111
Барып еді «Ведомостъ» деген жерге,
Келе-келе одан да түсіп қалды.
«Подъезде» мен неге жүремін деп,
«Разъезге» ұмтылды кіремін деп.
Мансап қуып масқара-ай,
Осы қуың
Орын тапты «Съезден» Кремль кеп.
Қалмаса да қарайып ізі хатта,
Ілінген жоқ басбұзар бұзық атқа.
... Съездерді басқарған кей дөкейді
Ұқсатамын «Твердый знакқа».
№60
Ж±МА С¦ЛЕМ
Үкіметті сынадай қағып, сынап-мінейтіні несі? Олар əлі
ештеңе істеген жоқ қой.
(АҚШ əзілкеші Боб Хоуптың əңгімесінен)
Жоғарыда
отырған кім дейсіңдер,
Не бітіріп жатқанын білмейсіңдер.
Тіфə, тіфə...
Шөп басын сындырған жоқ,
Жүндей түтіп несіне тілдейсіңдер?
Заңды жасап отырған кім дейсіңдер,
Кімді қорғап жүргенін білмейсіңдер.
Мафияға ақия қарамаса,
Тіке шауып несіне тілдейсіңдер?