Б І р І н ш І б ө л ім тарихи грамматика пәНІ


айтылса қай дыбыс дейтін де сұрақ қойылып келеді. Соңғы шық-



Pdf көрінісі
бет29/46
Дата18.09.2022
өлшемі2,52 Mb.
#39425
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   46
айтылса қай дыбыс дейтін де сұрақ қойылып келеді. Соңғы шық- 
қан (1984 ж .) «Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасының» 
авторлары түркі негіз тілінің алғашқы кезеңінде м, н сонант 
дыбыстары болды деп қарайды2. Бұл кітап авторларының айтуын- 
ша негіз тіл құрамында 12 дыбысын қосқанда) дауыссыз фоне- 
ма қолданылған. А. М. Щербак өзінің белгілі еңбегінде тілдің осы 
күйінде сөз басында 6— 8 дауыссыз фонема айтылған деп қарайды 
да, олардың бірі — б және кейбір реттерде м дауыссыздары деп 
есептейді. Қысқасы, түркі негіз тілінде ұяң дыбыстар сөз басында 
қолданылса да бір-екіден аспаған. Сөз басында айтылуы мүмкін 
дейтін ұяң дауыссыздар б, кейде м. А. М. Щ ербак3 беретін алғаш- 
қы түркілік бір буынды түбірлер құрамында, дегенмен, б, м ды- 
быстарынан басталатын сөздер жоқ. Қазіргі тіліміздегі б дыбы- 
сынан басталатын сөздер А. М. Щербак тізімдерінде п дыбысынан 
басталатын сөздер қатарына кіргізілген: па (ба-, байла), пай 
(бай), пақ (бақ, бақы ла), пар (бар, кет), паиі (бас), па (бей, 
бійе), пен (мен) т. б. Қысқасы, түркі негіз тілі құрамында, бұл 
тізім бойынша б дыбысынан басталатын сөз болмаған. Сөз басын- 
да б дыбысының айтыла бастауы түркі негіз тілінің соңғы дәуір- 
лерінде, сөз басындағы қатаң п дыбысының фразалық (тіркестік) 
екпін салдарынан ұяңдануының нәтижесінде орныққан. Кейін б 
дыбысы м дыбысына сәйкес қолданыла бастайды. Бұл өзгеріс диа- 
лектілердің (тілдердің) араласуынан тууы мүмкін. Көне түркі 
жазбаларында жіктеу есімдігінің бен формасымен бірге арагідік 
мен түрінің де кездесуі осының нәтижесі. Бүгінгі түркі тілдерінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет