Қазақтан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет9/83
Дата25.11.2023
өлшемі1,27 Mb.
#128105
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   83
Ақ көңілділік 
Ерекше қасиеттері:
Адамдарға деген позитивті қатынас, өзге адамдар жанында болу қажеттілігі. Әдетте, 
бұл қайырымды, жауапты адамдар, олар өзгелерді жақсы түсінеді, өздерін басқалардың 
аман-саулығына жауапты сезінеді, өзгелердің кемшіліктеріне түсінікпен қарай алады.
Мұндай адамдар ұжымдық іс-шараларды қолдап, ортақ іске жауапкершілікпен 
қарайды, өз міндеттеріне алған істі адал әрі жауапты орындайды. Өзгелермен қарым-
қатынаста бұл адамдар қайшылықтардан қашады және бәселестікті ұнатпайды; 
бақталастықтан гөрі ынтымақтастықты артық көреді. Топта мұндай адамдар сыйлы болады.
Оғаштық 
Ерекше қасиеттері:
Тәуелсіз және дербес болуға ұмтылыс. Мұндай адамдар қарым-қатынаста ара 
қашықтықты сақтауға тырысады және өздерінің жекеше көзқарасын ұстанады. Олар 
қоғамдық істерден қашады және өз міндеттері мен уәдесіне ұқыпсыз болады.
Бұл фактордағы адамдар өзгелерге суыққандылық танытып, сөйлескен адамдарын 
түсінбеуі мүмкін. Оларды алдымен өздерінің жеке басты мәселелері алаңдатады. Олар 
бәсекеде өз мүдделерін өзгелердікінен биік қойып, қорғап қала алады.
Мұндай адамдар, әдетте, әр істің кемеліне жетуге тырысады. Өз мақсатына жету үшін 
олар барлық жолдарды пайдаланады. Мұндай сипаттағы адамдар басшылыққа сирек 
демократиялық жолмен жетеді.
Адалдық 
Ерекше қасиеттері:
Іс-әректті ерікті басқару; ұқыптылық, жауапкершілік, міндеттілік, нақтылық пен 
мұқияттылық секілді қасиеттер тән. Мұндай адамдар тәртіп пен жайлылықты ұнатады, істе 
табандылық танытып, биік жетістіктерге жетеді.
Олар моральдық принциптерді ұстанады, қоғамда қабылданған іс-әрекет тәртібі мен 
нормаларын бұзбайды, тіпті ол нормалар бос формальдылық болып көрінсе де.


11 
Жоғары ұқыптылық пен саналық өзін-өзі жақсы басқару мен жалпы адамзаттық 
құндылықтарды бекітуге ұмтылыспен жақсы үйлеседі. Мұндай адамдар өздерін сезімдеріне 
толық ерік беретіндей еркін сезіне алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет