8
* * *
Ерлігіңді түсіне алмай қауым дал:
Соғып жатыр тұс-тұсыңнан дауылдар
Сен неше жүз пародия арнасаң,
Соншама жүз бітіспейтін жауың бар!
Жүрсін ЕРМАН
* * *
Көпен Әмірбек – қазіргі қазақ әдебиетіндегі сатира
жанрында ұзақ жылдардан бері жемісті еңбек етіп ке-
ле жатқан көрнекті қаламгеріміз. Қазіргі біздің қазақ
әдебиетінде сатира жанры кенжелеп дамыған. Бұл орыс
әдебиетіндегі сияқты оның үлкен, ұлы тұлғалары біздің
әдебиетімізде аздау деп айтсақ – ол артық айтқандық
емес. Сондықтан бір өзі бір театрға айналған Көпен ол
тек сатирик-ақын ғана емес, өзінің жазғандарын өзі орын-
даушы Петросянымыз. Көпен – өз сатираларын сахнаға
бейімдеп қоюшы ретінде де, оның қоғамдағы ең өзекті
проблемаларын арқау ете білген публицист ретінде де
қазіргі қазақ әдебиетінің айтулы тұлғаларының бірі.
Достарыңызбен бөлісу: