Бағдарламалық сұрақтар Бөлімнің аты: Нәруыздар. Ферменттер


Тіс эмалінің, дентинінің, ұлпасының (пульпа), цементінің химиялық құрамы мен



Pdf көрінісі
бет49/57
Дата06.02.2023
өлшемі0,97 Mb.
#65587
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   57
43.Тіс эмалінің, дентинінің, ұлпасының (пульпа), цементінің химиялық құрамы мен 
қоректену ерекшеліктері 
Tic тіндері 
Ticтің қатты бөлігі эмальдан, дентиннен, цементтен тұрады. Тістің қуысы бос дәнекер тiнi - 
ұлпамен (пульпа) толтырылған. Ticтiң түбipi дәнекер тінімен - периодонтпен қоршалып, 
альвеоларға бөлінеді. 
Цемент. 
Цемент тic түбipi мен мойнын қоршайды. 
Құрамы: 8% су, 25%, органикалық зат(каллаген-негізгі орын алады), 68%, бейорганикалык 
зат(кальций фосфаты мен карбонаты көп). 
Цементтің eкi түpiн ажыратады: 
1)жасушасыз, біріншілік цемент (тic түбірінің мойын және ортаңғы бөлігінде орналасқан)-
цементоциттері болмайды және ол аморфты жабыстырғыш заттан тұрады ; 
2)екіншілік - жасушалық (тic түбірінің жоғарғы жағында орналасқан)-бұнда керісінше, көп 
мөлшерде цементоциттер болады. 
Эмаль-тіс сауытын жауып тұратын ең тығыз тін. Тығыздығы 2,9-3,05 г/см3 тең. Ол 
механикалық және химиялық әсерлерге өте төзімді болып келеді. 
Құрамы: 
4 % су, 3,8%-бос су, 3-3,3%- апатит криссталдарының гидраттық қабаты, 1-2%-органикалық
заттары. 
Дентин. 
Дентин негізгі заттан және дентиннің трофикасын қамтамасыз ететінтүтікшелерден тұрады. 
Түтікшелерде одонтобласттың өсінділері, жүйке талшықтарының ұштары орналасады. 
Дентиннің сауыттық бөлігі эмальмен, ал түбip бөлігі цементпен қапталған. 
Құрамы: 
72% бейорганикалык зат, 21% органикалық зат, 10% су. 
Бейорганикалық заттарының : кальций - 32%, бейорганикалық фосфор 16%-17%, қосымша 
магний, натрий және т.б микроэлементтер құрайды. 
Органикалық заттары дентиннің органикалық матриксін түзеді. Органикалық заттарына 
белоктар коллагендер, гликопротеидтер, ГАГтар жатады, онтогенез кезіндегі белок мөлшері 
тұракты 20-25%, дентинде ерекше белок фосфорин бар. Көмірсулардан энергия көзі ретінде 
гликоген бар. Липидтер жэне цитрат кездеседі. 
Ұлпа (пульпа). 
Ұлпа тістің сауытты қуысында және түбірлік каналдарда орналасады. Ол борпылдақ 
талшықты дәнекер тіннен тұрады, оның химиялық құрамы сүйек кемігіне ұқсас болып келеді.
Heгізгi затының құрамына гликопротеидтер (хондроитинсульфаттар, гиалурон қышқылы, 
гексозаминдер) кіреді. Ұлпаның негізгі заты коректік заттардың қаннан ұлпаның жасушалық 
элементтеріне түceтiн, ал метаболизм өнімдері осы орта арқылы веноздық қан тамырлар 
жүйесіне түceтiн орха болып табылады. Ұлпа одондобласт Өсінділері арқылы дентин мен тic 
түбipiнің қоректенуін қамтамасыз етеді, ceбeбi тістің қатты тіндерінде қан тамырлары 
болмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет