Бекіту сұрақтары: 1.1867-1868 жж. Қазақстандағы патша үкіметінің реформаларының нәтижесі бойынша қазақ жері кімнің меншігіне айналды?
2.Әкімшілік және басқару жүйесінің қайта құруна байланысты билер сотының құзіретттілігі қандай болды?
3. Қоныс аудару және жер мәселесі «Уақытша ереже»?
4. Жетісуға ұйғырлар мен дүгендердің қайдан ауып келді?
5. Ұйғырлар мен дүгендер кәсіпщіліктің қандай түрімен айналысты?
Дәріс №13ХХғғ. басындағы Қазақстан
Негізгі ұғымдар: Мемлекеттік Дума, реквезиция, бұлік, ақпан буржуазиялық-демократиялық революция, Алаш партиясы, Үш жүз партиясы, мұсылмандар партиясы.
Мақсаты:Қазақстандағы ерекше саяси жағдайды атап көрсету. Жұмысшылар мен интелигенцияның ролін ашып саралау, мұсілмандар қозғалысының мақсаттарын
Көрнекілігі: электронды оқулық. Безендірілген Қазақстан тарихы. 3 бөлім. ХІХ-ХХ ғғ. Тоғысындағы Қазақстан.
Жоспар: 1. Соғыс қарсаңындағы саяси жағдай.
2.Қазақстан І-ші дүниежүзілік соғыс жылдарында.
3. 1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліс, оның себептері.
4.Ақпан буржуазиялық-демократиялық революция Ресей мен Қазақстанда.
1. Соғыс қарсаңындағы саяси жағдай.1914 жылы басталған бірінші дүниежүзілік соғыс Ресей халықтарына аса ауыр қасірет әкелді. Әлеуметтік және ұлттық езгі күшейді. Соғыс жылдарында жергілікті жерлердегі патша шенеуніктерінің озбырлығы мен зорлық-зомбылығы өлшеусіз өсті. Қазақтардан, бірінші кезекте Сырдария және Жетісу облыстарында жерлерін жаппай тартып алу жалғастырылды. Бір ғана Жетісу облысында соғыстың алғашқы 3 жылында 1800 мың десятина жақсы жайылымдар мен егістік алаптар тартып алынды, ал осы жерлердің нағыз қожайындары қазақтар шаруашылық жүргізуге онша жарамды емес, немесе мүлде жарамсыз шөл немесе шөлейт аудандарға күшпен көшірілді.
Соғыс орасан көп мөлшерде шикізатты, азық-түлікті, малды және басқа да материалдық құңдылықтарды жалмап жұтты. Шаңырақтарға жаңа әскери салық енгізілді. Соғыс басталған соң жергілікті халыққа салынатын салықтар 3-4 есе, ал жекелеген жағдайларда 15 есе өсірілді.
Егіс алаптарының қысқартылуы нәтижесінде ауыл шаруашылық өндірісі сұмдық құлдырап кетті.
1916 жылдың ортасына қарай патша өкіметінің қазақ халқынан тартып алған жерінің жалпы көлемі 45 миллион десятинаға теңелді.
Әлеуметтік және ұлттық езгінің күшеюі, соғыс кесапаты – халық бұқарасының қайыршылануы, қымбатшылық, ашаршылық еңбекшілердің жағдайына ауыр әсер етті және өлке халқының әр түрлі топтары тарапынан белсенді наразылық туғызды.
Соғыс жағдайларында “Қазақ” жалпы ұлттық газетінің төңірегіне біріккен қазақтың либерал-демократиялық зиялыларының жетекшілері - Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов және олардың жақтастары, сондай-ақ қазақ зиялыларынан шаруа-демократиялық бағытты жақтайтын М. Сералин, Б. Майлин, С. Дөнентаев және басқалар сынды “Айқап” журналының төңірегіне топтасқан өкілдері басылып шыққан сөз арқылы өздерінің халыққа ықпалын нығайтуға ұмтылды.
Саяси көзқарастары мен әрекеттеріндегі айырмашылықтарға қарамастан, қазақ зиялыларының жоғарыда аталған өкілдерінің көптеген туындыларының өзегі “Оян, қазақ!” ұраны болды. (осы атаумен 1909 жылы Міржақып Дулатовтың өлеңдер жинағы жарияланған еді.) Қазақ оқымыстылары өздерінің жан-жақты шығармашылығымен, жалпы демократиялық талаптар ұсынып және өз ойларын екінің бірінде мысқыл тілімен білдіре отырып, өлкеде отаршылдыққа қарсы саяси жағдайдың тамыр жаюына жәрдемдесті. Халық санасына ұлт-азаттық күресінің қажет екендігі идеясын сіңірді.