Бағаналық жасушалар С. Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық униврситеті Нұр-Сұлтан 2019



бет6/9
Дата06.01.2022
өлшемі1,65 Mb.
#11961
1   2   3   4   5   6   7   8   9
екіншіден-артық салмақтан арылу;

Кіндік қанының бағаналық жасушалары

Әрине,ең нағыз идеал көзі-нәресте туылғаннан кейінгі жинап алынған кіндік-плацентарлы қан болып табылады.Бұл қан жасушаға өте бай.Бұл қанды жинап бағаналық жасушалар “КРИОБАНКІНЕ” салып қойса,оны келешекте кез келген ауруларға,соның ішінде онкологиялық ауруларға қолданады.

КРИОБАНК-кіндік қанын,сонымен қатар ересек бағаналық жасушаларын төменгі температурада сақтауға арналған құрылғы.

Қазіргі медицина жаңа туған сәбидің серігі мен кіндік қанын пайдаға асырып, оларды сүйек кемігінен басталатын қан ауруларына қарсы қолданып жатыр. Жаңа босанған аналардың сәбилерімен бірге туған жолдасын, яғни плаценттің құрамындағы өзекті жасушалар ақ қан ауруымен ауыратын сәби үшін, не болмаса қан дертіне шалдыққан адам үшін өте пайдалы. King’s Сollege ауруханасы донорлардан 2 500-ге жуық плацент жинаған. Осыдан бірнеше апта бұрын орталықта жиналған қанды қан рагымен ауыратын ересек адам ем ретінде қолданған. Кіндікбау мен жолдас қаны қазірдің өзінде талай адамның өмірін сақтап қалды. Зерттеулер бұл сала бойынша жалғасып жатыр.Ғалымдардың ойынша, кіндікбау қанының құпиясы ашылған сайын оны қолдану мүмкіндіктері де молая береді. Guardian-ның жазуынша, кіндікбау қанын пайдаланып жатқандардың басым көпшілігі қан өнімдерін тұтынатын ата-аналар жыл өткен сайын көбейіп келеді ,олар басқа қан дертіне шалдыққандар . Көптеген зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне сүйенетін болсақ, кіндік қан құрамының тін жасушаларының мөлшері және репопуляция қасиетінің жоғары болуы планцетарлы қанның гемопоэтикалық жасушаларын аллогенді трансплантация жұмыстарына кеңінен қолдануға болатындығын көрсеті. Оңтүстік Кореяның ғалымдарының жүргізген зерттеу тәжірибелерінің мәліметтеріне сүйенсек, кіндік қанының тін жасушалары қан түзуші жасушалардан басқа жүйке жасушаларына да айнала алады. Омыртқа жарақатының әсерінен 19 жыл бойы жүру қабілетінен айырылған 37 жастағы әйел адамға кіндік қанының тін жасушаларын трансплантациялау арқылы жұлын миының жасушалары қалпына келіп, жүру қызметі қалпына келді. Науқастардың трансплантациядан кейін тірі қалуы трансплантаттың кері реакция беру дәрежесімен және оның дамуымен өлшенеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет