20
Ойласаң арам пиғыл, сақалы ұзын
Қу сасық бақылдаған теке деймін.
Келіп пе ең қағысуға келініңмен,
Ұстата қояр ма екем желінімнен.
Тайлақтай төбет қуған кіріп келдің,
Қайнаға, шошынамын пейіліңнен.
Сәдіғұл:
Түрпідей тиді-ау тілің келін бала,
Жүгірдің сұрамай-ақ желінді ала.
Теңедің текеге де сасық иіс,
Қалдырып мені ұятқа кегіңді ала.
Тайлақтай тайраңдауға шама қайда,
Дөрекі мен қимаймын шалағайға.
Сәлемет деп келіп ем Сәрсенжанға,
Алмай ма сәлемімді, бала қайда?
Ақжүніс:
Түрпідей тілім болса – ақындығым,
Сәрсенге байқалмайды жақындығың.
Ісіңді сарапқа сал, ел айтады,
Қайнаға-ау, ақымақ кім, ақылды кім?
Дөрекі сөз іздеген өз қылығың,
Түседі келіндерге көз қиығың.
Жараған жас буыршын Сәрсен інің,
Жүр-дағы қырдан аулап жез киігін.
Алтынның сынығындай, тұлпардың тұяғындай Өмір-
зақ ағаның кеудесі – күй, жүрегі – жыр.
Неге десеңіз,
базбіреулерге әншейін ауызекі айта салатын уәждерін
өлеңмен кестелеп, жауап беріп жатады. Өлеңді әрине,
өзі шығармайды. Ізінен ерген Жүрсін, Аманжол, Ри-
нат секілді ақын інілеріне жазғызып, «үшбу сәлемін»
поэзия тілімен жора-жолдастарына өз атынан жолдап
жататынына қайран қалам. Бір қызығы – өлеңнің ав-
торын жасырмайды. Мысалы,
Өмекеңнің өз атынан
замандас-тұрғыластарына жазылған ішкі сырын Аман-
жол Әлтаевтың өлеңімен өрнектеген бір шумағын кел-
тірейін:
Қожа деп балаған соң ағасына,
Алаштың тең қарадым баласына.
Атам мен анам ақын болғаннан соң,
Әр сөздің жете білдім бағасына.
…Ғайыптан тайып кәнігі кәсіпкер, меценат, өнер жа-
нашыры Өмірзақ Сәрсенов ағамен телефон арқылы
тілдесіп ем:
– Қайда жүрсің, қарағым-ау? – деді еркелете сөйлеп. –
Тым құрымаса, жұмасына
бір рет телефонмен болса
да сәлеміңді үзбе.
Шаруаң болмағасын шаужайына жармасып, апта
сайын «Ассалаумағалейкум!» дей берген де ерсі емес
пе? Соны сезгендей Өмірзақ ағам:
– Жұма сәлеміңді бір-екі шумақ болса да өлеңдетіп
менің факсіме жіберіп тұрсай! – деді. Сынағаны ма?
Әлде қамшылағаны ма? Масқара-ай!
Ағыл-тегіл жыр-
лайтын ақын емеспін. Қалай көсілем? Шөңгені де,
шөпті де
тілге тиек етсем, Алдаркөсенің «әләуләйы»
боп кетпей ме? «Нар тәуекел!» дедім де оң жамбасыма
ыңғайлы өз әдісіме салып,
әзіл-оспақпен тұздықтауға
тырыстым.
Міне, «Жұма сәлем» солай туды.