Бекіту сұрақтары: ЖЭС –тің экономикалық және саяси алғышарттары.
ЖЭС-ті жүзеге асырудағы қандай кемшіліктері мен жетістіктері бар?
ер - су реформаларының нәтижелері қандай балды?
Индустрияландырудың мәні неде?
Бұл жылдары қандай өндірістер мен өнеркәсіптер салынды?
Индустрияландырудың Қазақстан жағдайында маңыздылығы қандай?
Дәріс №19 Қазақстандағы саяси өзгерістер.
1. Қоғамдық саяси жағдай.
2. Ұлттық мәселенің шиеленісуі.
3. Қазақстандағы тіл мәселесі.
Өлкенің қоғамдық-саяси өмірінде Қазақстан облыстық бірінші партия конференциясы (1921 ж.маусым) көрнекті орын алды. Ол экономиканың аса маңызды мәселесімен бірге қоғамдық-саяси өмірдің мына проблемаларын талқылады: ұлт мәселесі, партия және кеңес құрылысының кезектегі міндеттері және басқалар.
20 жж. Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде шаруалардың бұқаралық ұйымдары: қосшылар (кедей, жарлы) одағы, шаруалардың бұқаралық өзара көмек комитеттері (шарком) және оған біріккен ауылшаруашылық және орман жұмысшыларының одағы (жұмжерорман) маңызды орын алды. Бұл ұйымдардың бәрі, ең алдымен қосшылар одағы бір жағынан Кеңес өкіметі мен Коммунистік партияның, екінші жағынан миллиондаған шаруалар бұқарасының арасындағы байланыстырушы буын болып табылды. Жаңа эконолмикалық саясатқа көшу жағдайында олар азамат соғысы жылдарындағы «әскери коммунизм» саясатының қыспағынан кейін дамократияны өрістетудің куәсі болды және адамның жасампаздық мүмкіндігін арттыру негізінде қалың еңбекшілер бұқарасын жаңа қоғамды құру міндеттерін шешуге тарту идеясын ойдағыдай жүзеге асырудың көрсеткіші болды.
Қазақстанның 20-жж қоғамдық-саяси өмірінің қайғылы ерекшелігі мынада болды: осы кезден бастап сталинизмнің идеологиялық аппараты халықтардың тарихи зердесін жоюға, бұл зерденің иелері ұлттық интеллигенцияның көрнекті өкілдерін қыруға бағытталған кең көлемді шаралар жүргізе бастады.
Сөйтіп, 20-жж. соңы мен 30-жж. тоталитарлық жүйе қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласында бекіді.
КОКП-ның бүлінуі оның әлеуметтік-экономикалық саясаттағы қателері ұлттық қатынасқа әсерін тигізбей қойған жоқ. Брежневтік басшылық оларды мүлтіксіз әрі ешқандай проблема жоқ деп санады. Ұлт мәселесін шешудегі табыстарды асыра бағалау кемелденген социализм концепциясынан туындады. Нақ осы дәуірде ұлт мәселелері жүйесінде проблемалар шешілуінен гөрі шапшаңырақ қордаланды.
Қаралып отырған дәуірде интернационализм түсінігі жаттанды идеологиялық құрсауда болатын. Ұлттық проблеманың бәрін тек интернационалдық тәрбиені жақсарту арқылы ғана шешуге болады деп пайымдады. Бұл бағыттағы тәрбие нақты өмірден алшақ жүргізілді, интернационализм идеяларын насихаттаумен шектелді. Осы мағынада алғанда интернационалдық тәрбие ұлттық саясаттың орнына жүрді немесе бүтіндей оны ауыстырды.
Интернационализмді дұрыс түсінбеу Қазақстанда тіл саясатында тек ұлтаралық қатынас тілін ғана қолдап, ал ұлт тілі туралы үндемей қалуға әкеп соқтырды. Республикада кеңінен насихатталған қос тілділік оның екеуіне бірдей қараған жоқ. Орыс тілін республикада қазақтардың 60 проц. менгерсе, қазақ тілін орыстардың 1 проц. де азы меңгерді. Қазақ тілі оның толыққанды өмір сүруіне қажетті 50 әлеуметтік міндеттің 10-ын ғана атқарды. Ол тек тұрмыстық саламен шектеліп, іс жүргізуде, мемлекеттік, дипломатиялық, әскери өмірде, жоғары мектептерде қолданылмады. Кітаптың 95 проц.орыс тілінде басылды, теледидар хабарларының 70 проц.эфирге орыс тілінде шықты. Мұның үстіне мынаны айту қажет: қалалардың, елді мекендердің, колхоздардың, совхоздардың, көлдердің, өзеңдердің, таулардың аттары орыс тілінің позициясын нығайтуға қызмет етті. Бұрынғы КСРО-дағы империялық тіл саясаты ең алдымен орыс тілін білмейтін адамдардың әлеуметтік өсу мүмкіндіктерін шұғыл тарылта беру мақсатын көздеді.