43
№12
Ж±МА С¦ЛЕМ
Бірде Өмірзақ ағам:
– Көпен-ау, көптен бері көрінбей кеттің. Қайда жүр-
сің? – деді.
– Аға, – дедім алыстан орағытып. – Хайуанаттар тура-
лы сан алуан қызықты хикаяны теледидардан көріп жүрген
шығарсыз. Сонда аң патшасы арыстан орманның ана ше-
ті мен мына шетіне зəрін шаптырып, өзінің мекен жай
аумағын еншілеп, белгілеп қоймай ма? Исін сезген басқа
арыстандар сол маңайға өмірі жоламайды.
– Иə...
– Сіз де орман сияқтысыз, аға. Айтыстың арыстаны
Жүрсін досым төрт жағыңызға төгетінін төгіп, шегелеп
қойған шекарасын бұзып төңірегіңізге бара алмай жүрмін.
Күлді. Ынты-шынтымен күлді.
(Болған оқиға)
Байыптасаң өзің де байқар едің,
Байқағасын басыңды шайқар едің.
Азын-аулақ арыстан бөліп алған
Бай орманға ұқсайды байтақ елім.
Арыстан ба ну орман иелері?
Бəлкім біреу «Түлкі!» деп түйер еді.
Үзіп-жұлып жемтігін тартып жейтін
Жемқорлардан аумайды шиебөрі.
Жорта берген жыртқыштан көп із қалар,
Іштерінде солардың доңыз да бар.
Хайуандардың қалдығын қажап жүрген
Əуре болма сен іздеп қоңыздан ар.
Түсседағы қақпанға, пышаққа да,
Одан сайын ұмтылар ұсақтала.
Жетіп жатыр жемтігі хайуандардың,
Жетпейтіні шіркін-ай, нысап қана!..