«Азған елдің молдасы. Үлкен болар салдесі. Аса бауыр кылмақыз, Онын рас емес алласы». Ыбырай Алтынсарин


«Өлімнен қырық жыл бұрын Қорқыт кашқан



Pdf көрінісі
бет12/66
Дата11.12.2023
өлшемі4,18 Mb.
#137458
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   66
«Өлімнен қырық жыл бұрын Қорқыт кашқан,
Қазылған көрді көріп қатты сасқан.
Тағдырдың тақымына тәнті болмай,
Ажалмен арпалысып жанталасқан.
Өлімнен Қорқыт қашқан қырық жыл бұрын,
Арбасқан биопаның болжап сырын.
Амалға амал тауып кұтылсам деп,
Тағдырға тәнті болмай келген қырын»1,
Қорқыттың діни түсініктерге бас имей, ажалмен алы- 
суы бұл толғауда анық айтылған. Шоқан сөзімен айт- 
қанда: «Өлімнен қашудың өзі, алланың жазмышынан 
бас тарту — ислам діні бойынша күнәкәрлық, әсте бол- 
майтын нәрсе, ал шамандык халықтардың аңыздары- 
ның көбісі өлімнен қашу... Қазақ бақсыларының ара- 
сында Қоркыт туралы аңыз бар. Сол Қорқыт казақтар- 
ды алғаш қобыз тартуға, сарып айтуға үйреткен ең 
бірінші шаман»2.
Қорқыттың қазақ өміріндегі орнын бағалай келіп,

Марғұлан Ә.
Ежелгі жыр-аңыздар. Алматы, 1985. 153-бет.

Уәлиханов Ш.
Таңдамалы. 189-бет.
18


қазақ өмірін, тілін жақсы білген Шоқанның қимас 
д о -
сы, атақты этнограф, тарихшы, профессор Г Н. Пота­
нин өзінің «В юрте последнего казахского царевича» де­
ген еңбегінде «Қорқыт қазақтың бірінші шаманы» және 
«Қазақтың бірінші ақыны» еді дейді. Сөзді профессор 
Г Н. Потаниннің өзіне беріп және пікірін дәлме-дәл 
келтіру үшін өз тілінде сөйлетелік: «Может быть, о том 
же воззрении на поэзию, как на примиряющий с жизнью 
элемент свидетельствует и казахское преданые о первом 
казахском шамане Куркуте, который считался по пре­
данию первым казахским поэтом. Он однажды увидел 
сон: Какие-то люди роют могилу и на его вопрос, что 
они делают, они отвечали, что роют могилу для Курку- 
та. Он бежал на северный край света и думал там спа­
стись от смерти. Но и там увидел тот же сон. Потом он 
побежал на Южный край света, на восточный, на за­
падный и везде его приследовал один и тот же сон. 
Тогда он убедился, что от ймерти не уйти, примирил­
ся с этим роковым фактом, возвратился на родину, в 
казахскую степь, и здесь, усевшись на разостланный ко­
вер, начал играть на балалайке (кобызе.— 
Б. Г.)
и 
играл и пел до самой смерти. В этой легенде казахский 
народ, может быть, выразил мысль, что только искуст- 
во красит жизнь и удаляет от нас прежде временно по­
являющиеся мрачные призраки»1
Г Н. Потаңиннің қазақтың соңғы ханының ұрпағы 
деп отырғаны Шоқанның әкесі — Абылай ханның неме- 
ресі Шыңғыс. Г. Н. Потанин Көкшетауға досы Шоқан- 
ды еске алу үшін, Шоқан дүние салғанына 30 жыл өт- 
кен соң, 1895 жылы арнайы келген. Мақала 1896 жылы 
«Русское богатство» журналының 8-ші санында ба- 
сылған.
Қазақ аңыздарында, халық санасында Қорқыт казак- 
тын күй атасы, қазаққа ән, күй, музыка өнерін үйре- 
туші. Ә. Марғұланның айтуынша: «Халық музыкасында 
Қорқыттан қалған мұраның ең тамашасы «Қорқыт кү- 
йі», «Қорқыт сарыны», «Қоркыт толғауы», «Тәңірі биі». 
Бұларда музыка мен философия қосылып ұласады. Осы 
күй, сарып, толғауларға қосылып айтылатын сөздер 
болған, бұлар өнер, өмір туралы толғаулар. Қорқыт ко- 
бызының тыңдаушыға еткен әсері де баяндалған. Мы- 
салы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет