Туған жер дегенде ең алдымен өзіңнің туған үйің, күнде жүретін көшелерің, күнде достарыңмен бірге баратын мектебің, өзіңе өте ыстық ауылың есіңе түседі. Туған жер дегенді әркім өзінше әрқалай түсінеді



Дата02.05.2023
өлшемі33 Kb.
#89264
Байланысты:
Туған жер


Туған жер

Туған жер... Туған жер дегенде ең алдымен өзіңнің туған үйің, күнде жүретін көшелерің, күнде достарыңмен бірге баратын мектебің, өзіңе өте ыстық ауылың есіңе түседі. Туған жер дегенді әркім өзінше әрқалай түсінеді. Мысалы, мен үшін туған жер – аялаған анам, әлпештеген әкем, еркелетіп маңдайымнан иіскеген ағам, сырласымдай болғай әпкем, білімін аямаған ұстазым.


Туған жерім, Отаным, шаттыққа толы мекенім – Мақтаралым. Мұнда менің балалық шағымның ең қызықты кезеңдері өтуде. Туған жерімнің түтінінің иісін де ешқашан естен шығармаспын. Менің мектептен ең алғаш аттаған күндерімді ешқашан естен шығармаспын.
Ұстазымның ең алғаш қолға әліппені ұстатып, жетектеп келе жатқан кезінен өзімнің айқын болашағымды көрдім. Осылайша мектеп табалдырығын аттаған күнімді көз алдыма әкелсем, бүгінгі білім ордасымен, сыныптас достарыммен қоштасар сәттің жақындағанына да сене алмай қаламын. Әредік, орта мектепті бітіруге санаулы ғана уақыт қалғанын, сыныптас достарымызбен жан-жаққа, Қазақстанның түкпір-түкпіріне білім іздеп кете баратынымызды, балалықпен қоштасуым тиіс екенін ойласам бітті – жүрегім атша тулап, қобалжып қоя береді. Сыныптастарымды қатты жақсы көремін. Олармен бірге өткен әр сәтімді бағалауға тырысамын. Олар да мен үшін туған жермен тең. Ал мектебімдегі ұстаздардың орны басқаша. Олардың әр айтқан сөздерін миыма құйып алуға тырысамын. Ұстаздарымның әр ағарған шашы үшін жауап береміз. Сол үшін үміттерін ақтағанымыз дұрыс деп білемін.
Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда Отанға деген махаббат сезімі оянады. Туған жерімді ешқашан ұмытпаспын.
Негізі туған жер туралы барлық ақын-жазушылар жырлаған және жырлай да береді. Расында, ақын тұрмақ әр адам өз елін махаббатпен жырлап сүю керек. Мұндай кең-байтақ даланың оңайлықпен келмегенін түйсініп, сезінген адам мұндай жердің қадіріне де жетеді. Кіндік қаның тамып, туып - өскен мекеніңді, табаның тиіп тұрған топырақты бәрінен артық көруге хақылысың.
Адам баласына туған жердің бір түйір тасы заттың ат басындай алтынынан қымбат болуы керек. Туған жер жайлы жыр да, қара сөзбен жазылған шығармалар да әрбір халықтың әдебиетінде молынан кездеседі. Бұдан әр халықтың туған жерін ардақ тұтып, анасындай қастерлейтінін ұққандаймын.
Туған жер деген қасиетті ұғымды түсінбеген кейбір адамдар өз тілін ұмытып, өзге тілде сөйлеуде. Тіпті, өз туған жерлерін тастап, өзге шет мемлекеттерге кетіп қалып жатады. Менің бір ұққаным, ешқашан өз туған елімді, Отанымды тастап кетіп қалмаспын.
Туған жер әр адамның тағдырын құрайды.Кіндік қаның тамған жеріңнен бір қадам кете барсаң жүрегің шымылдап ,қайта оралмастай күй кешесің.Алтын діңгек,алтын босаға туған жерің өміріңнің мәні тәріздес жерден ұзап кете барсаң өзгеше күйде боласын.
Бұлардың бәрінен шығатын қорытынды әркімге туған жері, туған елі қымбат екендігі деп ойлаймын.Егеулі найза қолға алып, еңку - еңку жер шалып, ел қорғаған батыр бабаларымыз бен аналарымыздың бізге қалдырған аманатындай туған елімізді қорғау, нығайту – бәрімізге де парыз болып табылады.
Мен өз туған жерімді жақсы көремін, ақ мақтасымен мақтанамын. Ешқашан Отанымды сатпаймын және Отаныма ғана қызмет етемін.Өзімнің,туған жеріме титтей де пайдам тисе мен үшін үлкен қуаныш.
Тұрсынбай Шұғыла.
9 «А» сынып оқушысы

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет