп, арендаға алынған учаскелерді тез тоздырып отырды. Болмашы жер учаскелері болып, оның бір бөлігіне ғана егін сала алатын ұйғыр-дүнген қоныстанушылары топырақтың құнарлылығын екінің бірінде тыңайткыштар қолданып, қолдан арттыруға тырысты. Алайда егістікті тыңайтуға әлді шаруашылықтардын ғана шамасы келетін еді.
Ұйғырлар мен дүнгендердің шаруашылықтұрмысында қолдан суары-латын егістің төлімі егістен орасан басым болғаны көрсете алады: ұйғыр-ларда суармалы жер 30 694 десятина (97,2%), тәлімі жер 882 десятина (2,8%) болды; дүнгендердетиісінше 11 025 десятина (71,5%) және 4386 десятина (28,5%) болды. Қауым мүшелері арасында суды бөлінген жер бойынша мұраптар бөліп отырды. Жетісуда қоныс аудару қоныстанушыларға да әсер етпей қойған жоқ. Егер бұрын ұйғырлар мен дүнгендер шаруашылығында ағаш сабандар мен басқа да добал құрал-саймандар қолданылып келсе, енді олар темір соқаларды, тырмаларды, сеялкаларды, т.б. пайдаланатын болды, жаңа ауыл шаруашылық дақылдарын: сұлы, темекі, картоп, помидор және басқаларын егуді игерді. Байырғы халықтар - қазақтар мен қырғыздардың әсерімен Дүнгендер мал шаруашлығымен айналыса бастады.
Ұйғырлар мен дүнгендердің тарихи тағдырлары Ресейдің бір бөлігі ретіндегі Қазақ өлкесі халықтарының тағдырымен тығыз астасып кетті


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет