СОЛАЙ ДА СОЛАЙ!
Қазақстан Республикасы Парламентi Мəжiлiсiнiң де-
путаты, Халық жазушысы Шерхан Мұртаза туралы көп
сериялы киносценарий
КИНО ЖУРНАЛ
«Елiм, саған айтам,
Елбасы, сен де тыңда!»
Камал дос!
Сен де құлақ түр.
Себебi, сен – соқа, мен – трактор.
БIРIНШI СЕРИЯСЫ
Мəртебелi мырзалар!
Бiраздан берi
Жанымды жегiдей жеп жүрген құрт бар.
Əрине, оны түсiнетiн де,
Түсiнбейтiн де жұрт бар.
«Ердi – ерiншектiк,
Жердi арамшөп аздырады».
Менi бiреулер «Ұлтшыл!» деп жазғырады.
Өкпелейдi.
Өкпелесе, «көшке берген тайлағын алсын»,
Немесе мен секiлдi
Қайта-қайта депутат боп сайланып алсын.
Жетесiзге жетi айтып,
Санасызға сан айтып,
Сессия сайын көзiмiздi алайтып
146
Тiл туралы
Өңешiмiз жыртылғанша айтыстық.
Тартыстық.
Қырқыстық.
Жата қалып жағаны да жыртыстық.
Не бiттi?
Базбiр депутат мырзалар:
«Жылама,
Жыласаң тағы да ұрам!» деп желiктi.
Сонда солардың дiттегенi не?!
«Мемлекеттiк тiл екi тiлде жүрсiн!» дейдi.
Не деген сұмдық?!
Құйқаң шымырлап, жүрегiң дүрсiлдейдi.
Сиырдың тiлi – бiреу,
Ешкiнiң тiлi – бiреу,
Доңыздың тiлi – ол да бiреу.
Тек жыланның тiлi ғана айыр.
Бұл не?
Жылан болсын дегенi ме,
Əлде, лаң болсын дегенi ме?
Түсiнiксiз!..
ЕКIНШI СЕРИЯСЫ
Мырзалар!
Жалпы,
Жаманшылық ойлағандардың
Арқасына алты қотыр,
Желкесiне жетi қотыр шықсын.
Қасиын десе қаны шықсын,
Қасымайын десе жаны шықсын.
Жүзге бөлiнгеннiң жүзi күйсiн!
Солай ма, Қалаубек мырза?!
– Шерхан-ау, саған халқың ырза.
Сен бүкiл түркiге туыссың.
«Руға бөлiнген у iшсiн!»
– Солай ма, Мұса мырза?
147
– Солайы – солай!
Ештеңе жоқ оңай.
«Бөлiнгендi бөрi жесiн,
Айрылғанды аю жесiн!»
– Солай ма, Толымбек мырза?
– Шераға!
Құдайдың құтты күнi
Айтып жүрсiз дуалы ой.
«Ұлт пен сана»,
«Ұлттық парыз» –
Бəрiне де куə ғой.
Қарға тамырлы қазақпыз,
«Қарына тартпағанның қары сынсын!»
– Солай ма, Əмiрхан мырза!
– Шераға!
Аса құрметтi Шераға!
«Табалдырықтан биiк тау жоқ».
Бiз тұрғанда сiзге келер жау жоқ.
Алайда, Абай айтқандай:
«Қазақтың жауы – қазақ».
Турасын сөйлеп туғанына жақпайтын
Сiздей қазақ аз-ақ!
Аз!
Өте-е-е аз, Шераға!..
– Сырт көз – сыншы:
«Шерхан Тынысты бiледi,
Тыныс жұмысты бiледi»
Деп тақпақтайтын көрiнедi.
Тыныс мырза,
Сiз бұ гəпқа «нима» дейсiз?
– Шераға!
Тесiк ауыз тек тұрмайды.
Не бiрдеңе жеп тұрады,
Не бiрдеңе деп тұрады.
Қай ауыздың қақпағы бар?
Бiздiң өзбек ағайындардың да тақпағы бар.
148
Былай:
«Дар хакихат, битта одамнинг
Битта қолтигиға
Ихта таруз сиғмайди» деп гəпырады.
Əй, олар да қатырады!
Қазақшасы:
«Бiр қолтыққа екi қарбыз симайды» дейдi.
Сиғанда қандай!
Сiздiң қолтығыңызға бiреу емес,
Бiрнеше қарбыз сиып жүр.
Мəселенки, əлгi Əмiрхан,
Қалаубек,
Мұса,
Толымбек,
Жамбыл,
Рафаэль...
Тағы да бiр-екi əйел.
Олардың орынбасары бар.
Барлығы да бiр қолтыққа сиып жүр.
Айтқан сөзiңiзге айрандай ұйып жүр.
– Ендеше,
Жақсы журналист – ырыс,
Жаман журналист – ұрыс.
Солай ма, Тыныс?..
– Дұрыс, Шераға, дұрыс!
– Дұрыс болса дұрысымыз,
Бүгiн бiттi бiр iсiмiз.
Мен Президентке кеттiм,
Жұмысыңызға кiрiсiңiз!..
Достарыңызбен бөлісу: |