Бағдарламасы бойынша шығарылды растыр ан: Якуда амандыов ә Әнші әміре әміре ашаубаев туралы естеліктер. раст


әркімге теестіріп әуре етпеген де д"рыс



Pdf көрінісі
бет11/130
Дата19.09.2022
өлшемі1,9 Mb.
#39444
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   130
әркімге теестіріп әуре етпеген де д"рыс. Оның дауыс 
әсемдігін, ән айту шеберлігін кезінде Затаевич те көп жазған, 
тіпті: «Оның ауылда болмай, қалаға келіп тұрақтануы 
даусының зорлығын бәсеңдетуі мүмкін», - деп қауіп те айтқан 
болатын.
Адамдар, әсіресе өнер адамдары өз қатарластарын 
оңайлықпен мойындай қоймайды ғой; бірі мойындаса, бірі 
қыңырайып, бірауыздан жоғары баға бере салмайды. Ал 
Әміре жөнінде ондай ары тарт-бері тарттар болған жоқ. 
Жақсы әншімін дегендер де, орта әншілер де – бәрі Әмірені 
ұстаз тұтып, одан бұрын ән салуды әбестік санайтын. Оған 
әншінің жұмсақ мінезі де біршама себеп болған шығар, бірақ 
негізгі себеп - Әмірені тедессіз әнші екендігі. Ән оның 
стихиясы еді. Соншалық әндердің ішкі-сыртқы әдеміліктерін 


28
келтіріп, мән-мағынасын ап-айқын етіп айтқанда, «мына 
Әміре мұнша ақылдылықпен қалай айтып отыр өзі?» деп 
таңғалуға болатын еді. Оның былайғы өмірі жай өмір дағы, 
нағыз өмірі ән салған кездегі өмірі деп білем.
Әміре десе, оның жолынан қай қазақ дүниесін аяп қалушы 
еді?! Ең сараңының өзі әйтеуір бір сый көрсетіп қалуға 
тырысатын. Жалпы, халық оған сый көрсетуге таласатын, 
алғысын білдіруге асығатын. Аса жақсы көретіндігімізді 
аспен білдіріп әдеттенген елміз, Әміреге де сөйтіп: бірі 
қымызбен, бірі арағын аямайтын. Ал, сыйлап тұрған 
жұрттың меселін қайтару Әміренің де әдеті емес-тін, соның 
арты барып кейде ауырлау жағдайларға соғушы еді. Одан 
ерте айырылып қалғанымызға өзіміз де кінәліміз бе, кім 
біледі. Қандай жақсы сый болмасын, оның да шекарасын 
білу біздер үшін әлі күнге дейін де керек нәрсе сияқтанады. 
Орыстардың «медвежья услуга» деген сөзінің төркіні сондай 
жағдайларды меңзейтін шығар деп шамалаймын. «Жақсы 
тамақты артық жесең де мәкрүп», - деп жатушы едік қой 
өзіміз, сол сөзді тамаққа ғана емес, кей уақыт атақ-даңққа да 
қолданып көрген жөн.
Иса жайлы да осындай сөздерді айтуға болар еді, ол да 
елдің еркесі болды. Ән десең әні, өлең десең өлеңі, ойын десең 
ойыны бар, ол бір өзі-ақ бір концертті еш қиналыссыз қойып 
бере беретін, соның есесін халық та оны керемет қастерлейтін. 
Әміре екеуі тірі кезінде аңыз боп кеткен адамдар ғой.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет