Бағдарламасы (5-11 сыныптар 34 сағат саны) 2021-2022 оқу жылы Құрастырған Касымбеков Ж. А. Денешынықтыру пәнінің мұғалімі


«№4 мектеп-лицейі» КММ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі педагог сарапшы Исабеков Ж.К



бет2/5
Дата04.09.2022
өлшемі48,39 Kb.
#38435
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
«№4 мектеп-лицейі» КММ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі педагог сарапшы Исабеков Ж.К. _________


Түсінік хат


Футбол - оқушылардың кең көлемдегі денсаулығын нығайтып және дамытатын дене тәрбиесінің көпшілік қолданылатын құралдарының бірі.Бұл шындығында да халықтық ойын, онымен ересектер, жасөспірімдер және балалар да шұғылданады.Ол адамның дене қасиеттерінің, жылдамдықтарының, ептіліктерінің, төзімділігінің, күштің дамуына ықпал жасайды.Адамның ерік - жігерін шыңдайды.Футбол ойынының мақсаты екі коллективтің арасындағы бәсекелесте екеуінің де мақсаты бір ғана - жеңіс.Жеңіске деген ұмтылыс футболшыларды коллективтік әрекетке, өзара көмекке, достық және жолдастық сезімді тәрбиелейді.Футбол ойыны кезінде әрбір ойыншы өзінін жеке іс - қабілетін көрсете білуге, мүмкіндік ала отырып, сонымен бірге жеке ұмтылысты жалпы командалық мақсатқа жетуді талап етеді.Футболдан оқу жаттығу және жарыстар жыл бойы өтетін болғандықтан, климаттық және метрологиялық жағдайлардың жиі өзгеріп отыруы, дененің шынығуына ағзаның қарсы тұруын көтеріп және бейімделу мүмкіншілігін кеңейтуге септігін тигізеді.Спорттың басқа түрінен өткізілетін жаттығуларда, көбінесе қосымша спорт түрі ретінде футбол ойынын қолданылады.Бұл дегеніміз футбол дененің дамуына ерекше әсер етеді, таңдаған спорт түрі бойынша жақсы дайындыққа септігін тигізеді.
Негізгі міндеттері:
*оқушылардың жалпы дене дайындықтарын арттыруға және денсаулықтарын нығайтуға;
*футболмен өз бетімен шұғылдануға қажет білім негіздерін игеруге;
*доппен ойнай білуге қажет білім мен дағдыларды, мұғаліммен және құрбы-құрдастарымен біріге отырып қалыптастыруға;
*тәртіптілік, ұжымшылдық, әділдік, елгезектік, батылдық және отансүйгіштік секілді адамгершілік сезімдерін тәрбиелеуге;
*дарынды да, болашағынан үміт күттіретін балаларды арнайы спорт мектептеріне іріктеуге.
Бағдарламаның өзектілігі:
*оқушыларды футбол ойынымен шұғылдануға тәрбиелеу, сондай-ақ болашағынан үміт күттіретін және дарынды балаларды арнайы спорт мектептеріне іріктеу.
Бағдарламаның мақсаты:
*оқушыларға футбол ойыны туралы мағлұмат бере отырып, әдіс-тәсілдерін үйрету, ойынға деген қызығушылықтарын арттыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет