ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет46/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   153


 

Хан қызын шақырып, атқа мінгізіп, қызына жақса бұл атты алатынын айтады. Қыз атқа мініп, жорғалата 

жөнелгенде ат алып қашып кетеді. Оны бүкіл ел болып қуып ұстай алмайды. Осы кезде хан: «Бұл ғарып 

кемпірдің ұлы болды. Түрленбайдың түрленуін үйреніп келіп, өнерін асырып, қызымды алған екен» деп 

ойлайды да, уәзірлерін жинап алып: 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              304 bet 

— Сөзімнен қайта алмаймын. Қызымды осы балаға қосып, тойын жасаймын,— дейді. Бұған уәзірлері де 

мақұл болады. 

 

Сөйтіп, хан дүйім елді шақырып, той жасайды. Отыз күн ойын, қырық күн тойын өткізіп, қызын өнерлі 



балаға қосады. Зерделі бала өнерімен осылайша мұратына жеткен екен. 

 

211 - Бөлім: АҚЫЛ КҮШІ 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1908 

 

 



Ертеде  кісікиік  деген,  жыртқыш  киіктер  болыпты.  Ол  киіктер  аң  аулап,  шыққан  адамдарды  иығымен 

соғып  өлтіре  береді  екен.  Киік  аулаған  адамдардың  көбі  сол  кісікиіктерден  қорқып,  аң  аулауға  сирек 

шығады екен. 

 

Бір күні бір кедей кісі баласына: 



—       Екеуміз аң аулауға шықсақ қайтеді?— дейді. Сонда баласы: 

—       Әке, бізді кісікиік өлтіріп тастамай ма?— деп сұрайды. 

—       Жоқ, балам. Мен бір амал ойлап тауып отырмын. Осы жолы кісікиіктен аман кұтылып кетеміз,— 

деп, әкесі аңға баласын ертіп шығады. Олар көп аң атып алады. Содан күн кешкіріп, қараңғылық түсе 

бастайды. 

Әкесі: 


—       Балам, сен мына жерге отын жинап қой,— дейді. 

 

Үстеріне кигендері қой терісінен тігілген тон мен шалбар екен. 



 

Әкесі атып алған бір анның майлы жерінен кесіп алып, әлгі тықыр тонның үстіне жағады, баласына да 

соны істетеді. 

 

Мұны көріп отырған кісікиіктер де бұлардың істегенін істегісі келіп, ымдап сұрайды. Майдың сырына 



түсінбеген кісікиіктер майды алады да, үстілеріне жағады. Сол кезде аңшы әлгі тонның үстіне от қойған 

құсайды.  Ал  тақыр  тон  мен  шалбар  жанбайды.  Кісікиіктер  де  денелеріне  май  жағып  болып,  отқа 

жақындайды. Бір кезде майлы денелеріне от тиіп, жана бастайды. Енді олар отты сөндірмек болып, біріне-

бірі сүйкеніседі. От одан сайын қаулап, бәрі бірдей өртеніп өледі. 

 

Сөйтіп, аңшы кісікиіктен аман қалады. 



 

212 - Бөлім: ШАЛ МЕН КЕМПІР 

http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1909 

 

 



Бір шал мен кемпірдің күйеуге шықпаған үш қызы бар екен. Бір күні шал кемпіріне айтады: 

 

— Біз қартайдық, бұларды асырай алмаймыз, өздері жан бақсын тастап қашып кетейік. 



 

Сөйтіп, қыздардың үшеуіне үш шелек беріп, су алып келуге жібереді. Шелектердің түбі тесік екен, қыздар 

күні бойына шелекті толтырып су ала алмай әуре болады. Кеш бата үйге қайтып келсе, әке-шешесі жоқ. 

Сонда үлкен қыз айтады: 

 

— Шешем мені жақсы көрмейді екен, маған басымды тарап жүретін тарақ тастамапты. 



 

Ортаншы қыз айтады: 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              305 bet 

 

—        Шешем мені жақсы көрмейді екен, маған айна қалдырмапты. 



 

Кіші қыз айтады: 

 

—        Апам мені жақсы көрмейді екен, маған нан тастап кетпепті. 



 

Бір қыз барып дуалды қараса, үш нан тұр екен. Үшеуі нанды 

 

жеп алып, беттері ауған жаққа жүре береді. 



 

Айдалада келе жатқан қыздардың алдынан хан жолығады. 

 

—        Қайда бара жатырсындар?— деп сұрайды хан. 



 

—                Бізді  қартайған  әке-шешеміз  тастап  қашып  кетті.  Енді  өз  бетімізбен  күн  көру  үшін  келе 

жатырмыз,— дейді қыздар. Хан тағы сұрайды: 

 

—        Қандай өнерлерің бар? 



 

—        Мен ат аяғын көтергенше,— дейді үлкен қыз,— тақия тігіп бітіремін. 

 

—        Мен ат аяғын көтергенше шапан тігіп үлгеремін,— дейді ортаншы қыз. Сонда кіші қыз: 



 

—        Мен басы алтын, аяғы күміс ұл табамын,— дейді. 

 

Хан  бұл  қыздарды  үйіне  алып  барады.  Содан  кейін  кіші  қызға  үйленеді.  Ханның  бұл  қеліншегі  жүкті 



болып, ай-күні толған соң ұл табады. Баланың басы алтын, бөксесі күміс болады. Ханның басқа әйелдері 

күндеп, қатынның баласын алып, орнына жаңа туған иттің күшігін салып қояды да, баланы суға тастап 

жібереді. Содан кейін күндес қатындар ханға: 

 

—        Сенің өліп-өшіп жүретін сүйікті қатының күшік тапты,— дейді табалап. Хан ашуланып: 



 

—               Қатынды күшігімен  құдыққа  тастандар,—  деп  бұйырады  нөкерлеріне.  Олар  әйелді  күшігімен 

құдыққа тастап жібереді. 

 

Қатын құдықтың ішінде егіліп жылап отырғанда бір қарт келіп: 



 

—        Ей, ханның қосағы, жылама, шық құдықтан!— дейді. Қатын айтады: 

 

—        Қайтып шығамын бұл шыңыраудан? 



 

Сонда  қарт  арқан  тастап  суырып  алады.  Иесіз  бір  қуысқа  орналастырады.  Күн  сайын  тамақ  әкеліп, 

қатынды асырайды... Бірнеше жыл өтеді. Бірде шал келіп: 

 

—        Осы жерде отыр, бүгін ауылдан асық ойнауға он бала келеді. Он баланың артынан бір бала жеке 



келеді. Сол сенің балаң,— дейді. 

 

Түс болғанда ауылдан он бала, олардың соңынан жеке бір бала келді. Қатын тұрып барып, әлгі баланы 



құшақтап сүйіп жылай бастайды. Бала: 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              306 bet 

—        Сенің балаңның қандай белгісі бар еді?— деп сұрайды. 

 

—        Менің баламның басы алтын, аяқ жағы күміс еді,— дейді қатын. Соны айтқанда бала басы мен 



аяғын көрсетеді. Расында баланың басы алтын, аяқ жағы күміс екен. 

 

Сонда шал: 



 

—        Табыстындар ғой, енді қош, сау болындар,— дейді де, ғайып болады. 

 

Қатын  баласын  ертіп,  баяғы  ханның  үйіне  барады.  Бұларды  ешкім  танымайды.  Қатын  от  жағуға 



жалданады. Баласына айтады: 

 

—        Сен ханның қасына барып отыр — деп. Бала ханның қасына барайын десе, хан ұрсып қуып жібереді. 



Сонда малай қатын айтады: 

 

—        О тақсыр хан, ол бала сенің қасында отыруға тиіс. Не үшін десең, ол менің балам емес, ханның 



баласы. Оның басы — алтын, аяқ жағы — күміс. 

 

Хан сол жерде баланың басын аштырып, шалбарын шештіріп қарайды. Баланың алтын басы мен күміс 



бөксесін көреді. Есікте отырған қатынды хан қасына шақырады. Әйел басынан кешкен оқиғаны айтып 

береді.  Хан  төбесі  көкке  жеткендей  қуанады.  Ел-  жұртын  жинап,  отыз  күн  ойын,  кырык  күн  тойын 

жасайды. Кіші қатынды қайтадан некелеп алады... Осылайша мұраттарына жетеді. 

 

213 - Бөлім: ЗЕРДЕЛІ 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1910 

 

 



Зерделі дейтін шешен, білгір адам болыпты. Бір күні Зерделі бір топ жолдасымен жиһан кезіп келе жатады 

да, бір карияға кездеседі. Сәлемдесіп, жөн сұрасқаннан кейін қария Зерделіден: 

 

— Әкең Қазақбайды білуші едім. Үш түрлі бала туады: біреуі әкесінен өте туады, біреуі жете туады, енді 



біреуі кері кете туады. Сен қайсысы болдың?— деп сұрайды. 

 

—        Ата,— дейді Зерделі,— өте туған бала боларымды алдағы өнерім көрсетер, кері кете тудым десем, 



сізге де, сіздің алдыңызда мына жолдастарыма да өкінішті реніш болар. Әзірше, өз ойым, жете тудым ғой 

деп ойлаймын. 

 

Сонда қария тағы бір сұрақ береді: 



 

—        Балам, өтірік пен шындықтың арасын өлшедің бе? 

 

—        Өлшедім, өтірік пен шындықтың арасы төрт-ақ елі екен,— деп, Зерделі оқ колының төрт саусағымен 



көз бен құлақтың арасын басады. 

 

—        Балам, ақыл кімнен, асыл неден шығады? Қанат неден, жанат неден, санат неден, ағат неден шығады? 



Оны білдің бе? 

 

—        Білдім ата. Ақыл жастан, асыл тастан шығады. Тату болса ағайын бірі — құйрық, бірі — жал, қанат 



содан шығады. Қой терісін қорлама, жанат содан шығады. Халқы үшін қарттар қам жесе, са- нат содан 

шығады. Өнерсіз болса бозбала — ағат содан шығады,— дейді Зерделі. Қария оған разы болып, аттан 

түсіп, дәм татуға шақырады. Қымыз ішіп отырып Зерделі: 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              307 bet 

 

—        Ата, екеуіңіз қалай?— деп сұрайды. Шал айтады: 



 

—        Екеуім үшеу болды. 

 

—        Алысыңызбен қалайсыз? Жақыныңызбен қалайсыз? 



 

—        Жақыныммен жауша жағаласып, жамандарша найзаласамын. Алысым араздасты. 

 

—        Тәттіңізбен қалайсыз? 



 

—        Балам-ай, тәттінің де дәмі азая бастады ғой, - дейді карт. 

 

—        Несиеңіз тие ме, ата?— деп сүрайды Зерделі. Сонда қария: 



 

—        Жасымда берген несием, қартайғандағы несібем екен. Үй тігіп, қымыз сапырып отырғаным соның 

арқасы,— дейді. 

 

Қариямен қош айтысып, атқа қонған соң, былай шыға Зерделінің жолдастары: 



 

—        Қариямен екеуіңнің соңғы сөздеріңді біз ұқпадық, соны түсіндірші,— деп өтінеді. Зерделі сөздің 

шешуін айтады: 

 

—        Екеуіңіз қалай дегенім — екі аяғыңыз қалай, өздігіңізден жүре аласыз ба дегенім еді. Қария екі 



аяққа бір таяқ қосылып, үшеу болды деді. Алысыңызбен қалайсыз дегенім — алыстағыны көре аласыз ба 

дегенім  еді.  Қария  алысты  көрмейтін  болдым  деді.  Жақыныңызбен  қалайсыз  дегенім  —  тамақ  ішіп-

жеуіңіз қалай дегенім еді. Қария әр жерде бірден ғана тісім қалды, сонымен арпалысып күн көрем деді. 

Тәттіңізбен  қалайсыз  дегенім  —  ұйқыңыз  қалай  дегенім  еді.  Қария  ұйқым  азайды  деп  жауап  берді. 

Несиеңіз  тие  ме  дегенім  —  балаларыңыз  күте  ме,  оларды  сіз  бағып-қағып  өсіріп  едіңіз,  енді  олар  сол 

еңбегіңізді өтей ме дегенім еді. Қария дұрыс тәрбиелеп, жақсы өсірген бала адамға қартайғанда бақыт 

екен. Балаларымның қызығын көріп отырмын деді. 

 

Зерделінің жолдастары бұған өте разы болады да: 



 

—        Сен бізбен құрдассың, екі жастың біріне келмей жатып, қариядан асыра білімділік көрсеткеніңе 

таң қаламыз,— деседі. Сонда Зерделі: 

 

—        Мен жас болғаныммен әкем Қазекең көп жасады ғой,— дейді. 



 

214 - Бөлім: ҚЫЗҒАНШАҚ 

http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1911 

 

 



Не болса соны қызғана беретін кісінің үйіне бір жолаушы келіп қоныпты. Қызғаншақ жолаушыдан көз 

айырмай қарап: «не қылып жүрген адам» деген оймен, таң атып, жолаушы аттанып кеткенше аңдумен 

болады. 

 

Кетер  кезінде  жолаушы  жөтеліп  қалған  екен,  қызғаншақтың  әйелі  де  жөтеледі.  Сол  арада  жолаушы 



түшкірген екен, әйел де түшкіріп жіберіпті. Жолаушы аттанып кеткен соң қызғаншақ: 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              308 bet 

—  Е,  сенің  бұл  жолаушымен  бір  шатысың  бар  екен  ғой,  әйтпесе  тегіннен  тегін  ол  жөтелсе-жөтеліп, 

түшкірсе-түшкіріп несі бар еді. Бұл жұмбақтасқаны жәй емес. Бұл қорлыққа көнгенше қаңғып кетейін,— 

деп, әйелін тастайды да, қаңғырған бойы бір елге барып қонады. 

 

Жолда  тұмау  тиген  екен,  қонып  отырған  үйінде  жөтеліп қалғанда,  бұл  үйдің  әйелі  де  жөтеліпті.  Одан 



кейін түшкіріп жібергенде, әдейі андып отырғандай әйел де түшкіреді. 

 

«Бұл қалай?» деп, танданған қызғаншақ байқап отырса, өзі сықылды әйел де тұмауратып жүр екен. Сонда 



барып,  сол  күні  әйелінің  тұмауратып  жүргені  есіне  түседі  де:  «Мен  әйелімді  бостан  бос  қызғанған 

екенмін»  деген  ақыл  есіне  кіріп,  әйеліне  қайта  оралыпты.  Сөйтіп,  қызғаншақтық  қылығын  қоюға  ант 

беріпті. 

 

215 - Бөлім: СҰМЫРАЙ ХАН 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1912 

 

 



Ертеде бір хан болыпты, аты Сұмырай екен. Ол: «Елде жоқ зат менде болса екен, мендегі бар зат басқа 

ешкімде болмаса екен» деп ойлайды. Осы ойын орындау үшін Сұмырай хан кімнің жақсы аты, асыл заты, 

қымбатты мүлкі болса, тартып ала беріпті, өзінің қазынасын осылай толтыра беріпті. Сонда көзі тойып, 

көңілі көншімепті. 

 

Бір күні жалғыз өзі отырып қиял шегеді: 



 

—        Мен мал мен мүлікті, қазына-байлықты қанша ала берсем де халықтың малы да, мүлкі де, қазынасы 

да азаяр емес, таусылмайды. Құлаққа естілген жердегі жақсы ат, асыл кілем, қыран құс, жүйрік тазы, асыл 

жиһаздын бәрін де жинадым. Енді мұндай асыл қазына жалғыз менде ғана бар деп талай ойладым. Бірақ 

жақсы ат та, асыл зат та таусылар емес. Менде бар заттар халықта да бар болып шығады. Мен құралайды 

құрықтап ұстайтын бәйге атын алып қойсам да, оның орнына тағы да сондай бір қарапайым адам ұшқан 

құсты құтқармайтын тұлпар өсіріп мінеді. Қысқа күнде қырық үйрек ілетін сұңқарды тартып алсам, оның 

орнына тағы бір қарапайым адам қыска күнде қырық емес, жүз үйрек ілетін қаршыға баулып салады. Мен 

алтынын алып қойсам, гауһары шығады. Қысқасы мен әлі де кедеймін. Менде бардың бәрі халықта бар, 

ешкімнен асып кете алмадым. 

 

Хан  өз  ойының  осы  тұсына  келгенде  ызаланғаны  сонша  окіріп-бақырып,  өзінің  шашын  өзі  жұлып, 



алдындағы алтын тұғырға маңдайын соққылайды да, сарт етіп құлап түскенін аңғармай қалады. 

 

Халық қазынасының азаю орнына молая беруі, ханда бар заттың халықта да болуы, қайдағы бір белгісіз 



күштің оны әдейі мазақ етіп тұрған қорлығы болып сезіледі. 

 

Хан  сол  жығылып  жатқаннан  ұзаққа  дейін  тұрмайды.  Сарай  маңына,  ханның  алдына  ешбір  пенде  аяқ 



басып, жақындап келе алмайды. Ханның қырық уәзірі: 

 

—        Хан ойланып жатыр, сарай маңына жан баласы жоламасын,— деп, хабар таратады. Бұл хабарды 



естігенде кйбіреулер тілеу тілейді: 

-       Қорқар құдайынан, 

Қайтар райынан. 

Зорлық-зомбылығын қояр, 

Бір жақсылык болар. 

 

Осы үмітке қосылып, халықтың көпшілігі жақсылық күтеді. 



-       Ханнан лақ дәметкенше, 

Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              309 bet 

Қаскырдан құлақ дәмет. 

Ел жыламай, хан күлмес, 

Хан құламай, ел күлмес. 

Құста сүт жоқ, 

Жылқыда өт жоқ, 

Ханда қайғы жоқ. 

 

Ханның  оңаша  ойлануынан  жақсылық  та  күтпейді.  Тағы  қандай  сұмдық  ойлап,  лаң  соғар  екен  деп, 



күйзеледі жұрт. 

 

Отыз күн ойланып, қырық күн қырланған хан ақыры бір күні ой түбіне жеткендей болыпты. 



— Қан сасыған қара ағаш, 

Хан жарлығы дара ағаш. 

Кісі өлтіргіш жендеттер, 

Бас шабатын дөңбектер,— 

 

деп, барлық елді майданға жинатады. Халық жиналып болған соң хан жарлығы жарияланады: 



 

—  Көкте  құдай  бұйрығы,  жерде  хан  бұйрығы,—  деп  бастайды  хан  жарлығын  оқыған  уәзір,—  Жер 

бетіндегі  барлық теңіздер, көлдер, өзендер, құдықтар, бұлақтар  — ұлы мәртебелі  ризық иесі  Сұмырай 

ханнын меншігі. Кімде-кім ханның рұқсатынсыз бір тамшы су алатын болса, басы кесіледі. 

 

Хан жарлығы екі емес. Сусыздықтан адам да, аң да, мал да, құс та қырыла бастайды. Өліп бара жатқан 



баласына бір тостаған су алып ішкізген талай ана сәбиімен қоса дарға асылады. Талай ердің басы балтамен 

шабылады.  Қара  ағаш  қан  сасиды.  Дардың  түбінде  өлген  адамдардың  денелері  мая-мая  болып  үйіліп 

жатады. 

 

Жер  бетіндегі  судан  дәм  тату  еркінен  айырылған  Халық  мал  сойып,  құрбан  шалып,  көктегі  тәңірден 



жаңбыр тілейді. Қалжыраған халық, қыбырлаған жан иелері қанша жылап, зар илесе де, қиыла тіленсе де 

көктегі тәңірден қайыр болмайды, жәрдем ала алмайды. 

 

Көзі ашылмаған бұлақ, түбі тазартылмаған құдық, балығы тулап, батпағы шайқалмаған көл, дариялардың 



көзі бітеліп, құри бастайды. Жан-жануарлар қырғынға ұшырайды. Жер беті тозаңға толады. Өсімдіктердің 

тамыры тартылады. «Сұмырай келсе — су құриды» деген осы қасіреттің қайғылы ызасынан қалыпты. 

 

* * * 


Тартылған көлдің жағасында, 

Тарыққан елдің арасында, 

Сұлулығы ай мен күндей, 

Адамгершілігі баршаға бірдей, 

Он беске келген жасы бар, 

Он бұрым өрген шашы бар, 

Әрі шешен, әрі шебер 

Райхан деген қыз бар екен. 

Сұмырай ханға барайын, 

Бар өнерді салайын, 

Он саусақты ойнатып, 

Тіл семсерін бойлатып, 

Керегіне елімнің 

Құрбаны болып жарайын,— 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              310 bet 

депті де, Райхан ару Сұмырай ханның ордасына барады. Келгенде бос келмейді, асыл таспен тұймелеп, 

атласпенен әріптеп, құндызбенен жұрындап, тамаша бір қамқа тон тігіп ала келеді де, ханның иығына 

жабады. 


 

Дүние құмар озбыр хан сұлу қыз бен қамқа тонды көргенде есінен тана қуанады, жас балаша жұбанады. 

 

—        Бұл өнерің үшін не тілегің болса да аласың. Бірақ алдымен менің үш түрлі сұрағым бар, соған 



жауап бересің,—дейді хан. Райхан: 

 

—        Алдияр, тақсыр, алайда сұракқа жауап болған соң, сынның да болғаны ғой. Сынға түсер болған 



соң, шынның да болғаны ғой. Сіз бен мен екеуміздің сынымыз бен шынымызды тындап отыратын бір 

қария қоса отырсын,— деп өтініш етеді. 

 

Хан  қыздың  шартына  көніп,  сол  елдегі  екі  жүз  елу  жасқа  келген  бір  қарт  бар  еді,  соны  алдырып, 



сұрақтарын айтады. 

 

—        Әкем айтушы еді: «адамның алдынан қара мысық кесіп өтсе — жаман ырым» деп. Кеше дардан 



қайтып келе жатқанымда бір қара мысық жолымды кесіп өтті. Бұл қандай ырым? 

 

—        Тақсыр, мысықтың алдынан не артынан өткені адам үшін ешбір ырым емес. Бірақ каптесер мен 



тарақ құйрық үшін жаман-ақ ырым. 

 

—        Өзің тігінші екенсің, менің денемнің ауыр, етімнің семіз екенін көріп те отырсың. Маған қандай 



түсті киім кисем жарасады деп ойлайсың? 

 

—         Мысалы, қоянға ақ, түлкіге қызыл, құндызға күрең жарасады. Семізде шошқа семіз, олардың 



қарасы  да,  ағы  да,  ала-құла  теңбілі  де  өздеріне  жарасып  тұрады  ғой.  «Байға  тай  мінсе  де  жарасады» 

дегендей, тақсыр, сізге қандай түсті киім кисеңіз де ханды- ғыңызға ұнасып тұрады, деп айтар едім. 

 

—        Әкемнің тағы бір сөзі есіме түсті. «Ер адамның алдынан бос шелек ұстаған әйел кездессе, жаман 



ырым» деуші еді. Біраздан бері қайда барсам да, алдымнан бос шелек көтерген әйелдер кездесетін болып 

жүр, ол қандай ырым. 

 

—         Менің әкем: «Надан адам ырымшыл болар, жаман жылқы үйіршіл болар» деуші еді. Бірақ қазіргі 



жағдайда сіздің әкеңіз білгір адам екен, тақсыр! Ол шелектерді кептірген өзіңізсіз ғой. 

 

Дәл осы араға келгенде манадан бері үндемей тындап отырған қария күліп жібереді. Бұған ашуланған хан: 



 

—         Сен қақпас, неге күлесің, өзім мазақ па, сөзім мазақ па саған?— дейді долырып. 

 

Сонда қария:       



 

—         Сабыр сақта, хан ием,— дейді,— Сен хан болсаң, мен — қариямын, Сен зындан болсаң, мен — 

дариямын. «Жүйелі сөз жүйесін табады, жүйесіз сөз иесін табады»,- дейді ата-бабаларымыз. Өзің қойған 

сұрақ та, қызым қайтарған жауап та қайырымсыз, қанішер ханды тез құртудың ырымнышаны екен. Мен 

соған қуанып күлдім. Бұл да жақсы ырым. Көп ұзамай көзінді жоғалтып, халқым күлкіге бөленеді екен. 

 

Қатты ашуланған хан қарияның басын шауып тастайды да, Райханның оң қолын білегінен кеседі. 



 

* * * 


 

Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              311 bet 

Қарияның  өнер  іздеп,  жолаушылап  кеткен  жүз  ұлы,  жүз  қызы,  олардан  өрбіген  немере,  шөберелері, 

жиендері бар екен, халқының басына төнген қайғылы хабарды естіп, хан сарайына келіп түссе, қан жоса 

қырғынды көреді. Қарияның ұрпақтары ханды өлтіріп, сарайын өртейді де, өздері барып бітеліп қалған 

бұлақ көзін ашады, құлап қалған құдықты жөндейді, батпақ басып, тартылып қалған өзен-көлдерді аршып, 

көздерін, арнасын тазартады. 

 

Ел де, жер де, мал мен аң да жауыз ханнан құтылып, суға қанып құлпырады. 



 

Сонда жер-ана асыл қызының халқы үшін шабылған білегін жер бетіне бес күлтелі гүл етіп өсіріпті. 

 

Жер-ана  мұндай  мирас-белгі  жасағанда  ел  анамыз  да  қарап  қалмайды.  Ол  жауыз  ханға  қарсы  су  үшін 



болған  қырғынды ризық үшін қантөгіс деп халықтың ою-өрнек,әшекей  өнерін де  «су» деген өрнекпен 

мәңгі үлгі қып қалдырыпты. 

 

Қаптаған судан, қаулаған өсімдіктен неше түрлі дәрі жасап, басы кесілген қарияны тірілтіп, Райханның 



шабылған қолын орнына жабыстырып, халық мұратына жетіпті. 

 

216 - Бөлім: ДАНА ҚЫЗ БЕН ДАНЫШПАН ЖІГІТ 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1913 

 

 



Реуаят  —  аңызда  былай  айтылады:  ертеде  Мәлік  деген  патша  балаға  зар  екен.  Кағбаға  барып,  қырық 

түйені құрбандыққа шалады да, аллатағаладан: «маған бір перзент бер!» деп жалбарынып, тілеу тілейді. 

Дұғасы қабыл болып, әйелі бала көтеріп, бір қыз табады. Патша қызының атын Мәліке қояды. 

 

Қыз өте зерек, ақылды болып өседі. Әкесі небір ғұламаларды жинап, қызын жиырма жасқа дейін оқытады. 



Қыз білімнің барлық асылдарын игереді. Сонан кейін әкесі қызына сөз салады: 

 

—         Неке — сүндет, мұны пайғамбардың үмбеттері өтеуге тиіс,— деп, жөнін сұрайды. Сонда қызы: 



 

—         Кімде-кім өзімдей білімді білгір болса, соған қосылып, сүндетті орындайын,—деп жауап қайырады. 

Қызының сөзін естіген әкесі: 

 

—         Бұл бір шешімі қиын іс болды,—деп мұңаяды. Содан қыздың әкесі дүниеден өтеді де, патшалық 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет