Қазіргі әдеби процесс пәнінің зерттеу обьектісіне талдау жүргізіңіз


Айзат 85. Р. Мұқанованың «Мұқағали» шығармасындағы ақын бейнесі



бет62/66
Дата18.05.2023
өлшемі240,56 Kb.
#94678
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66
81. Айзат


85. Р. Мұқанованың «Мұқағали» шығармасындағы ақын бейнесі
Тақырыбы: Мұзбалақ ақын- Мұқағалидың жалғыздығы
Идеясы:
Автор, өз музасын іздеумен келе жатқан ақынның өліммен бетпе-бет келуін, қорқынышын көрсету арқылы жалғыздық дертімен ауырған Мұқаңның соңғы күндерін түсірген.
Компазициялық талдау
Басталуы: Аурухана ішіндегі қорқыныш
Байланысуы: Отбасылы әйелге деген ғашықтығы. Күйеуінен қызғануы.
Шиеленісуі: Өзгеге көрінбейтін ажалмен тілдесуі
Шарықтау шегі: Көгеншіннен пана іздеуі
Шешімі: Өлім құшқан- Мұқағали

Пейзаж
Басталуы: Аурухана ішіндегі қорқыныш
Байланысуы: Отбасылы әйелге деген ғашықтығы. Күйеуінен қызғануы.
Шиеленісуі: Өзгеге көрінбейтін ажалмен тілдесуі
Шарықтау шегі: Көгеншіннен пана іздеуі
Шешімі: Өлім құшқан- Мұқағали
Эстетикалық категориялар
Құлдыраушылық: Емхананың тар бөлмесінде тәні тұмшаланғанмен, жаны шартарапты кезіп, қиялымен үндесіп, жетім құлынды іздейді. Кейде еліріп, екпіндеп кетсе, кейде ентігіп, буыны қалтырап, құла түзден пана таппай болдырып, бейкам қарап тұрады. Жетім құлын дегені жетім көңіл ме…? "Мен де жетімненмін. Жетім болып жүріп-ақ жетілгенмін. Жасамағам қиянат жаны барға. Жетім көңіл жақсыға жарыған ба?" - Моншақтап төгіле жөнелді жыр жолдары. Жанарына жұқалтаң жас толды. Мұң оранған коңілін маржан сөз осылай сейілтетін. Қаңсыған ой мезі етіп еді, лезде коңілі жадырап сала берді.
Трагедия
1. Денесі түршігіп, жүрегі алабүртып, аунап түсті. Моцарттың азалы күйі мұның да жанында жасырынып жатқандай секем алды. Үрей билеп, ажалдың жақындағанын, тіпті ентігіп, тыныстағанын естіп жатыр. Есікті сілкіп ашып, қара киімге оранған әлдекім бүған да жетіп келетіндей. Жетіп келіп азалы күнді тақатып, уақыттың тығыз екенін айтып, дігірлетіп, жаналқымға алатындай.
2. Жантәсілім бергеннен кейін де екі сағаттай иесіз жатып қалды. Артынан келе қойған ешкім болмады. Дәрігерлердің сөзін естіген сайын қыздың дегбірі қашты. "Кезегім келіп, кеткенде алыс сапарға, хабарсыз, ізсіз қалмасам екен жоқтаусыз… " деп еді. Күдігі дәл келгенін қарашы. Қыз есеңгіреген сайын есейе түсті. Еден жуғыш қатынның өлең толған парақтарды умаждап, күл-қоқысқа тығындап лақтырып жатқанын көрді.
Ақын бейнесі: Бұл шығармада ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірінің соңғы кезеңдерін көре аламыз. Жалғыздықты басынан кешкен ақын бейнесі тым аянышты еді. «Бұл бір жүрген маскүнем» деген елдің сөзінің өзі қандай ауыр еді. Өзіне келген жаналғыштан құтыла алмай, ешкімнен көмек сұрай алмаған ақынның бейнесі осы. Бірақ бұл шығарма. Ал, шын мәнінде қандай болғаны белгісіз деп ойлаймын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет