Б І р І н ш І б ө л ім тарихи грамматика пәНІ


тығ түрінде, осы түбірден жасалған туынды етістік қатығлан сыпа-



Pdf көрінісі
бет34/46
Дата18.09.2022
өлшемі2,52 Mb.
#39425
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   46
тығ түрінде, осы түбірден жасалған туынды етістік қатығлан сыпа- 
тында дыбысталған. Қатығды сын есімі элизияның нәтижесінде 
қатты сыпатына келсе, қатығлан етістігі дыбыс өзгерісінің нәтиже- 
сінде қатулан сыпатына келген.
56
Дивергендік құбылыстар қатарына мен, бул есімдіктерін де 
жатқызуға болар еді. Оның үстіне, бұл сілтеу есімдігі қосымша 
арқылы туынды сын есімге айналғанда мұндай, бұндай түрінде 
екі түрлі дыбысталады.
Дивергенция процесі түбір мен қосымшаның щегінде де бол- 
ған. Әдетте қазіргі тіл заңдылықтары тұрғысынан ассимиляция 
деп қаралатын құбылыс дивергенцияның мәтижесі. Айталық, ди- 
вергенцияның қәтижесінде көптік ж алғау тек -лар түрінде емес, 
қазақ тілінде -дар, -тар варианттарында да қалыптасты. Сол сияқ- 
ты септік жалғауының кейбір түрлері де осы ізбен: табыс жалғау 
тек -ны, -ні емес, -ды, -ді, -ты, -ті жатыс жалғауы тек -да, -де емес, 
-та, -те түрінде де айтылады. Соңғы варианттардағы д, т дыбыста- 
ры жеке-дара құбылыс емес, алдыңғы варианттардағы л, н дыбыс- 
тарының дивергендік көріністері ғана.
Дауыссыз^ дыбыстар құрамында болған бұл өзгерістердің қай- 
сысы да грамматикалық тұлғаларға ықпалын тигізді. Бір кезгі бір 
сыпатты, бір вариантты тұлғалардың кейбірінің қазіргі тілде бір- 
неше вариантта ұшырасуы соның нәтижесі. Мысалы, кетік, қатық 
есімдерінің кұрамындағы -ік, -ық пен тұйық етістік (қимыл есім) 
жасайтын ту  қосымшасы дивергенцияның нәтижесі. Сондай-ақ су- 
сы, көлгірсі туынды етістіктерін жасайтын -сы, қансыра тәрізді 
етістіктер жасайтын -сыра қосымшасының -сыр бөлігі, сын есім 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет