Тақырып: Әдебиеттану ғылымының теориялық ұғымдарынан глоссарий 6В02301



Дата27.11.2023
өлшемі45,26 Kb.
#129919


ҚАЗАҚСТАН РСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Абай аатындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Филология институты
Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
Тақырып: Әдебиеттану ғылымының теориялық ұғымдарынан глоссарий
6В02301- "Филология" мамандығы
4-курс

Орындаған: Идрисова Айдана
Қабылдаған: Сыздықов Серікбол

Алматы 2023


1. Әдебиет теориясы - әдеби шығармашылықтың табиғаты мен адамзаттық қызметін зерттейтін және оны талдаудың методологиясы мен методикасын айқындайтын әдебиеттану ғылымының саласы. Әдебиет теориясының зерттеу объектісі үш түрлі мәселені қамтиды: қаламгердің болмысты бейнелеудегі суреткерлік шеберлігін, шығарманың әдеби көркемдік құрылымын, әдеби процесті.
2. Эстетика – болмысты суреттеудегі әдебиеттің адамның эсетикалық санасын байытып, жан тазалығы, эстетикалық ләззат беретін әдемілікті идея мен мақсатқа сай суреттеу. Эстетиканы анқтаудың үш шарты бар: 1) тұтастық, 2) үйлесім, 3) айқындық.
3. Әдеби шығармашылық – қаламгердің көркем туындылар тудырудағы еңбек процесі.
4. Методологиялық мектептер – көркем шығармаларды жазу мен танудағы ғылыми ілімдер.
5. Әдеби бағыт - әдебиет тарихындағы қаламгерлердің идеялық көркемдік мақсат-мүдде бірлігінен туған шығармашылық үндестік.
6. Әдеби ағым – бірнеше қаламгерге тән шығармашылық бірлік.
7. Көркем әдебиеттің табиғаты – көркем өнердің халықтық, танымдық, тәрбиелік, көркемдік, эстетикалық мәндері.
8.Эстетикалық таным – халықтың өмірге философиялық көзқарасының көркем өнердегі көрінісі.
9. Кейіпкер – көркем әдебиетте бейнеленетін оқиғаға қатысушы образ. 10. Архетип – о баста адам қиялында пайда болып, соңында өзіндік мазмұнға ие болған архаикалық рәсімдердегі психологиялық схемаларға тән мотивтер мен әдіс-тәсілдер.
11.Автор - өнер туындысын дүниеге әкелуші қаламгер.
12.Поэтика – көркем шығармадағы құндылықты бар болмысымен айқындар жүйе туралы әдебиеттанудың көне ғылым саласы.
13.Сюжет - өзара жалғасқан оқиғалар тізбегі, біртұтас желісі.
14.Композиция - әдеби шығарманың құрылысы, оның үлкен кішілі бөлім бөлшектерінің бір-бірімен қисынды түрде қиюластырылып, әр түрлі тәсілмен байланыстырылған тұтастық бірлігі.
15.Герменевтика – текстерді ұғындыру және оның принциптерін түсіндіру жөніндегі ілім.
16.Жанр - әдеби шығармалардың жеке түрлері, көркем әдебиеттің салалары.
17.Әдеби процесс- бұл белгілі бір дәуірде, сонымен қатар, ұлттар мен елдердің, аймақтардың, әлемнің күллі тарихи кезеңдерінде өмір сүріп келе жатқан әдебиеттің тарихи заңды қозғалысы.
18. Стиль – жазушының өмір шындығын танып-білу, сезіну қабілетін, бейнелеу шеберлігін, өзіндік суреткерлік тұлға бітімін танытатын даралық өзгешелігі, жазу мәнері, қолтаңбасы.
19. Әдеби байланыс – ұлттық әдебиеттер арасындағы көркемдік дәстүрлер жалғастығы, ықпалдастығы.
20. Нәзира нәзирагөйлік - Бір ақын жырлаған тақырыпты кейін басқа ақынның қайта жырлауы немесе алғашқы шығармаға екіншінің “жауап” қатуы.
21. Реализм — әдебиет пен өнерде өмір құбылыстарын шынайы қалпында, нақтылық белгілерін сақтай отырып, жинақтап бейнелейтін көркемдік әдіс.
22. Тезис- шығарманың, баяндаманың, сөздің қысқаша желісі, негізгі ойы, пікірі.
23. Автор бейнесі - әдеби шығармадағы жазушының өз тұлғасын көру қалпы.
24. Айтыс — ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы.
25. Арнау өлең — түркі халықтары поэзиясына тән жанр. Арнау өлеңнің жіктелуі негізінен тақырыптық сипатына, яғни кімге, қалай арналуына байланысты: жарлай арнау, сұрай арнау, зарлай арнау.
26. Жарлай арнау — көпшілікке, белгілі бір ортаға, қауымға немесе жеке адамға да қаратылып айтылады.
27. Сұрай арнау — көпшілікке, не жеке адамға арналып айтылады және жауап күтіледі. Сұрай арнауда кейде жауап беріледі, кейде жауап меңзеу арқылы сезіліп, білініп тұрады.
28. Зарлай арнау — Арнау өлеңнің ең көне түрі. Мұнда халық басына түскен қиын кезең, немесе жеке адамның басына түскен қиындық, тағдыр тәлкегінің азабы ерекше ашылып көрсетіледі.
29. Ассонанс - өлең сөзде дауысты дыбыстардың үндесе қайталануы
30. Әңгіме, әдебиетте — оқиғаны қара сөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры.
31. Байырғы сөз (төл сөз) — белгілі бір тілдің өзіне тән, лексикалық құрамының неғұрлым ескі қабатына жататын етене төл сөздер.
32. Балалар әдебиеті — балаларға арналып жазылған әдеби шығармалар.
33. балалар фольклоры – халық фольклорының арналы салаларының бірі.
34. Баллада - әдебиетте: поэзияның шағын сюжетті лирикалық жанры;
35. Көркем сөз - эстетикалық мәні күшейтілген, әсерлі, бейнелі сөз. 
36. Әлдебір нәрсені қолдан жасау; әлдебір шынайы нәрсені жалған, алдамшы жаймен алмастыру, саналы түрде бұрмалау.
37. Лиро-эпос жанры — бір жағынан, лирикалық, сыршылдық, сарыны бар, екінші жағынан оқиғалы болып, эпосқа тән сипатқа да ие болатын шығарма түрі.
38. Ғылыми-стиль —зат не құбылыс ғылыми негізде сипатталып, дәлелдеуді қажет ететін стильдің бір түрі
39. Дастан – әдебиет жанры. Фольклордың саласына жатады. Таяу ШығысОрта Азияқазақ халықтары арасында кең тараған. Тақырыбына қарай қазақ дастандары батырлар жыры («Алпамыс»), тарихи жырлар («Бекболат»), ғашықтық жырлар («Қыз Жібек»), қиссалар («Тотының тоқсан тарауы») болып бөлінеді.
40. Дәйек сөз, цитата (лат. cіtoкелтіремін, шақырамын) – түпнұсқадан сөзбе-сөз алынған үзінді. Автордың ойын беделді пікірлермен тиянақтау үшін, біреудің пікіріне сын айту үшін, құнды дерек ретінде пайдалану үшін қолданылады.
41. Драматургия (гр. δρᾱμᾰτουργῐ́ᾱ) — қандай да бір халықтың немесе жазушының белгілі бір дәуір мен кезеңдегі драмалық шығармаларының жиынтығы.
42. Ертегі – фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры – халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза.
43. Естірту – қазаға ұшыраған адамның қайғылы хабарын оның жақын туыстарына хабарлау рәсімі. Ауыр қаза, қайғылы оқиғаны жанашырларына, ел-жұртына өлеңмен Естірту дәстүрі қазақ халқында ертеден бар.
44. Жанр (фр. genreлат. generіs — түр, тек) — өнердің барлық түрлерінде тарихи қалыптасқан іштей жіктелім жүйесі.
45. Жар-жар — қазақ тұрмыс-салт жырларының ежелден келе жатқан жанрлық түрінің бірі. Ол қыздың ұзатылатын тойы аяқталып, аттанар алдында орындалады. Күйеу бастаған жігіттер жағы атқа мініп келіп, отау үйдің сыртынан жабықты ашып өлең бастайды.
46. Жаңылтпаш — қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде болады. Жаңылпаш ойын-сауықтарда ән білмейтін, жатқа тақпақ айта алмайтын жастарға жаза ретінде де қолданылған.
47. Жоқтау немесе элегия (гр. ἐλεγεία – жоқтау) — дауыс қылу деп те аталады, қазақ халқының әдет-ғұрпында адам қайтыс болған күннен бастап оның жылы өтіп, асы берілгенше жоқтау айтылады. Қазаны естіген жанашыр туыстар ауылға “ой,бауырым" деп ат қойып шауа келіп, атынан жығыла түсіп, жақындары жоқтау айтып, қайғылы сарынмен көріседі.
48. Жұмбақ– адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.
49. Кейіпкер – көркем шығармада суреттелетін оқиғаға қатысушы адам, әдеби образ. Әдебиетте адамның көркем бейнесін жасағанда, жазушы оның кескін-тұлғасын, іс-әрекетін, мінезін сол ортаның, дәуірдің өзгешеліктерін танытатын типтік сипаттарымен қатар өзінің басына ғана тән ерекшеліктерді де анық байқалатындай етіп суреттейді. 
50. Қисса (араб.: ‎ - әңгіме, аңыз) - ауыз әдебиетіне тән эпикалық жанр, сюжетті жыр, дастан, кітаби эпос. Мазмұны, құрылысы жағынан лиро-эпосқа жақын

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет