Қазіргі қазақ тілі (фонетика)



бет20/67
Дата09.12.2023
өлшемі0,54 Mb.
#135448
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   67
1. Тілдің қатысына қарай:
а) жуан (гуттураль) дауыстылар: а, о, ұ, ы, у.
ә) жіңішке (палаталь) дауыстылар: ә, ө, ү, і, е, у, и.
Жуан дауыстыларды айтқанда, жіңішкелермен салыстыр-ғанда, тіл сәл артқа қарай тартылады, жіңішкелерді айтқанда
тіл сәл ілгері жылжиды. Бұған көз жеткізу үшін дауыстылардың жуан және жіңішке сыңарларын (а//ә, о//ө, ұ//ү, ы//і) қатар
айтып көруге болады. Дауыстылардың бұлайша (тіл қатысына) жікте-луін дұрыс білмейінше, тіліміздегі ең күшті
фонетикалық заң – сингармонизмді түсіну мүмкін емес. Тіліміздегі сөздердің бір-ыңғай жуан, не жіңішке буынды болып
келуі тілдің қалпымен байланысты.


2. Еріннің қатысына қарай:
а) еріндік (лабиаль) дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у.
ә) езулік дауыстылар: а, ә , ы, і, е, и.
Еріндік дауыстыларды айтқан кезде ерін дөңгеленіп, сү-йірленеді де, езуліктерді айтқанда ерін екі жаққа қарай тарты-
лып, езу жиырылады. Еріндік дауыстылардың тіліміздің байыр-ғы заңы сингармонизмді танып білуде мәні зор. Көрші
буындар-дың бірыңғай жуан не жіңішке, еріндік не езулік болып келуі тіл мен еріннің неғұрлым үнемді қызметіне
негізделген.

3. Жақтың қатысына қарай:
а) ашық дауыстылар: а, ә, о, ө, е.
ә) қысаң дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и, у.

Ашық дауыстыларды айтқанда астыңғы жақ барынша тө-мен түседі де, қысаңдарды айтқанда бір-біріне жуықтай


түседі. Алайда ауаның еркін шығуына кедергі жасамайды. Ал жарты-лай ашықтар осы екеуінің аралығында айтылады.
Дауыстылардың жақтың қатысына қарай жіктелуін тілдің тік бағытта қозғалуы түрінде де тануға болады. өйткені тіл
жақ-тың қалпына қарай жоғары, төмен қозғалатынын аңғару қиын емес. Орыс тілінде дауыстылар тілдің көлбеу және тік
бағытта қозғалуына қарай жіктеледі.
Қазақ тілінде, сондай-ақ барлық түркі тілдерінде осы уа-қытқа дейін дауыстыларды ашықтар және қысаңдар деп екіге
бөліп келді, біздің оқулықтарымызда әлі де осылай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет