«Азған елдің молдасы. Үлкен болар салдесі. Аса бауыр кылмақыз, Онын рас емес алласы». Ыбырай Алтынсарин


Деизм — кұдайды баска себеп, табиғат пен қоғамның дамуы-



Pdf көрінісі
бет42/66
Дата11.12.2023
өлшемі4,18 Mb.
#137458
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   66
1 Деизм — кұдайды баска себеп, табиғат пен қоғамның дамуы-
на араласпайтын, дүниені жаратушы деп түсіндіретін діни-филосо-
фиялық ілім.
52


келтіріңіз, сенімді кітап болса, біз тоба етіп дәрігерлік- 
ті қоялық,— деп.
Сопы бұл сөзді еш кітаптан көрген жоқ, кітап алып 
келе қоямын деп қозғалмады.
Жиылып отырған халық шулап қоя берді:
— Сопы, Лұқпан жесірге байдай, жетімғе атадай 
болып, неше мұңды бейшаралардыд көзінің жасын тый- 
ды, сен бұл істі күнә деп білсең кітабыңды көрсет, бол- 
маса қазыға алып барып, жазаландырамыз,— деп.
Істің бұлайша зорайып бара жатқанын көріп, Лук- 
пан халықтан өтініш етіп тысқа шығарып, сопыны она- 
ша қалдырып айтты:
Алла разы болсын, молдам, білген шамаңызша 
бізді күнәдан тыю үшін ақыл айтқаныңызға. Бірақ 
бізден де сізге бір ақыл айтылсын: қашан да бір істі 
істегіңіз келсе, ол іске әуелі ақылыңызды, онан соң кө- 
зіңізді жұмсаңыз, сонан соң ақылыңыз дұрыстаса, кезі- 
ңіз көріп, мәнін танып мақұл көрсе, тіліқіз бен қолы- 
ңызға сонда ерік беріңіз. Екінші, сіздің айтқан сөзіңіз- 
ден оқып жетіспегендіктер көрінеді, құдайтағала адамға 
әр түрлі дене берді, қол берді жұмыс қылмақ үшін, 
көз берді көрмек үшін, аяқ берді жүрмек үшін, кұлақ 
берді естуге, ақыл берді ойланып, жаман-жақсыны аң- 
ғаруға. Сол берген денелерді тиісті орнына жұмсамасак, 
құдайдьщ бұйрығына қарсы болып табылса керек, оныи 
үшін жүрмей, тұрмай, отырмай, көрмей есітпей құдайға 
құлшылық етіп те болмайды. Сол реуішті жансыз нәр- 
селердің де керексіз жаратылғаны жоқ. Бір шөпті у етіп 
жаратты, екінші шөпті оған басытқы етіп жаратты: бұ- 
ларды да танып, біліп бүйрықты орнына жұмсамасақ 
күнәлі боласың, тиісті, пайдалы орнына жұмсаудаи 
обал болмаса керек,— деді».
Бұл қысқа әңгіме осымен бітеді. Мұндағы Лүқпан 
атынан айтылып отырған сөздер Ыбырайдын. өз пікірі. 
Мұнда теологиялық түсініктердің де бар екендігін аңға- 
ру қиын емес. Сонымен қатар, өз заманы үшін озық ой- 
лары да бар. «Құдайдың жазғанын күткен жөн, ауруды 
емдеу күнә, құдайға қарсылық» деген изуверлік, жауыз- 
дық пікірдің жалғандығын Ыбырай дінге сенушілердің 
сезіміне тимей, педагогтік әдеппен жоққа шығарады. 
Сондықтан да жиылып отырған халық ешбір калтқы- 
сыз «жесірге байдай, жетімге әкедей болған», «мұңды 
бейшаралардың көз жасын тыйған» білімді Лұқпан- 
Ыбырай жағына шығады, мұндай игі істерді «күнә» деп
53


білетін надан сопы, дүмше молданы жазаламақшы бо­
ла ды.
Лұқпан атынан Ыбырай неге сенсеңде «ақылыңыз 
дұрыстаса, көзіңіз көріп, мәнін танып мақұл көрсе..» 
ғана сен деп кеңес береді және жұрт осы кеңесті қа- 
былдайды. Сопы «емделу күнә», «дүниені танимын деу 
күнә» деп түсіндірсе, Лұқпан-Ыбырай оған керісінше
«емделмеу күнә» жаратылысты «танып, 
біліи,
бұйрықты 
орнына жұмсамасаң күнәлі боласың» дейді. Сонымен 
қатар барлық нәрсені алғаш жаратқан, оларды бір-бі- 
рімен байланыстырған кұдай деп түсінеді.
Ағартушының осы «Лұқпан әкімдегі» пікірін оның 
баска шығармаларындағы ойларымен салыстырғанда, 
Ыбырайдың құдай туралы түсінігі деизм екендігі аңға- 
рылады. Деистік түсінік көрінеу теориялық-идеалистік 
үғымдардан құтылып, материалистік пікірге көтерілу- 
дің әлсіздеу сатысы, тайғақтау басқышы. Деистік көз- 
қарас Ыбырайдан гөрі Абайда басымырақ, сондықтан 
да құдай туралы деистік түсінік алда, Абайдың дін ту­
ралы ойларымен байланысты толығырақ қарастыры- 
лады.
Ыбырайдың ағартушылық қызметінің діни түсінік- 
терге қарсы бағытталғандығын көрсететін тағы бір са­
ла — оньщ діни әдет-ғұрыптарға және бақсы-балгерлік- 
ке, қарсы ашық күрес жариялауы. «Иә, жігіттер!» деген 
өсиет өлеңінде:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет