шағама ұстатам. Екі мыңы – есеп-шотыма. Бітті!
Домбырасын шертпей, жүйріктерін ертпей Жүрсін Ер-
ман келеді де:
– Өмеке, – дейді келтесінен кесіп сөйлеп, – сіздің туған
жеріңізге арнап «Бақанас – елдің байтағы» деген əнге сөз
жазғанымды білесіз. Дегеніме көнсеңіз, сізге шаш етектен
пайда əкелем, күйді де күмбірлетем.
– Қанша сұрайсың?
– Жүз мың доллар! Елу мыңын өзім алам! Маған демеу-
ші болғаныңыз үшін қырық бес мыңын өзіңізге берем. Бес
мыңы – Қоразбаевқа! Күйді сол-ақ шығарсын!
Өмеке, өзіңізге жұма күні
Жұма сəлем беретін бір-ақ іні.
Бір сəлемге жүз сауап алып жүрсем,
Айыпқа бұйырмаңыз сірə, мұны.
Азаматсыз, ат мініп, бақ қараған,
Ала жібін ешкімнің аттамаған.
Бір сəлемін кісінің алған жанға
Жазады екен он сауап хақ-Тағалам.
Мұсылмандық əдет пен ғұрып қандай!
Жалғасуда ұрпаққа, тұрып қалмай.
Алмасаңыз Алланың он сауабын,
Қос қанатын аққудың қырыққандай...
Ата-баба сіңірген салтын маған,
Кері тартпас керуенін нар тұлға ағам.
Құлақ қойып, Қожеке, тыңдасаңыз,
Жүрегімде бір күй бар тартылмаған...
48
№16
Ж±МА С¦ЛЕМ
Абай Құнанбаев төрт əйел алған.
* * *
Үш некелі Мұхтар Шахановтың мəліметі бойынша,
Пушкин 113 қыз-келіншекпен көңіл қосқан.
* * *
Ағылшынның атақты драматургі Бернард Шоу жетпіс
екі жасында он тоғыз жасар қызға үйленген.
* * *
Елу жастағы еркек:
– Жиырмадағы қызға үйлендім! – деп кеуде керіп мақ-
танса, оған біреу:
– Оһо-о, – депті онша қуанбай. – Сен алпысқа келгенде,
ол отызға толады. Жетпіске жеткеніңде, ол – қырықта.
Сен сексеннен асқанда, ол алпысқа қарай аяқ басады. Кəрі
əйелге үйленіп денің сау ма?
(Қазіргі заманның қалжыңы)
Бергелі тұрған жоқпын күшті кеңес,
Мақаш
1
ағам: «Бақшама түсті!» демес.
Көзін ашып көргені бір-ақ əйел,
Шөмішбай
2
сондықтан да Пушкин емес.
Қыз-қырқынға мінезі жүдə жайлы,
Танымайтын əйел жоқ бұл ағайды?
Күйеу бала атанып төс жеуден-ақ
Басып озды Досанов ұлы Абайды.
Тонды пішіп сыртынан, жобалама,
Тоқал үйір болады тоқ ағаңа.
1
Мақаш Тəтімов – демограф ғалым.
2
Шөмішбай Сариев – ақын.
49
Үлбіретіп үш рет үйленсе де,
Нəрікбаев
1
Бернард Шоу бола ала ма?
Қой өреді қойшының таяғынан,
Құт келеді келіннің аяғынан.
Бір үйірді қайырған қара айғырдай
Қазақ – жылқы мінездес баяғыдан.
1
Мақсұт Нəрікбаев – заңгер.
50
№17
Ж±МА С¦ЛЕМ
Өмірзақ ағама таңертең қоңырау шалып, аман-саулық-
тан кейін Кеңес Аухадиевтің ұялы телефонын сұрадым.
– Сен тым биік ұшып, аспандай берме! – деді əңгіме ара-
сында.
Онша түсінбедім. Ақжүрек ағам не айтқысы келді екен?
Жұмбақ.
Кешкілік Кеңес ағамның үйіндегі бақилық болған Кербез
жеңгейге бағыштап «Жұлдыз» дəмханасында ас берілді.
Өмекеңмен бір дастарқан басында қатар отырып қалдық.
– Сəскедегі жұмбақ сөзіңіздің түйінін түсінбедім, аға? –
дедім аңысын аңдығандай.
– Сен ойлама, парашютпен секіргеннің бəрі жерге аман-
есен түседі екен деп. Кейде парашютің ашылмай қалуы
мүмкін, – деді тағы да жұмбақтай күліп.
Он ойланып, тоқсан толғанып Өмекеңнің жұмбағын
Достарыңызбен бөлісу: |