Бағдарламасы бойынша шығарылды растыр ан: Якуда амандыов ә Әнші әміре әміре ашаубаев туралы естеліктер. раст


(«Өмірім мені - өнерім» кітабынан, А., 1992.)



Pdf көрінісі
бет14/130
Дата19.09.2022
өлшемі1,9 Mb.
#39444
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   130
(«Өмірім мені - өнерім» кітабынан, А., 1992.)
Бисмиллә БАЛАБЕКОВ
«ӘН КӨ?ІЛДІ? АЖАРЫ»
Жиырмасыншы жылдары Арқадағы Қоянды жәрмеңкесі 
әнші-күйшілердің басын қосар өнер отауы болған еді. Бір 
жолы Әміре сол жерде Исаға көрген-естігендерін айтып 
жатты. «Көкшетау әншілерінен «Жанботаны» үйрендім», 
– деп қойды ол бір сөзінде: «Бір қойып домбырамды алды-
ау тартып», – деген жол бар. Ал Әміре қай жерде болса да 
орындайтын әндерінің мазмұнына қарай оны барынша 
түрлендіруге, тыңдаушыларға әсерлі жеткізуге күш салатын. 
Сол кездегі өнер коллективтерінен түскен ақша – мектеп 
пайдасы. Жәрмеңкедегі ашық алаңда концерт болды. Әміреге 
«Жанбота» әнін айтуға кезек тиді. Бұл әннің сахнада бірінші 
орындалуы еді. Әміре Біржан әнін құйқылжытып, түрлендіре 
орындай келіп, қайырмасын қайталағанда жұдырығын 
түйіп: «Қойып кетті-ау», – деп оң жақ шекесін ұрып өткенде
отырғандар орнынан кәдімгідей қозғалақтасып қалды. 
Концерттен кейін Әміренің шекесіне көзіміз түсті. Бармақ 
тырнағы оң шекені жырып кетіпті. Сол кеште Әміре: «Бүйте 
берсем көзімді жазым қылармын, ендігі жиында басқаша 
өнер көрсетемін», - деп қалжыңдап күліп қойды. 
Біз бұдан кейін ол не істер екен деп таңданып жүрдік. 
Алдағы болатын концертті асыға күттік. Жәрмеңке 
алаңында «Жанботаны» екінші орындауға кезек жетті. 
Әміре әнді шырқап келіп, жұдырығын түйе өңменнен итеріп 
жібергендей, ілгері қарай сілтеп қалды да, домбырасын 
күмбірлете тартып, ән аяғын құбылта жөнелді. Бұны көрген 
қалың ел: «Тағы да, тағы да»,- деп айғайға басты. 
Міне, Әміре халықты «Жанбота» әніне осылай еліктіріп 
алған соң: «Ұрып кетті-ау», - деп басын сипап өтіп, домбыраны 
ұрып өткендей сатыр еткізіп тұра жөнеліп, сонан соң қош бол 
дегендей басты бір изеп, отырғандарды өзіне тартып алатын.
...Осылай жүргенде Сәбең үйінің қуанышы – Арыстан 


32
дүниеге келді. Бұған Жұмат, Бейімбет, Елубай, Қалибек 
болып барлығы қуанды. Шілдеханада Сәбеңнің қуанышы 
үшін ән-күй тиегі ағытылды. «Кішкентайың үлкен жігіт 
болсын», - деді Мариямға Жұматтың жұбайы Жанбике 
бастаған әйелдер тобы игі тілек айтып жатыр. Әміре болса 
ежелгі өнеріне басты. Ол қазақша да, татарша да ән айтып 
шілдехананы жандандырып жіберді. Мұндайда шеттеп қалар 
Қалибек пе, ол: «Ойбай, тобығым», - деп жантайып, еңкейіп, 
қашаннан бергі күлдіргі әдетіне көшті. Бұл күні арамызда 
Серке ғана болған жоқ. Қалғандары тойдың көңілді өтуіне 
бар өнерін аямай салған сияқты. Сәбең болса осы көріністің 
бәріне мәз болса, қарқ-қарқ күліп, ара-тұра «ой, пәле» деп 
көпшілік делебесін одан әрі қоздырып қояды. Жас нәресте 
Арыстанның туғанына арналған бұл шілдехана кеші мені 
Сәбең отбасымен одан бетер жақындаттырып жібергендей 
еді. Содан бастап біздің арамыздағы сыйластық дәнекері 
үзілген емес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет