8-сурет. Мұғалім-зерттеушінің әдістемелік және зерттеу құзыреттілігі
-
1.
Зерттеу жүргізу саласында педагогтерді оқыту бойынша іс-шараларды
жоспарлау
Зерттеу және әдістемелік құзыреттіліктердің қалыптасу деңгейін және
педагогтердің қажеттіліктерін анықтағаннан кейін мектеп әкімшілігі зерттеу жүргізу
саласындағы арнайы дағдылар мен біліктіліктерді меңгеруде әдістемелік қолдау көрсету
үшін оқыту іс-шараларын өткізуді жоспарлайды. Бұл коучинг, семинар, практикум,
тренинг, консультация, менторинг, курстар, мастер-класс, педкеңес, практикалық
конференциялар, озық тәжірибе мектептері, әдістемелік бірлестіктер, шығармашылық
топтар, Lesson study, Action Research, ашық сабақтар, мұғалімдердің шығармашылық
есептері, экскурсиялар, жаңашыл педагогтармен кездесулер, педкеңестер сияқты
нысандар мен әдістер болуы мүмкін. Жеке: өздігінен білім алу, тағылымдама,
шығармашылық тақырыпты әзірлеу, Action Research, сабақтарға өзара қатысу, өзін-өзі
талдау, әңгімелесу, кеңесу, әкімшіліктің кейіннен талдай отырып, сабаққа қатысуы, сабақ
жоспарларын талдау.
2. Зерттеу қызметінің моделін әзірлеу
Егер басқарылатын объектінің белгілі бір құрылымы бар болса, зерттеу қызметін басқару
тиімді болады. Сондықтан, біз келесі компоненттерден тұратын модель әзірледік (9-
суретті қараңыз):
- қатысушылар құрамы;
- зерттеу қызметін басқару органдары;
- ЗҚ нысандары мен түрлері;
- қатысушылардың әр тобына арналған ЗҚ мазмұны;
- мұғалімдердің ЗҚ нәтижелерін ұсыну формалары;
- зерттеулерді мақсаттар бойынша жіктеу;
- ЗҚ-ның негізгі бағыттары;
- ЗҚ-ны ұйымдастыру және іске асыру бойынша басқарушылық шешімдер;
- зерттеу проблемасы бойынша педагогтің жұмыс тәжірибесі сипатының құрылымы.
31
9-сурет. Мектептегі зерттеу жұмысының моделі
Достарыңызбен бөлісу: |