Бағдарламасы 6В10108 «Стоматология»


Академиялық адалдық саясаты



бет2/19
Дата02.12.2023
өлшемі0,62 Mb.
#131666
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
3.2 Академиялық адалдық саясаты: Университеттің барлық білім алушылары академиялық адалдық саясатын қолдауға жауапты. Білім алушылар берілген жұмысты өз бетінше орындауға өз жауапкершілігін түсінуі керек, емтихан жазғанда және басқа да бағаланатын жұмыстарды орындағанда ережелер мен нұсқауларды сақтауы тиіс. Университеттің білім алушылары академиялық адалдық принциптерін бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Университет білім алушыларының жауапкершілігі Академиялық адалдық кодексі (2019 ж) бойынша анықталады.
Академиялық адалдық принциптері:
1.Адалдық – білім алушылардың бағаланатын және бағаланбайтын оқу
жұмыстарының түрлерін адал, дұрыс орындауы;
2.Автордың және оның құқықтық мирасқорларының құқықтарын қорғау – біреудің сөзін, ойын дұрыс беру және бағаланатын жұмыстардағы ақпарат көздерін көрсету арқылы авторлық құқық объектісі болып табылатын туындылардың авторлығын тану және қорғау;
3.Ашықтық – айқындық, өзара сенім, білім алушылар мен оқытушылар арасында ақпарат пен идеялармен ашық алмасу;
4.Білім алушылардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу – пікірлер мен идеяларды еркін білдіру құқығы;
5.Теңдік – әрбір білім алушы академиялық адалдық ережелерін сақтауды және оларды бұзғаны үшін тең жауапкершілікті қамтамасыз етеді.
Академиялық адалдықты бұзу түрлері
- плагиат;
- сөз байласу;
- алдау;
- бағаларды, бағаланатын жұмыс деректерін, құжаттарды әдейі бұрмалау;
- бағаланған жұмыстардың жауаптарын заңсыз жолдармен алу;
- ақпараттар мен құрылғыларды заңсыз қолдану;
- сыбайлас жемқорлықтың болуы;
- аралық және қорытынды аттестациялау кезінде онлайн-прокторинг тәртібін бұзу.
Академиялық адалдық принциптері бұзылған жұмыстар қабылданбайды, бағалан-байды, бағалау нәтижелері жойылады. Білім алушылардың академиялық адалдық қағидаттарынбұзғаны үшін – Академиялық адалдық Кодексіне сәйкес жауапкершілігі.
4. Сағаттарды бөлу







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет