Бағдарламасы бойынша шығарылды растыр ан: Якуда амандыов ә Әнші әміре әміре ашаубаев туралы естеліктер. раст



Pdf көрінісі
бет38/130
Дата19.09.2022
өлшемі1,9 Mb.
#39444
түріБағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   130
АЫР*Ы САПАР 
Парижден қайтысымен Әміре сол кездегі Қазақстанның 
астанасы Қызылордаға барып, жаңадан ұйымдастырылып 
жатқан театр труппасына кірді. Театрда тек ән айтуға ғана 
емес, әртүрлі рөлдерде де ойнап жүрді. Әдетте ол сөзге олақтау, 
хат білмегендікі ме, әйтеуір көп сөзді рөлге жуымайтын. Ал 
енді, сөзі аздау, көтеріп соқпа кейбір кейіпкердің аумаған өзі 
бола қалатын. Мысалы, «Еңлік-Кебек» пьесасындағы қойшы 
Жапалдың рөлін ойнағанда, не жүрісінен, не тұрысынан, не 
сөйлеген сөзінен оны қойшы емес деп ешкім ойламайтын.
Париж сапарынан екі жыл өткеннен кейін 1927 жылдың 
жазында оны тағы Мәскеуге шақырып әкетті. Бұл сапарында 
да ол үлкен табысқа ие болды. Қайтып келе жатқанында 
қайта шақырылып, профессор Г. Любимов бастаған Советтік 
этнографиялық ансамбльдің құрамында Германияның 
Франкфурт-на-Майне қаласында болатын дүниежүзілік 
музыкалық көрмеге жіберілді. Ансамбль Франкфурттың 
үлкен театрында концерт берді. Бұл концертте Әміре екінші 
рет дүние жүзінің өнерпаздарының алдында көзге түсті.
Әміренің осы сапардан қайтар кезінде Жұмат Шанин 
жолдас басқарған Қазтруппаның әртістері Семейге келіп, 
ойын қойып жатты. Мен де қалада едім. Көп ұзамай Әміре 
де келді, оны көргенде өзім танымай қалдым. Үстінде кірпіш 


144
түстес костюм, әдейі заказбен тіккізген болу керек, құйып 
қойғандай. Шаңқай ақ көйлек, қара галстук, аяғында 
сықырлаған қара туфли, басында фетр қалпақ, көзінде 
шаңырақтай көзәйнек. Оның үстіне А. В. Луначарскийдің 
өзі жасатып берген қара футлярдің ішіндегі қара домбыраны 
қосқанда менің көзіме ол басқа дүниеден келгендей болып 
көрінді.
Кірпіш-Семейде біраз күн болды. Бір күні Әміре Жұматты, 
Исаны, Құрманбекті, ұмытпасам Елубайды, Серкені тағы 
басқаларды қонаққа шақырды. «Өз әнімді тыңдап болдыңдар, 
енді мына баламның әнін тыңдаңдар», – деп маған ән 
салғызды. Сол сапарда Жұмат оны театрға шақырды.
1928 жылы театр Алматыға көшті. Сол жылдан бастап 
Әміре «әкейді» көре алмадым. Сонан, 1934 жылдың жазында 
«Айман-Шолпан» атты музыкалық пьесасын Алматы 
әртістері Семейге қоюға әкеледі деген хабарды естіп, қатты 
қуандық. Айтылған күні әртістер де келді. Бірақ, олардың 
ішінде Әміре болмай шықты. Сөйтсек, оқиға былай болған 
екен.
«Семей – Әміренің өз елі, өз жұрты. Оны Семей халқы 
сағынды, барған соң қонақтан қолы босамайды», – деп театр 
директоры оны тастап кетеді.
Ол кезде Қазақстан Халық Комиссарлар Советінің төрағасы
Ораз Исаев болатын. Директордың бұл қылығына шыдамаған 
Әміре Оразға барды. Ораз қолма-қол билет алғызып, оны 
театрдың соңынан қуғыза жіберді. Әміре Семейге пьеса 
қойылғалы жатқанда жетті.
Пьеса Семейдегі А.В.Луначарский атындағы театрда 
қойылатын болды. Жеті жылда бір көрінетін астаналық 
әртістерді жұрт сағынып-ақ қалған екен. Көпшілігіне билет 
жетпей қалды.
Біз алдыңғы қатарда отырмыз. Сахнаға шыға келген 
актерлердің көпшілігін тақау жерден тани кетеміз.
Міне, сахнаға үстінде барқыт жағалы қара шапаны бар, 
жекей тымағын шекесіне қисайта киген жас жігіт шықты. 
Қолына ұстаған ақ домбырасын әуеге бір сермеп жіберіп, әнге 
басты.
– Уа, мынау Әміре! – деп ел шу ете түсті.
– Ойбай-ау келмей қалды дегені қайда?!


145
– Қой, ол емес шығар.
– Өй, сен қызық екенсің. Даусын көрмеймісің күңірентіп 
бара жатқан.
Отырғандар осылайша бір сәт дуылдасып алды.
Байқаймын, Әміре де көз қырын бір тастап қояды бізге. Бір 
қалт еткенде театрдың сахнаға таяу босағасындағы есігінен 
келіп, қолымен жерді көрсетті. Онысы «кетпе, орныңда 
отырып қал, мені күт» дегені.
Ойын аяқталды. Біз орнымызда отырып қалдық. Бір 
уақытта балаша қуанып, екі қолын шапалақтап Әміре келді. 
Мен атып тұрып тұра жүгірдім. Құшағымыз қабыса кетті. 
Сүйісіп жатырмыз. Мені қатты құшақтап тұрды да, жылап 
жіберді. «Әкеңнің арт жақсылығын берсін», – деді. Аз кідірді 
де: «Ал енді қайтыңдар, мен қазір бара алмаймын, ертең күт», 
деп үйдің мекенжайын алды. Біз қош айтысып үйге қайттық.
Ертеңінде айтқанындай Әміре біздің үйге келді. Қасына 
кісі ертпей өзі ғана келген екен, көп отырып әңгімелестік.
Өткен-кеткендерді еске түсірдік. Біздің үйде бір нашарлау 
домбыра бар еді. Соны қолына алып: «Мынау ән сенің әкеңе 
салған азам болсын», – деп қоңырлатып қана, «Ақ баян, ақ 
жүрегім көпке аян» дейтін әнді айтты.
Театр әртістері Семейде біраз күн болды да қайта жүріп 
кетті.
Әнді біреулер анау жақсы, біреулер мынау жақсы айтады 
дейді. Меніңше, әнді Әміреден жақсы айтатын адамды 
көрмедім. Бұл, бәлки, құлақ үйренгендіктен солай естіледі 
дейтіндер де болар. Бірақ, асса бүкіл дүние жүзінің, қалса 
Еуропаның сахнасы қол шапалақтап қарсы алған оның әнін 
осылай ауыз толтыра айтпасқа хақың жоқ. Заман бір қалыпта 
тұрмайды, халықтың өнері жылдан-жылға өркендеп әнді 
қандай тамаша нақышпен әсемдеп айтып беретін әншілеріміз 
кейінгі мезгілде сахнаға шықпайтын болып жүр. Олар сондай 
дүбірден кейіндеу қалып жатқан сияқты. Өйткені сахна кең, 
көруші көп, халық талабы домбырадан асып, оркестрге жетті. 
Осыларды ойлағанымда Әміре есіме еріксіз түседі. «Әміренің 
әні Наркомпростың аласа төбелі кабинетін көтеріп тастай 
жаздады», – деп профессор Ахмет Жұбанов айтқан дауыс 
оркестрге қосылса, не болар еді?
Ал, Әміренің өнер саласында алатын орны жеке дара. 


146
Себебі, Әміре арылы азаты әншілік өнері мемлекет-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет