Бекіту сұрақтары. Қай жылы Революциялық комитет құрылды?
«Қырғыз (Қазақ) Автономиялық Кеңестік социалистік Республикасын құру туралы» жарлық қашан қабылданды?
Құрылтай съезінде орталық Атқару комитетінің төрағасы болып кім сайланды?
Дәріс №18Жаңа экономикалық саясат және индустрияландыру
Мақсаты: Қазақстандағы Жаңа экономикалық саясатқа өтудің алғышарттары, жер - су реформаларының нәтижелері жөнінде түсіндіру.
Соғыстан ейінгі бейбіт құрылысқа көшу.
ЖЭС, оның ҚР – ғы ерекшілігі.
Жер – су реформасы, оның нәтижелері.
Қазақстандағы индустрияландырудың ерешеліктері.
Индустрияландырудың нәтижелері мен қиыншылықтары.
Қазақстанда азамат соғысы аяқталғаннан кейін, экономикалық және әлеуметтік-саяси жағдай Ресейдің орталық аудандарымен салыстырғанда ауыр болды. Бейбіт құрылысқа көшудің барысында шаруашылық және саяси қиындықтары мұнда бұрынғы феодалдық дәуірден мұра болып келген экономикалық және мәдени артта қалушылықпен байланысты еді.
1920 жылдың аяғында Қазақстанда 4,7 миллион адам тұрды. Оның ішінде қазақтары - 50,3, орыстары - 31,1, украиндары - 14,4 пайыз. Халықтың басым көпшілігі ауыл шаруашылығында еңбек етті. Ал ауыл шаруашылығы мешеу жете дамымаған еді. Егіншілікте жерді біраз тыңайтып алып қайта жырту жүйесі, мал шарушылығында көшпелі және жартылай көшпелі шараушылық басым болатын. Егістің көлемі азамат соғысы жылдарында едәуір кеміп, астықтың жалпы көлемі мен түсімі үш есеге жуық азайды. Егер егістік көлемі 1914 ж. 3,6 млн. десятина болса 1922 ж. 1,6 млн. десятинаға қыскарды. Мал шаруашылығы да ауыр халге ұшырады. 1914 жылдан 1922 жылдың аяғына дейін ірі қара мал саны 2,1 млн-ға, жылқы - 2 млн-ға, Қой ешкі 6,5 млн-дай, түйе - 0,3 млн-ға азайды. Жалпы алғанда осы жылдары барлық мал түрі 10,8 млн. басқа кеміді.
Жеті жылға созылған соғыста (бірінші дүниежүзілік және азамат соғысы) жүздеген мың адам қырылды. Кейбір уездерде аштық басталды. Кеңес елінің басқа да аудандары сияқты Қазақстанда да азық-түлік салғырты жүргізілді. Ол бойыпша шаруалардың күн керісінеп артылған азық-түлік әскер мен ондіріс орындарындағы жұмысшыларды асырау үшін ешбір өтеусіз алынды. Бұл жағдай шаруалардың табиғи наразылығын туғызды, Әсіресе, ауқатты шаруалар қатты наразы болды. Өйткені олардан азық-түлік неғұрлым көп және қайырымсыз қатал әдістермен жиналды. Мұның өзі Қостанай, Орал, Семей, Шымкент уездерінде шаруалардың Кеңес өкіметіне қарсы шығуына әкелді.
Мұндай наразылықтың күшеюі Кеңес өкіметін салғырттан, яғни «әскери коммунизм» саясатынаы / салғырт кейде солай аталатын / бас тартуға, жаңа экономикалық саясатқа көшуге, салғыртты салықпен ауыстыруға мәжбүр етті.
Қазакстанда жана экономикалық саясатты /НЭП-ті/ іске асыру 1921 жылғы Қазақ АКСР Орталық Атқару комитетінің азық-түлік салығына көшу туралы шешімі негізінде жүргізілді. Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда аз болды. Мәселен, 1920 жылы Жетісу және Сырдария облыстарында астық салғырты бойынша 10,4 млн. пұт астық жиналса, 1921 жылы салық арқылы шаруалардан жиналған астық 6,0 миллион пұттан асқан жоқ. Шаруалардан алынатын ауыл шаруашылығы өнімдеріпің мөлшерін салықпен шектеу ауыл-селолардың қалалармен байланысын нығайтуға жол ашты. Шаруалар басы артық өнімдерін қалаларға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік алды.
Алайда, жаңа экономнкалық саясатты іске асыру барысында көптеген қиыншылықтар да кездссті. Атап айтқанда, 1921 жылы жазда Еділ озені бойының, Солтүстік және Батыс Қазақстанның халықтары күшті қуаншылық болуына байланысты аштыққа ұшырады. Орал, Орынбор, Ақтөбе, Бөкей және Қостанай губернияларында егістің көбі күйіп кетті. Малға азық болмай, қырыла бастады. Ауыл шаруашылығында болған апаттың аяғы сұмдық аштыққа апарып соқты. Сол кездегі мәліметтерге карағанда республикада 2,3 млн. адам ашыққан. Осы қиын-қыстау кезендерде Қазақстан еңбекшілеріне Ресей халқы елеулі көмек көрсетті. 1921 жылы күзде және 1922 жылы көктемде РКФСР үкіметі толық емес есеп бойынша Қазақстанға 4475 мың пұт астық, 183 мың пұт картоп жіберді. Түркістан мен Украина республикалары да Қазақстанға елеулі көмек жасады. Жұт пен қуаңшылықтан зардап шеккеп кедей шаруашылықтарға ондаған мың ірі қара мал, 5 млн. пұттан астам тұқымдық дән берілді. Бұл дән 1921-1922 жж. бір милллион гектардан астам күздік және жаздық егістікке себілді. Алайда Қазақ Республикасы халық шаруашылығының жағдайы өте ауыр болып қала берді.
20-шы жылдардың басындағы жер реформаларының ерекше маңызды рөлі болды. Мұның өзі жер мәселесіндегі патша өкіметінің отаршылдық саясатының зардаптарып жою бағытында іске асырылған шаралар еді. Патша өкіметі алған жерлер қазақ еңбекшілеріне қайтарылып берілді.
1921 жылы ақпан айында жер-су реформасы Түркістанның көптеген аудандарында, оның ішінде Алматы, Қапал, Шымкент, Әулиеата уездерінде жүргізілді. Жайық өзенінің сол жағалауының бөлігі межелеп бөлінді. Қазақ шаруалары бұрынғы жайылымдарын алды.
Ауылда әлеуметтік өзгерістер мен жер-су реформаларын жүзнеге асыру үшін бұқаралық ұйым Қосшы одақтары құрылды. Оның жарғысым кедейлердің таптық сана-сезімін арттыру, олардың мүдделерін қорғау және Кеңес өкіметіне көмектесу сияқты мақсаттарды іске асыруды көздеді. Қосшы одақтарын құруда және оның практикалық қызметінде, сондай-ақ Оңтүстікте жер-су реформаларын жүргізуде Ж. Бөрібаев, О. Жандосов, А. Розыбакиев, т. б. қоғам қайраткерлер көрнекті қызмет атқарды. 1921 жылғы наурызда Жетісуда 17 мыңнан астам мүшесі бар Қосшы одағынын 99 ұясы жұмыс істеді.
Қазақстанның ауыл шарушылығында елеулі өзгерістер жүрді. Бірыңғай ауыл шаруашылық салығы енгізіліп, оның жалпы көлемі 100 млн. сомға төмендетілді 1925 жылы 46 мың кедей және ол-ауқаты кем шаруашылықтар мал және құрал-сайман алуға, жер жырту мен егіс егуге мемлекеттен қарыз алды.
1925 жылы мал басы 1922 жылмен салыстырғанда екі есе көбейіп, 26 миллионнан асты. Осы шаралардың нәтижесінде республиканың ауыл шаруашылығында орташаландыру процесі бой көрсете бастады.
Тұтас алғанда Республика бойынша 1925 жылы қазанда ауыл шаруашылық кооперациясының жүйесінде 322 690 мүшесі бар 2811 бірлестіктері жұмыс істеді, олардың ішінде 62546 мүшссі бар бір мың қазақ бірлсстіктері де бар еді. Сонымен қатар қазақ және қоныс аударып келген шаруашылықтардың төрттен бірінен көбі (27,1 пайыз) бірлестіктерге қамтылды. Бірлестіктер катарына 96 коммуна, 557 артель, 58 жай серіктестіктер кірді. Тұтыну кооперациясы көшпелі ауылда кенінен дамыды. Олардан басқа республикада 35 совхоз және 4 мыңнан астам шаруалар комитеттерінің өзара көмек қоғамдары жұмыс істеді.
Жаңа экономикалық саясатты іске асыру барысында Қазақстанда өнеркәсіпті қалпына келтіріп, өркендету ісі өріс алды. Мұнан, тұз өндіру ісі жолға койылып, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері қалпына келтірілді. Бұл кезде өлкедегі транспортқа айрықша көңіл бөлінді. Өйткені көлік қатынасын жолға қоймайынша жана экономикалық саясаттың басты міндеттсрін жүзеге асыру мүмкін емес еді. Осымен байланысты жаңа темір жол құрылыстары жүргізілді. Петропавл – Көкшетау темір жолы іске қосылды. Сондай-ақ Оңтүстік-Сібір магистралының Ақмола - Қарағанды - Павлодар тармағы салыпды. Жетісуда темір жол салу тездетілді. Орынбор - Ташкснт және Сібір темір жолдарында жүк айналымы өсті, оның материалдық-техникалық базасын нығайтуда бірқатар шаралар жүзеге асырылды. Атап айтқанда, жол қатынасы халық комиссариаты тарапынан едәуір мөлшерде паровоз және вагон отын, әр түрлі материалдар бөлінді, транспорт шаруашылығының жоғары маман теміржол басшылары жіберілді.
Қазақстанда халық шарашылығын қалпына келтіру аяқталғаннан кейін елді индустрияландыру бағыты іске аса бастады. Индустрияландыру өндіріс құрал-жабдықтарын жасайтын, халық тұтынатын тауарларды шығаратын зауыт, фабрикаларды салумен тығыз байланысты болды. Мұндай кәсіпорындар бұрынғы КСРО-нын шығыс аудандарында, оның ішінде Қазақстанда көптеп бой көтерді. Олардың салынуы артта қалған шет аймақтарды өндірісі, өнеркәсібі дамыған орталық аудандармен теңестіру ұранымен жүргізілді.
Ф.И. Голощекин республикада индустрияландыру идеясына қолдай отырып, Қазақстанда ауыр өнеркәсіп салаларының орнына, ауыл шаруашылығымен байланысты ұсақ және орта кәсіпорындарды дамыту жоспарын ұсынды. Голощекиндік индустрияландырудың мәнін тез арада түсінген қазақтың алдыңғы қатарлы интеллигенция өкілдері оған үзілді - кесілді қарсы шықты. Смағұл Сәдуақасов Голощекин идеясына ашық қарсы шығып, республикада шикізат байлықтарын қайта өңдеп шығаратын кәсіпорындар салу талаптарын қойды. Алайда, Қазақстан жетекші кадрларының ақылға қонатын, дұрыс қойған саясатын Голощекин жергілікті ұлтшылдықтың белгісі деп бағалады, оларды енді қуғынға сала бастады.
Қазақстанда өндіріс күштерін өрге бастыруды, табиғат байлықтарын игеруді тездетуде Түркістан-Сібір темір жолының маңызы зор еді. 1927 жылдан басталған бұл құрылысқа мемлекет тарапынан 200 млн. сом қаржы жұмсалып, тез аяқталу үшін істелген шаралардың нәтижесінде ол мерізімінен 17 ай бұрын 1930 жылы 25 сәуірде іске қосылды. Оиың құрылысын жүргізуге бұл тұста РКСФР Халкомы төрағасының орынбасары Т. Рысқұлов, темір жол инженсрі М. Тынышбаев, т. б. елеулі үлес қосты.
Индустрияландыру барысында Қазақстан индустриялды аграрлы елге айналды. Өнеркәсіп өнімінің халық шаруашылығындағы үлес салмағы 60 пайыздан асты. Қазақстан өнеркәсібін өркендетуге 1928-1940 жылдары 4,6 миллиард сом күрделі қаржы жұмсалды.
1940 жылы Қазақстанда өндірісте істейтін жұмысшы табының жалпы саны 350 мыңға жетті. Оның жартысына жуығы қазақ жұмысшылары еді. Республикада көптеген инженер-техник кадрлары даярланып, олардың саны 11 мыңнан асты.
Индустрияландыру барысында өндірісте екпінділер, еңбек озаттары, шаруашылық есеп бригадалары, стахановшылар қозғалысы өріс алды. Индустрияландыру бұрын артта қалған Қазақстан сияқты ұлт аймақтарының тез дамуына, сөз жоқ игі әсерін тигізді.
Қазақстанның индустриялық дамуының жоғарғы қарқында жүргізілуі Ресейдің, Украинаның және Кеңес Одағының басқа өнеркәсібі дамыған республикаларының жан-жақты көмегінің арқасында ғана мүмкін болды. Бұл көмек барынша кеңінен және сан алуан түрде жүргізілді.
Индустрияландыру Қазақстанда әміршіл - әкімшіл жүйенің барынша қалыптасуы, орталықтануы, жазалау аппараттарының күш алуы жағдайында жүргізілді.
Индустрияландыруды жүргізу үшін қаражат жинаудың негізгі қоры ауыл – село адамдарының, шарауалардың адал еңбегінің жемісі мен дәулеті арқасында қалыптасты.