«Азған елдің молдасы. Үлкен болар салдесі. Аса бауыр кылмақыз, Онын рас емес алласы». Ыбырай Алтынсарин



Pdf көрінісі
бет8/66
Дата11.12.2023
өлшемі4,18 Mb.
#137458
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   66

Уәлиханов Ш.
Таңдамалы. 172-бет.
12


оларға табынуы көп орын алған. «Жер-су», «жерұйық», 
«тәңірі тау», «хан тәңірі» деп аталатын ұғымдар айтыл- 
ған ойдың дәл, нақ бейнесі.
Келін түскен кезде, ақын беташар жырын айтып бол- 
ран соң, келін алдымен атасынық үйіне кіріп, отқа май 
құяды, «от-ана, май-ана» деп сиынады. Бұл табынудың 
бір түрі, үй ішінің, ошақ басының сақтаушысы «күн 
тәңрімен» бірдей. Қазақтардың бұл салты түрік тілдес 
елдердің көбінде Шоқан өмір сүрген кезде жақсы сақ- 
талып келген. «Барлық шамандык салттың ішінде отқа 
табыну қазақтарда әлі күшінде. Қазақтар отты әулие 
деп санайды, осы әулие атаулымен мұсылман тақуала- 
рын да атайды. Аса жоғары құрметтеудің белгісі ретін- 
де, қазақтар монғолдар сияқты отты — ана деп атай­
ды. Отта тазартушы қасиет бар деп түсінеді, екі оттың 
арасынан өткізіп тазартады, осы тазартуды «ала'стау» 
дейді. Қыстаудан көшкенде, олар көшті екі оттың ара­
сынан өткізеді. Ел алдында ант берген адам да отпен 
тазалануға тиіс»1,— дейді Шоқан.
Нәресте дүниеге келгенде де, баланы отқа жақында- 
тып, жалбарыну, отты қасиетті деп санап отқа түкірмеу, 
отты аттамау, ауру адамдарды оттың киесімен емдеу, 
ауру адамның қасына шырақ жағу — мұның бәрі отқа 
табынушылықтың, құдайдан гөрі табиғат күшіне бас 
июшіліктің айқын көрінісі екенін Шоқан материалистік 
тұрғыдан дәлелдеп отырады.
Көшпелі қазақтар өміріндегі шаманизмнің тағы бір 
көрінісі — әр түрлі мал түліктерінің қалай, қайдан пай- 
да болғандығын түсіндіру мәселесі. Көшпелілер үшін 
мал — әрі тамақ (сүт, қымыз, айран, сары май, құрт, 
іркіт, ақ ірімшік, қызыл ірімшік, ет, қазы-қарта, т. б.), 
әрі киім (шекпен, тон, байпақ, тымақ, малақай, етік, 
шоқай, бөрік, ішік, әр түрлі тоқыма бұйымдары), әрі үй 
(туырлық, үзік, басқұр, түңлік, құр, арқан, жіптің алуан 
түрі, т. б.), әрі төсек (текемет, сырмақ, көрпе, түскиіз, 
тоқым, тулақ, т. б.), әрі ыдыс (саба, торсық, аяққап, 
т. б.), әрі көлік.
Адам өмірінде малдың ролі өте жоғары бағаланған
сондықтан сәлемдесуді: «Мал-жан аман ба?»— деп бас- 
таган.
Төрт түлік малдың шығуы халық санасында алла- 
ның бұйрығы емес, шамандық мифологиялық себептер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет