143
– Бiлмеймiн. Бағана вокзалда кездесiп, қолтаңба сұрады.
Сөзiнiң нобайына қарағанда, менiң бiраз кiтабымды оқыған
сыңайлы.
Қиянды кезiп қызыл түлкi iздеген аңшыдай бесiншi ва-
гонға беттедiм. «Түлкiнiң қызылы – өзiнiң соры» деген рас-
ау. Əдемi болмаса əлекке түсе ме? Кəмпит дəметкен бала
секiлдi əр купеге телмiрiп, əдемi келiншектi жобалап жүрiп
таптым-ау.
– Сiздi Шерағаң шайға шақырып жатыр! – дедiм.
– Менi?
– Иə.
– Ыңғайсыз емес пе? Бармай-ақ қояйыншы! – дедi.
Кез келген еркектiң бiрiншi ұсынысына бiр рет «отказ»
беру – əр əйелдiң мiндетi. Əдемi келiншек өз мiндетiн орын-
дап, бiр рет «отказ» жасады.
–
Бармасаңыз ыңғайсыз болады, – деп мен де тықақтап
қоймадым. – Жүрiңiз, меселiн қайтармаңыз. Үлкен кiсi ғой.
– Солай ма?
– Солай!..
Бiттi. Ендi «отказ» жоқ. Мен – паровоз, ол – вагон, iркес-
тiркес iлестiрiп Шерағаңа əкеле жатыр ем, бетiнiң қыртысы
көп, аузының бiр тiсi жоқ кем иек кемпiр қарсы жолығып:
– Шырағым, жүзiң таныс. Қай баласың? Əлгi əзiлкеш
бала емессiң бе? – дедi.
Басымды изедiм.
– Е, айналайын-ай! Жақсы жолықтың ғой. Ауылдың жағ-
дайын айғайлап неге айтпайсыңдар, түге?
– Апа-ау, айғайлап сөйлейтiн адам iздесеңiз мына вагонда
Шерхан Мұртаза келе жатыр.
– Тiк тұрып тiстенiп сөйлейтiн депутат Шерхан ба?
– Иə! Жүрiңiз, со кiсiге жолықтырайын.
Əжемдi, əдемi келiншектi «Күте тұрыңыздар!» деп есiктiң
ернеуiне кiдiртiп қойдым да, Шерағаңның купесiне сойған
түлкiдей ыржиып жалғыз кiрдiм.
– Таптың ба? – дедi.
– Таптым.
– Қайда?
144
– Сыртта тұр.
Ағамның ажары жүзiн
жуған қауындай қызарып, қобы-
раған шашын қолымен тарақтап, қалыңдығын күткендей
қатты қопаңдады. Əзiл болсын деп əжемдi əдейi
жеке кiр-
гiздiм.
Шүйкедей кемпiр шүлдiрлеп:
– Əй, Шерхан шырағым, амансың ба? – деп есiктен енген-
де, екi көзi тас төбесiне шықты. «Мынауың не?!» дегендей
маған ажырая қарады.
– Ескi заманның ең əдемi келiншегi осы емес пе? – дедiм
өтiрiк аңқаусып.
Əжемiз əңгiменi əрiден қозғап, Шəкеңнiң миын шайқады.
«Дұрыс, апа, дұрыс!» деп шыбындаған аттай басын қайта-
қайта шұлғып, кемпiрден əрең құтылғасын:
– Адам өстiп те қалжыңдаса ма?! – дедi ызғарланып. Iле-
шала лып еткiзiп ең əдемi келiншектi енгiзгенiмде, емiзiк кө-
рiп жылағанын қоя салған баладай сап тиылды. «Екi ғашық
қол ұстасып оңаша отырсын» деп жағдай жасағансыдым да:
– Аға, таңертең Таразда жолығамын! – деп кетуге ыңғай-
ландым. «Отыр!» деген жоқ. Сiрə, қарамды көрсетпей қайт-
қанымды қалап тұр.
Жолсерiктермен келiсiп, көршi купеге жайғастым.
Таңға таяу Таразда оянып, Шерағаңды шығарып салдым.
– Қарындас, ағаңды өкпелетiп, томпитып қойғансың ба,
неге солғындау қоштасты? – дедiм тамырын баса сөйлеп.
– Ағамның ер екенiн бiлсем де, серi екенiн бiлмеппiн, –
дедi əдемi келiншек жымиып.
– Не, құда түстi ме?
– Жо-оқ, əңгiмесiнiң əуенi солай. Əуелi əдебиет төңiре-
гiнде сырластық. Пiкiрлестiк. Шай iштiк. Жiпсiдiк. Сөзiмiз
жарасқасын жiбектей есiлiп, жiгiттей қырындады. Бiрте-
бiрте буыны босай бастағасын:
– Ағай, күйеуiме ант бергем. Антымды қалай бұзам?! –
дедiм. Сол сол-ақ екен:
– Ант?! Айналайын-ау, ант деген немене? Еуропаға елiк-
теп өз заңымызға да өзгерту енгiзiп жатқан жоқпыз ба? – дедi
қабағынан қар жауып.
145
Сөз саптауына қарағанда, əдемi келiншек өз «заңына» өз-
герту енгiзбеген сияқты.
... Бiр кем дүние-ай!
2005 жыл
Достарыңызбен бөлісу: