Бағдарламасы білім беру бағдарламасы: 6В02122 Дәстүрлі музыка өнері Мамандануы: «Дәстүрлі музыка өнері» бакалавры



бет2/11
Дата17.02.2023
өлшемі189,5 Kb.
#68812
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Келісілді:
Түркістан қалалық адами әлеуетті дамыту бөліміне
қарасты «Ақжайық» музыка мектебі директоры __________ С.Б.Айсынов


КІРІСПЕ

6В02122 - Дәстүрлі музыка өнері (орта топ) бойынша білім алушылардың өндірістік тәжірибе ІІІ өтуі оқу процесінде өте үлкен роль атқарады. Өндірістік тәжірибе ІІІ – Түркістан қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімі «Ақжайық» музыка мектебі өтіледі. Мұнда білім алушылардың шығармашылық өнердің міндеті мен мақсатын айқындап, балаларды дәстүрлі музыка өнеріне баулы барысында қоғамға қызмет ететіндігін сезінеді. Өндірістік тәжірибе ІІІ барысында білім алушылар сабақ береді, біраз тәжірибе жинайды. Дәстүрлі музыка өнерінің қыр-сырын зерттеп, арнайы білімді игеруге берік негіз қалайтын өнер иесі ретінде оның шығармашылық, тәжірибелік деңгейі басты назарға алынған. Бөлімнің оқу жоспарында студенттердің өз бетімен ізденіп, жұмыс істеуіне шығармашылық, тәжірибелік білімін мектепте күнбе-күнгі тәжірибемен тығыз ұштастыра жүргізуге ерекше көңіл бөлінген.


Бұл бағдарламада болашақ дәстүрлі музыка өнері мамандарын даярлауда қойылып отырған жаңа талаптарға сай білім алушылардың өндірістік тәжірибе ІІІ өткізу мақсаттары мен міндеттері, оның ұйымдастыру ерекшеліктері, тәжірибелік даярлықтың мазмұны мен әдіс-тәсілдері айқындалған. Бағдарламаны құрастыру кезінде «Дәстүрлі музыка өнері» мамандығының типтік және жаңартылған оқу жоспары, өндірістік тәжірибе ІІІ әр-түрі жөніндегі нұсқау материалдар, тәжірибелік даярлықтың барлық кезеңдерінің жұмыс бағдарламалары, тәжірибеден өтушілерді қабылдайтын «Ақжайық» музыка мектебі ұжымының сын ескертпелері мен тілек-талаптары негізге алынды өндірістік тәжірибеде өтудің бұл біртұтас бағдарламасы студенттерге сондай-ақ оқытушылар мен студенттерге жетекшілік ететін шығармашылық қызметкерлерге арналған өндірістік тәжірибеде өтетін негізгі орындар: Түркістан қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімі «Ақжайық» музыка мектебі.
Өндірістік тәжірибе ІІІ мақсаты: жалпы ғылыми, культурологиялық, психолого-педагогикалық, әдістемелік және арнайы пәндер бойынша алған білімін шындап тереңдету, сондай-ақ теориялық білім негізінде педагогикалық біліктілігін ұйымдастыру.
Мұғалім және жетекшінің көмегімен барлық педагогикалық функцияларды біліп,
теориялық білімін қолдану. Өндірістік тәжірибе ІІІ жалпы ғылыми, дидиактикалық, әдістемелік, пәндік және психолого-педагогиклық дайындықты біріктіруге бағытталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет