Бағдарламасы (5-11 сыныптар 34 сағат саны) 2021-2022 оқу жылы Құрастырған Касымбеков Ж. А. Денешынықтыру пәнінің мұғалімі



бет3/5
Дата04.09.2022
өлшемі48,39 Kb.
#38435
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
Оқушыларға қойылатын талаптар:
*оқушылардың жан-жақты сауығуына ықпал ету.
*оқушыларға футбол ойынының әдіс-тәсілдерін үйрету арқылы ептілікке, жылдамдыққа, шыдамдылық қабілеттерін шыңдауға баулу.
*футбол ойыны әртүрлі бағытты өзгертіп жүгіру, түрлі секіру, құрылымы жағынан әртүрлі сипаттағы дененің қозғалысын, допты алып жүру, қозғалыс жылдамдығы, ерік сапасының дамуын жетілдіру.
*мектеп футболшыларының дене - күш, техникалық және тактикалық дайындығын жетілдіріп жаттықтыру.
Күтілетін нәтиже: 
Білуі тиіс:
*Футбол ойынының ережесін біледі;
*Футбол ойынының әдіс-тәсілдерін үйренеді.
Орындай алуы тиіс:
*жүру, жүгіру түрлері, секіруді;
*қыздырыну жаттығулары;
*допсыз орындалатын жаттығуларды;
*жұптасып, үштікте орындалатын және балалардың қимыл-қозғалыс белсенділіктеріне ықпал ететін жаттығуларды;
*футбол ойынының біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыруды;
*техникалық әдіс-тәсілдерді;
*тыныс алу жүйесін қалпына келтіруге арналған жаттығулар қолдануды.

Оқу бағдарламасының бөлімдер бойынша күтілетін нәтижелері
1.Футбол ойынының сипаттамасы бойынша (2 сағат)
Футболдың пайда болу тарихымен танысу.Әлем елдеріндегі футболдың өзге атауларын білу.Футбол ойыны туралы түсінікті дамыту.Футбол сипаттамасы және Қазақстандағы футболдың дамуын жеткізу.Білім алушыларды жан-жақты дамытудағы спорт ойындарының маңызын түсіндіру.Футбол - кеңінен тараған спорт ойындарының бірі екенін жеткізу.Адамның дене дамуындағы футболдың рөлін анықтау.Қазіргі заманғы футбол ойынының отанымен таныстыру.


2.Футбол ойыны кезіндегі қауіпсіздік ережесі мен жарыстың негізгі ережелері бойынша (4 сағат)
Футбол ойыны кезінде және ойыннан тыс уақыт аралығындағы қауіпсіздік шараларын түсіндіру.Футбол ойыны ережелері мен ерекшеліктерін айтып, жеткізу.Футбол сабағында әрекет ету.Футболмен өз беттерімен шұғылдануға арналған алаңды таңдау.Спорт жейдесі, сабақ өткізілетін орын және спорттық құрал-жабдықтарға қойылатын гигиеналық талаптармен таныстыру.Футбол ойнау кезінде жарақаттанудың алдын алу шараларын түсіндіру.Футбол алаңының сызбаларын көрсету.Төрешілердің атқаратын қызметтерімен таныстыру.Футболшылардың ойын ережелерін сақтауларын қадағалау.Ойын нәтижелері: жеңімпаз, жеңілген команда; тең ойын нәтижелерің шығару.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет