«Азған елдің молдасы. Үлкен болар салдесі. Аса бауыр кылмақыз, Онын рас емес алласы». Ыбырай Алтынсарин



Pdf көрінісі
бет10/66
Дата11.12.2023
өлшемі4,18 Mb.
#137458
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   66
«Тусі түкті жер ұрсын,
Төбесі ашық күн ұрсын!»—
деп анттасуы шамандық нанымдағы табиғатқа табыну- 
дың айқын айғағы. Ал исламда ант беру дінге тіреліп: 
«құдай ұрсын», «құран ұрсын» болып, «жер», «күн» еске- 
русіз қалады. Жалпы, халық арасында: «ант ұрсын», «ант 
атсын», «көк соққан», «ант ұрған», «құдай соққан», 
«құдай ұрған» ұғымдарының жарыса, араласа жүруі 
қырғыздар мен қазақтарда шамандық пен мұсылмандық 
нанымдардың қатар өмір сүріп келгендігінің, Шоқан 
айтқандай, қазақтың екі дінділігінід куәсі.
Шоқанның аңғаруынша, шамандықтың ұзақ сакта- 
лып келе жатқан бір көрінісі — аруаққа (онгол) табы- 
ну. Аруақтар немесе онголдар — Шоканның айтуынша,— 
өлген ата-бабаның рухы. Ол кездегі адамдардың 
түсінігінде екі түрлі элем бар: 
«Бірінші әлем — 
сыртқы әлем, табиғат (күн, ай, жұлдыз, жер, су, от, 
т. б.), екіншісі — ішкі әлем — адамның мәңгі жасайтын 
рухы. Адам табиғаттың аясында дүниеге келіп-туып, сол 
табиғаттың қаһарлы күшінен өледі, бірақ оның рухы, 
аруағы өлмейді. Сол өлмейтін рух, аруақ өзініц үрім- 
жұрағаты мен туған-туысқандарына шапағатын тигізіп, 
жебеп жүреді, қамқорлық жасайды.
Қазақтар әсіресе ата рухына, оның ішінде тіршілікте 
үлкен атак, абыройға ие болғандарының аруағына ерек- 
ше табынады. Оның басына тастан, ағаштан, балшықган 
бейіт тұрғызып құрметтейді, ас береді. Басына бір 
қиындық түссе, қауіп төнсе, «кесапатқа» ұшыраса, ар- 
уақтың моласына барып түнейді, құрбандық шалады, 
тілек тілейді.
Ел қорғап, жауға қарсы күреске шыққан кезде де 
атақты адамдардың, көбіне батырлардың аруағына сиы- 
нады, олардың атын ұранға айналдырады. Мысалы, Ор- 
талық Қазақстандағы қазақтардың біразы жауға шап- 
қанда: «Бөгембай! Бөгембай!»— деп атақты Бөгембай 
батырдың атын ұран етсе, Шығыс Қазақстандағылар- 
дың бір тобы: «Қабанбай! Қабанбай!»— деп, Қабанбай 
батырдың аруағына сиы.нады. Бұл екеуі де тарихта бол- 
ран, қазақтардың XVIII ғасырдын бірінші жартысында- 
ғы қалмақтарға қарсы соғысында қол бастаған, «Қал-
15


мақты қуып қашырған, Алтай таудан асыргаіі» әйгілі 
батырлар. Осындай батырлардыд өсиетін іске асыру ке- 
лешек ұрпаққа парыз саналған. Мысалы, «Ер Кабан- 
бай» дастанында Қабанбай өзінің жорықта алып жүре- 
тін ақ туын өзінің батыр туысы Дәулетбай батырға тап- 
•сырып жатып: «Еліңе ие бол, жауыңнан сақтан! Кабан- 
бай өлді дегізбе!»— деп өсиет айтады.
Өлген адамның аруағына сенушілік, оны ерекше күш 
ретінде қастерлеу — сол адамдардың тірі кезіндегі тір- 
шілігінен, ерлігінен туындайтын қасиеттерді дәріптеудің 
көрінісі. Шынында да, қазақтар ескі дәстүрлерінде 
адамның жақсысын, рухани күштісін, құдіреттісін» ал- 
ланыд құдіретті күшінен, пайғамбардың «өсиетінен», әу- 
лиенід батасынан тудырмайды, керісінше, табиғаттың 
өзінен, табиғатта бар заттар мен құбылыстардан жа- 
сайды.
Мысалы, халық алып ерді анадан тудырады. Мұндай 
аналар «бір алланыд бұйырғанынан» дәметгіей, «бөрінід 
етіне», «бүркіттід жүрегіне», «боз інгенніц сүтіне» жерік 
болады. Орақ батырдыд әйелі келешек ер Қарасайға 
екіқабат болғанда, аю мен жыланныд етіне, жолбарыс- 
тыд сүтіне жерік болады. Бұл туралы жырда;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет