Мұғалімнің көшбасшылығы – әкімшілік міндеттермен шектеліп қалмайтын және
мұғалімге әкімшілік өкілеттік пен жауапкершілікті жүктеуді көздемейтін, керісінше
мұғалімнің мектептің оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізуге бастама жасауды және
мәртебесінің қандайлығына қарамастан бұл өзгерістерге қолдау көрсетуді өз еркімен
таңдауын білдіретін қызметі. Мектеп тәжірибесін зерттеуші, коуч, тәлімгер,
мұғалімдердің желілік қоғамдастығын құруға бастама жасаушы рөлін орындау үшін өзіне
жауапкершілік ала отырып, мұғалім өз сыныбынан тыс жерде де мектеп мәдениетін
арттыруға, оқыту мен оқу үдерістерін жетілдіруге, мектептегі ахуалдың сапалық тұрғыдан
өзгеруіне ықпал ететін көшбасшыға айналады.
Педагогикалық менеджмент – бұл педагогикалық жүйелерді басқарудың
принциптері, әдістері, ұйымдастырушылық формалары мен технологиялық әдістерінің
жиынтығы, олардың жұмыс істеуі мен дамуының тиімділігін арттыруға бағытталған.
Педагогикалық мониторинг – бұл білім беру жүйесіндегі жағдай мен
тенденциялар туралы ақпаратты жобалау және түзету үшін жинау, сақтау, жүйелеу,
жалпылау және пайдалану бойынша білім беру мекемелері мұғалімдерінің қызметік
жүйесі.
Рефлексиялаушы практик (мұғалім)– өзінің оқыту және оқу тәжірибесін
дамыту, өзгерту және жетілдіру әдістерін мұқият және үнемі ойластырып жүретін педагог.
Сабақты зерттеу (Lesson Study)– мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білімді
жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл. Бұл тәсіл ХІХ ғасырдың 70-
ші жылдарында Жапонияда негізі қаланған. Lesson Study-ге жоспарлау, оқыту,
қадағалау, оқыту мен оқуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттауды
бірлесіп жүзеге асыратын мұғалімдер тобы қатысады. Lesson Study-дің циклін өткізген
соң мұғалімдер педагогикалық тәсілдерді түрлендіріп немесе жетілдіріп, кейіннен ашық
Lesson Study, таныстырылым өткізу, баспада жариялау арқылы әріптестеріне таратады.
Қазіргі кезде оқыту әдістемесін жетілдіру, оқушылардың бастауыш және орта мектептегі
негізгі пәндер бойынша білім деңгейін арттыру, сондай-ақ тұжырымды педагогикалық
тәсілдерді жасау мақсатында Жапониямен қатар Сингапур, Гонконг, Қытай, АҚШ,
Ұлыбритания, Швеция және Канадада ойдағыдай қолданылады.