Б І р І н ш І б ө л ім тарихи грамматика пәНІ


Сөздің абсолют басындағы қатаң дауыссыздардың ұяңдауы



Pdf көрінісі
бет31/46
Дата18.09.2022
өлшемі2,52 Mb.
#39425
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   46
Сөздің абсолют басындағы қатаң дауыссыздардың ұяңдауы 
орта ғасырларда-ақ орныққан құбылыс. Оған дәлел — Махмуд 
Қашқари сөздігінде де кездеседі. Қашқари батысқа қарай орна- 
ласқан тайпа тілдерінде ұяң дауыссыздардың қолданысын көрсе- 
теді. Мұның бәрі де қазақ тілінің дербес халық тілі болып қалып- 
тасуына дейін болған өзгерістер. Алайда, қазақ тілінде, жоғарыда 
айтылғандай, оңтүстік-батыс тілдерімен салыстырғанда, қатаң 
дауыссыздардың қолданылуы басым. Әрине, қиыр шығысқа орна- 
ласқан түркі халықтары тілдерімен салыстырғанда, қазақ тілінде 
кейбір қатаңдардың ұяңдауы байқалады. Мысалы, қазақ тілінде 
бау ,бақ, балық, бес, балта сөздері хақас, шор тілдерінде қатаң п 
дыбысымен айтылады. Дегенмен, қазақ тілінде көне түркі сөздері- 
нің кейбірінің қатаңдауы да бар: пыш (а қ ) — көне түркі тіліндегі 
түбір быч; піс, пісір, пісіру — көне түркі тіліндегі түбір быш. Сон- 
дай-ақ піл сөзі қатаңмен айтылады да, осы түбірден жасалған сын 
есім б ұяң дыбысымен қолданылады: білдей.
Н. Қ. Дмитриев қазіргі түркі тілдерін сөз басында дауыссыз- 
дардың қай тобы жиі де біршама тұрақты қолданылуына қарай 
екі топқа жіктегені белгілі *. Олар: 1) сөз басында дауыссыздар- 
дың қай тобы да (қатаң-ұяң) біршама еркін қолданылатын тілдер. 
2) Сөз басында дауыссыздардың бір тобы біршама тұрақты қолда- 
нылатын тілдер. Бірінші топқа азербайжан, түрікмен, гагауз, қы- 
рым татарлары тілінің оңтүстік диалектісі, екінші топқа қазақ, 
қырғыз, ноғай, қарақалпақ, өзбек тілдері жатқызылады. Бірінші 
топтағы тілдер сөз басында д, г дыбыстарын, екінші топтағы тілдер 
сол позицияда т, қ дыбыстарын жиі айтады. Сөз басының біршама 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет