Қазіргі білім беру парадигмалары



бет11/31
Дата31.12.2021
өлшемі4,58 Mb.
#21233
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31

Тұлғаны әлеуметтендіру

  • Жалпы орта білім беретін мектеп – мектеп жасындағы жеке тұлғаны әлеуметтендіру процесін реттеу мен әлеуметтік рөлдерін игеруге ықпал ететін барлық қажетті жағдайлардың барлығын орындап отыратын әлеуметтендіру институты. Әлеуметтендіру идеяларын іске асыру бiртұтас педагогикалық процесте оқу және оқудан тыс уақытты толыққанды пайдалануды, сондай-ақ отбасымен, қосымша білім беру ұйымдарымен тығыз ынтымақтастықты талап етеді.
  • Оқушыларды әлеуметтендіру нәтижесі мынадай жетістіктерде байқалады:
  • бастауыш мектепті бітіруші:
  • - адам, азамат, елжанды, ұжымшыл деген түсініктердің мәні туралы көзқарасының болуы;
  • - Қазақстанның барлық халықтарының бірлігінің мәнін, әлемде бейбітшілікті сақтауды, ұлтаралық қатынаста төзімділік танытуды түсінуі;
  • - Қазақстан Республикасында тұратын қазақ және басқа да халықтардың мәдени құндылықтарын түсінуі;
  • - «қоғамдық субъекті» ретінде жаңа әлеуметтік мәнді рөлін (оқушы, сыныптас, ұжым мүшесі және т.б.) игеруі;
  • - балалар ұжымындағы мінез-құлықтың этикалық нормаларын білуі, балалар қоғамдастығында тұлғааралық қатынастардың негізі ретінде берік достық байланыс орнатуы және ондағы жағымды әлеуметтік мәртебені бекітуге талпынуы;
  • - еңбектің рөлі мен кәсіптер әлеміне біртіндеп енудің қажеттіліктерін түсінуі;
  • - экологиялық білімді меңгеруі және табиғатты жалпыадамзаттық құндылық ретінде сезінуі;
  • - жеке гигиенаның дағдылары мен денсаулық сақтаудың негіздерін меңгеруі;
  • - баламалы өзін-өзі бағалау, өзін-өзі реттеу және өзін-өзі түсіну негіздерін сезінуі;
  • - жыныстар арасындағы мінез-құлық пен жыныстардың мәртебелік орны туралы білуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет