Бағдарламасы «бастау бизнес»


Салық төлеу бойынша тәуекелдер



бет9/200
Дата18.10.2023
өлшемі11,69 Mb.
#118608
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   200

Салық төлеу бойынша тәуекелдер





Іс-әрекет

Тәуекелдер (бұл несімен қауіпті?)

Мемлекеттік кіріс органының салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұру туралы шешімінің қолданылуы кезеңінде қызметті жүзеге асыру

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекстің
271-бабы. Мемлекеттік кіріс органының салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұру туралы шешімінің қолданылуы ке- зеңінде қызметті жүзеге асыру ескерту жасауға әкеп соға- ды. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға –
40 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл
салуға әкеп соғады.

Кредит мерзімінің аяқталуына дейін ЖК қызметін тоқтату

Салық органы үш жұмыс күні ішінде қызметін тоқтату ту- ралы салық өтінішін алған күннен бастап: қызметін тоқта- татын жеке кәсіпкердің банк шоттарындағы ақша қалдығы мен қарыздары туралы ақпараттарды беру туралы банктер мен банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүргізетін ұйымдарға хабарлама жібереді. Сәйкесінше кредит бойын- ша қарыздар анықталған жағдайда ЖК кредит бойынша қа- рызды мерзімінен бұрын жабуы тиіс немесе оның қызметін тоқтатуға кредит сомасын толық жапқанша тыйым салынады

12 ЕТЖМ (339 408 теңге
2018 жылы) аса жылдық табыс тапқан жағдайда

Міндетті салық есептілігінде тұруы тиіс

Салықтарды төлеуден жалтару

Қазақстан Республикасының Салық кодексінде орнатылған мөлшерде айыппұлдар, өсімпұлдар салынады. Банк шотта- рына тыйым салынады

Ісіне жауапсыз кәсіпкер болмас үшін сізге:

  • Барлық заңнамалар, ережелер, нормалар мен Кәсіпкерлік кодексі, Азаматтық кодекс, Әкімшілік кодексі, Салық кодекстері міндеттемелерін орындап, Қазақстан Республикасы Конституциясы аясында қызмет жасау;

  • Кредит бойынша берешекті төлеу шартының барлық міндеттемелерін орындау;

  • Кредитті толық өтемейінше ЖК-ны жаппау;

  • Салықтар мен басқа да міндеттемелерді төлеудің барлық мерзімдерін сақтау;

  • Кредитті мақсатқа сай пайдалану;

  • Жалған қол қою, мөр, құжаттар мен сатып алу-сату шартын қолдан жасамау;

  • Кәсіпті бастағанда маркетингілік зерттеулер мен өнімді өткізу нарығының талдауын пайдаланып, анағұрлым табысты, жоғары пайда әкелетін, сұранысы бар бизнес-идеяларды таңдау;

  • Қаржы-заңгерлік сауаттылығыңыздың болуы және өміршең бизнес-жоспар құру қажет.

Жоғарыдағыны қорытындылай келе, заңсыз жұмыс жасап, үлкен айыппұл мен өсім төлегенше заңды жұмыс істеген тиімді, заңгерлер айтпақшы, заңды білмеу жа- уапкершіліктен босатпайды.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет