ШОРТАНБАЙ ҚАНАЙҰЛЫ
Шортанбай Сырдан Арқаға жас кезінде қыдырып барып,
содан өл-өлгенше Арқада тұрған адам.
Өз айтуынша да, басқалардың айтуынша да, Шортан-
байдың негізі – қожа. Орынбай ақынмен айтысқанда, Шор-
танбайға Орынбай:
– Дуана қожа атасы барған Меке,
Мейрамға иман болған жалғыз жеке,
Жолың босын дегенің, жақсы лепес.
Құдай берсе мол болсын, я қожеке! –
дейді.
Қожалар өздерін "Мұхаммед пайғамбардың ұрпағымыз" –
дейді, қожаның көбі дін үгітшісі – молдалар болады.
Жырларының сарынына қарағанда Шортанбай да мұсыл-
манша оқыған және діншіл адам. Бірақ ол молдалықпен,
тақуалықпен шұғылданбаған адам ба деген ой келеді, оған
біріншіден, әлеуметшіл-халықшыл болуы куә, екіншіден,
өзінің Асан қожаға айтқан мына сөзі куә:
Менің түбім сарт еді,
Сенің түбің қызылбас,
Екеумізді пір тұтқан
Ел қалайша бұзылмас.
Шортанбайдың қай жылы туып, қай жылы өлгенін, кәттә,
әкесі кім екенін біз соңғы кезге шейін білмей келдік. Оның жас
мөлшерін, әкесін бізге мәлімдеген, қазіргі 90 жастағы қарт
ақын Доскей Әлімбайұлы айтады:
– Мен Шортанбайды 25 жасымда Арғын Саңырықтың
үйінде көрдім, –дейді Доскей, – ол менен 32 жас үлкен. Әкесі
Қанай молдалық құрған кісі емес, мал жайған кісі емес. Бар
өмірі ел аралап жыр айтумен өтті. Көбінесе Қарқаралылық
Құсбек төренің үйінде мекендеп жүрді.
Доскей 1850 жылы туған. Шортанбай одан 32 жас үлкен
болса, 1818 жылы туған болады. Өлерде айтқан жырын-
да Шортанбай 63 жастамын дейді, олай болса, 1881 жылы
өлген болады.
Доскейдің бұл мәлімдеуі шындыққа жатады. Өйткені,
197
Кенесарыға байланысты архивта, 1837 жылы бір жақтан қыз
алып қашып келе жатқан Шортанбайды Кенесары "патша
үкіметінің тыңшысы шығарсың " деп ұстап алып, Шортанбай
жалынышты жыр айтқан соң босатты деген материал бар. Бұл
материал бойынша Шортанбай сол кезде бозбала. Егер оны
1818 жылы туды десек, 1837 жылы ол 19 жаста. Бұл жобаға
келеді.
Сырдан Арқаға не себепті келгенін Шортанбай айтпай-
ды. Бірақ Арқада тұрақтануына Арқа елінің меймандостығы,
сыйы себеп болғанын бар жырында да айтады. Оған мысал,
өлердегі жырында:
"Қуандық жатқан сары бел,
Шағалалы шалқар көл,
Үйрек пен қаздай қалқытты.
Сары қымызын ішуші ем,
Аралап келіп түсуші ем,
Алтай менен Қарпықты." –
дейді.
Тағы да:
"Қожа емес едім, сарт едім,
Арқаға келіп нан жедім,
Нан жедім де дәндедім.
Жүйрігі болса мінсем деп,
Сұлуы болса сүйсем деп,
Жарамды тонын кисем деп,
Күннен күнге сәндендім.
Арқаға келіп нан жедім,
Әркімнен алдым байлауды.
Сыйлаған елдің қадір-құрметін, ішкен асын, мінген атын
Шортанбай тегін олжаланбайды.Ол өзін халық алдында бо-
рышты көріп,
"Қазақтан алған қарызым,
Көлденен тұрды көмейге"–
деп, халыққа борышын өтегенше жаны жай таппағаннын
айтады. Халыққа өзінің борышын және ол борышты қалай
өтегенін Шортанбай өлерінде баяндайды:
198
Сәлем айтып кетейін,
Ағайын мен туғанға,
Елдің зарын зарлаған,
Сөзін көпке арнаған,
"Көпке керек ақын деп,
"Жанына елдің жақын" деп,
Һешкім ара тұрмайтын,
Қиналған қазір ку жанға,
Арыз сөзді толғанып,
Қалдырайын артыма.
Айта жүрер сөз болсын,
Дағдарған сорлы халқыма.
Мың қабат бетім жуылған,
Көзден аққан жасыма.
Шортанбайдың "көзінен мың қабат жас ағызған" не? Әрине,
ол, патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы халықтың
көтерілісі басылғаннан кейінгі басына түскен ауыртпалық
зары.
1873 жылдан басталған қазақ халқының көтерілісі, 1850
жылдары, уақытша мылтық күшімен басылды десек, со-
дан кейінгі жылдардағы халық басына түскен қиыншылықты
Шортанбай өзі өлгенше шын ықыласын сала, бойдағы бар
ақындық талантын жұмсай, халық қайғысын халықпен бірдей
қайғыра, халықпен бірдей жылай өтті.Сол кездегі қазақ
тұрмысынан Шортанбайдың жыры шолмаған ешбір сала жоқ.
Қазақ даласын зілдей басқан патша үкіметінің қара күшін
Шортанбай былай сипаттайды:
Енді еркіндік заман жоқ,
Дұшпанның құрған торы бар.
Ендігі туған жігіттің,
Мандайының соры бар.
Қазақ халқы тәуелсіздігінен айырылғанын, билік патша
үкіметінің қолында қалғанын, патшаның әкімдері халықты та-
лаушы екендігін Шортанбай былай баяндайды:
Замана қайтып оңалсын,
Адам қайтып қуансын:
Жанарал болды ұлығың,
Майыр болды сыпайың,
199
Айырылмайтын дерт болды,
Кедейге қылған зорлығың.
Князьді көрдің піріңдей,
Тілмашты көрдің биіңдей,
Дуанды көрдің үйіңдей,
Абақты тұр алдыңда,
Қазылып қойған көріңдей.
Байлар зорлық қылады,
Мал көзіне көрінбей.
Билер жейді параны,
Сақтап қойған сүріндей,
Ойлағаны жамандық
Жарадан аққан іріңдей.
Замана түрі бұзылды,
Текеметтің түріндей.
Халықтың көрген қысымшылығы әкімшілікте ғана еместі-
гін, халыққа ең зор қиянат – патша үкіметі оның барлық
шұрайлы жерін тартып алып, қазақ халқы жерсіз қалуға
айналағанын Шортанбай былайша толғайды:
Әр нәрсенің болжалы,
Бірте-бірте тарайды,
Адыра қалған Сарыарқа,
Болмайын деді баянды,
Еділді алды, елді алды,
Есілді алды, жерді алды,
Енді алмаған не қалды.
Айнала қоршап маңды алды,
Әуелі бастап ханды алды.
Қараны санап малды алды,
Көшіп кетер жерің жоқ,
Жау айбынар елің жоқ.
Көшпейін десең жерің тар,
Қамалып қазақ саналды.
"Қазақ-қазақ" деп зарланғанмен, Шортанбайға аты қазақ-
тың бәрі бір емес. Оның жаны ашитыны да, халіне қай-
ғыратыны да халықтың көпшілігі – кедейлер.
Байлардың қанаушы тап екенін, олардың кедейді жейтінін,
жеке шаруа үстем кезде, кедейдің байға жалынышты екенін,
200
үкімет байлар табының құралы екенін Шортанбай айқын
көреді.
Кеңес кетпес үйіңнен,
Жаман болып, тоқ болсаң,
Үйіңе ешкім келмейді.
Ассыз кедей, жоқ болсаң,
Тілің менен қолыңды,
Шолақ қылар әр неге,
Ортадан жалғыз дақ болсаң....
Кедей байға ермейді,
Бай кедейді көрмейді,
Қызметін бір күн қылмаса,
Майлы сорпа бермейді.
Байлардың, байшыл үкіметтің кедейді қандай әдіспен
жейтіндігіне Шортанбай жалпы қарамай, конкретті мысалдар
алады:
Байды құдай атқаны:
Жабағы жүнін сатқаны,
Кедей қайтіп күн көрер.
Жаз жатақта жатқаны,
Жаздай арық қазғаны,
Күздей пішен шапқаны,
Ішіп-жемдік болмайды,
Оны-мұны тапқаны.
Аш-жалаңаш бейнетпен,
Жүдеп-арып талады
Бір ешкісі бар болса,
"Шығын "– деп тілмаш алады.
Ол "Шығынын" бермесе,
Төбесін ұлық ояды.
Жалғыз сиыры бар болса,
Соғымына сояды.
Кедейге салып "шығынды",
Араны "бидің" тояды.
Қағаздатып бұзауын,
"Ноғайына" қояды.
Кедей қайтып күн көрер,
201
Борышқа белден батады.
Жалғыз сиырын сатады.
Қылымсыған қатыны,
Қызыл көйлек киеді.
Өзінің байын менсінбей,
Көрінгенді сүйеді,
Осы мінез болған соң,
Күнәға пенде күйеді.
Елубасы, онбасы,
Ол шайтанның жолдасы...
Ендігі байға мал бітсе,
Шайдан басқа асы жоқ,
Жақыннан басқа қасы жоқ,
Ендігінің мырзасы,
Залымдардың сырласы...
Байдың қанағыштық, оның үкіметінің зорлықшылдық
қылықтары, байлар табы үстем кездегі кедейдің аянышты халі
Шортанбайдың бұл жырында ғана емес, барлық жырларын-
да да айтылады. Және Шортанбай кедейдің ауыр халін жай
сипаттаушы ғана емес, кедейге шын жаны ашитын, кедейдің
көрген бейнетіне шын жаны ауыратын ақын. ХІХ ғасырдың
ақындарында, кедейдін аянышты тұрмысына нақ Шортан-
байдай үңілген, ауылдағы тап қайшылығын нақ Шортанбай-
дай көрген ақын жоқ.
Реалист ақын – Шортанбай, заманның ірі суретшісі, қы-
рағы ақыны болғандықтан, ХІХ ғасырда ауылда тап қай-
шылығын күшейтуге себепкер болған саяси шаруашылық
жағдайларды да көреді, түсініп жырлайды. Ол қандай
жағдай?
Россияға
бағынардан
бұрын
қазақтың
шаруасы
натуралдық мал шаруасы. Ол кездегі ауылда ақша жоқ,
сондықтан, капиталдық қатынас жоқ.
Қазақ даласын патша үкіметі отарлау саясатына кірісіп,
даланың айналасына да, ішіне де әлденеше қалалар
салғаннан кейін, осы қалаларда сауда-саттық жүргізіле бас-
тады. Бұл базарларға қазақтар жыл сайын мол қатынасып,
өзінің шикізаттары: тері-терсек, жүн-жұрқасын, малда-
рын базарға сатып, базарда әр түрлі өндіріс товарын ала-
202
ды, ақша алады. Ақшамен бірге натуралды ауыл шаруасы-
на капитализм тегі кіріп, бұрынғы, малмен ғана бай атанатын
қазақтар, енді "ақшалы бай" атанды. Шортанбай бұл жағдайы
да көрмей қойған жоқ. Ауылға ақша келуін, ол:
Мініп көрер күші жоқ,
Сауып ішіп сүті жоқ,
Ақша деген мал шықты, –
деп баяндады. Бұндай "малдың" ауылға келуінен ол қорықты:
Жарлы кедей, жоқ жігіт
Қайтып күнді көрер деп.
Сол себепті қорқамын.
Ауылдың ақшалы байлары, кедейді қанаудың жаңа жолы-
на және әдісіне түскенін көрген Шортанбай былай дейді:
Қайыры кетіп байлардың,
Бұзауға ақша беріп тұр.
Пәлен теңге торпақ боп,
Тыйынға, тыйын болып тұр.
Залым туған сұмырайлар,
Осылай жұртты еміп тұр.
Капитализм, адам баласының өсу тарихында, белгілі бір
дәуірде, феодализмнің орнын басар дәуірінде прогрессивтік
формация болды. Капитализм үстемдік алған заманда өндіріс
күші, өндіріс қатынасы бұрынғыдан көп ілгеріледі, завод-
фабрикалар салынды, қалалар үлкейіп, ғылыммен танысып,
мәдениет өсті, адам баласының болашақ тағдырына жетекші
пролетариат табы құрылды, қысқасы, капитализм, адам
баласының өркендеуін, феодализммен салыстырғанда ірі,
прогрестік қарқынға көшірді.
Сонымен қатар, капитализмде, тап тартысы бұрынғыдан
күшейді. Капитализмнің жұмыскер табын, жалпы халықты
қанауы, бұрынғы қанағыш таптардан анағұрлым асып түсті.
Еңбек қанауда, капитализм ең жыртқыш әдіс қолданды.
Ауылға ақша қатынасы капиталистік қатынас келгеннен кейін,
Шортанбайдың кедейге байлардың көрсететін зорлығын баса
жырлауы осыдан. Және Шортанбай байдың кедейді қанауын
жалпылама айтпай, ақшаға байланыстыра айтатын себебі де
осыдан.
203
Капиталдың қанауынан, кедейге істеген озбырлығынан
жаны түршіккен Шортанбайдың "Енді не істеу керек?" де-
ген сұрауға жауабы жоқ. Ол жауапты табуға, ол заман-
да, Шортанбайдың саяси өресі жетпейді де. Сондықтан,
капитализмді обыр, жалмауыз деп түсінген Шортанбай, алды-
нан жол таба алмаған Шортанбай, артына айналады, тарихтың
жүгін кейін қарай сүйремек болады, кеше ғана ауылға үстем
болған феодализм, феодализмнің заң-законы оған рахат
дүниесі болып көрінеді, ол халықты сол, кейінгі, тозуға бет
алған тұрмысқа, "рахат сонда" – деп шақырады. Капитализм-
нен соққы көрген ұсақ буржуалар, тарихи сахнадан шығуға бет
алған феодализммен үн қосып, капитализмді, феодалдарға
қосыла бірге жамандайды, осыдан барып, ұсақ буржуада "ұсақ
буржуалық социализм идеясы туады" (Маркс пен Энгельс
"Коммунист партиясының манифесті").
Осылай, капиталистік қанаудан шошынып, феодализмді
одан халыққа жайлы деп ұққан Шортанбай, тарихтың бетін
кері қаратуға тырысқанмен, ойдағысын орындай алмай-
ды, орындауға әлі келмейді. Сондықтан ол, тілдегі бар уын
капитализм салдарынан туған қазақ ауылындағы қоғам
тәртіптеріне төгеді.
Капитализмнің ұраны – адамның қара басының еркіндігі.
Адам еңбегін қанағыш капиталистердің бұлай ұран тас-
тауы, не гуманистік, не социалистік идеясынан туып отырған
жоқ. Бұл капитализмнің алдау-арбауы, феодализм-
ге қарсы жұмсаған құралы. Капиталиске басы бос, еңбегін
өз еркімен сататын жұмыскер керек. Мұндай жұмыскерді
ол, қайыршыланған шаруалардан феодализм үстем кез-
де, шаруалардың бәрі феодалдың құлы. Осы құл шаруалар-
ды феодалдардан босатып, олардың еңбегін базарда сатып
алып завод пен фабрика жұмыскер ғып пайдалану үшін, ка-
питализм "әркім өз басына ерікті болу керек, қайда барса
ықтиярлы болу керек, феодалдардың адамның жеке басын
құлдануы жойылу керек" деп ұран тастады.
Бұл ұранның прогрестік жағы да аз болған жоқ. Фео-
дализм үстем кезде, адамның жеке басының еркіндігіне
қысымшылық шаруалар туралы ғана болмайды; билеуші
феодал табының өз арасында, әсіресес семья тұрмысында
адамның жеке басының еркі тұсаулы болады. Феодализмнің
204
тәртібі, ұраны – "сый, қадір, құрмет" (Маркс) ата мен
баланың, үлкен мен кішінің, ер мен әйелдің еркінде болуы,
феодализмде қатал заң. Капитализм осы заңды бұзады. Атаға
да, әйелге де, еркекке де өз басымен ойлауға, өз еркімен
жасауға ықтияр береді.
Капитализмнің қанау заңына қарсы Шортанбай, оның бас
бостандығы туралы ұранына да қарсы. Ауылға капиталдық
қатынас келудің салдарынан туған бас бостандығын Шортан-
бай қатты сөгіп былай дейді:
Жай-жайына жүрмеген,
Мұның өзі тар заман.
Тарлығының белгісі,
Арам... болған соң,
Атасы бермес батасын...
Қасиет кетіп барады,
Ата менен анадан,
Құда, тамыр, дос кетер,
Қыл өтпейтін арадан.
Қыз силамас енесін.
Ер жеттім деп шаштасар,
Салыстырып денесін,
Старшин қойған болыпты.
Ақсақалдан әл кетті,
Алмайды оның кеңесін...
Жасы кіші інілер,
Сыйламайды ағасын,
Асылып жыртар жағасын...
Ықылас билік қалмады,
Үлкенге билік салмады.
Ұлықсыған ұл туып,
Заман жауға тиген соң
Бұлықсыған қыз туып,
Қай үлкенді сыйлады...
Закон айтып қатын тұр,
Қойнында жаткан еріне,
Зарланып тұрған әйел бар,
"Қосылғам жоқ деп теңіме"...
Бұл айтылған жырларының бәрінде, Шортанбай семья
205
тұрмысына феодализм тұрғысынан қарайтындығын көре-
міз. Сонымен қатар, Шортанбайдың ауылдағы берекесіз,
бірліксіздік туралы аса бағалы пікірлері де бар. Сол кездегі са-
яси шаруашылық салдарынан туған ауылдағы араздыққа, ала
ауыздыққа Шортанбай қарсы, оның айтуынша, бұндай ала
ауыздық елдің елдігін кетіреді, ел тозады.
Асылық асқан заманда,
Қонысы жоқ бай азар,
Өрісі жоқ тай азар,
Бір сөзге жұрт құралмас,
Бірінің тілін бірі алмас,
Екі үлкен егесіп,
Қошқардай басын теңесіп,
Сүзісуге ұялмас,
Ел болуға сыя алмас,
Үйткен соң жұрт оңғалмас.
Бұндай берекесіздіктен без, бірлікшіл ел бол, сонда ғана
оңаласың деп зарлайды Шортанбай. Елдің берекесіздікке,
бірліксіздікке ұшырауы. Шортанбайдың айтуынша, сол
кездегі үстем таптан, оның әкімдерінен.
Асылық асқан заманда,
Алуан-алуан жан шықты,
Арам, араз хан шықты,
.......................................
Сорлы қазақ қамалып,
Тарылды кең қоныстар.
Жарыска кірген "жақсылар"
Дуан бас болыстар.
.........................................
Қаныққан сол жалаға,
Көшеде жүрген көп тілмәш,
Мініп шабар шанаға.
Алып келер ауылына,
Өзінің туған бауырына,
Келген соң кімді аяйды,
Жығып салар дүреге,
Қызыққан соң параға,
....................................
206
Апырау, елге болыс, би
Дұрыс бастық болар ма,
Ұрлықтың етін қақтаған.
......................................
Шұнық бидің тұсында
Ағаш атты тізгіндеп,
Шана міндік күймелі,
Ақылыңды алып тұр,
Саумалы бар биелі
Көші-қоныңды биледі,
Қомы сыйған түйелі...
Қанаушы таптың, әкімдерінің елдің берекесін кептіруі,
талап жеуі туралы Шортанбай осылай толғайды. Тамаша
шындық емес пе?
Шортанбайдың айтуынша (және дұрысы сол) ісі де, іші де
арам байлар табы мен оның үкіметі ғана емес. Оның сипат-
тауынша "асылық асқан заманда" діншілердің өзі халықты та-
лаушы құзғындар, сырты сопы, іші арамдар. Шортанбай дін
басшыларын былай сөгеді.
Асылық асқан заманда,
Қожа, молда көбейіп,
Отырар төрде шөмейіп;
Сәлдесін үлкен орасып,
Жауған қардай борасып,
Жамандығы ішінде,
Жан-жағына қарасып,
Үлкен молда десін деп,
Мәселеге таласып.
Қыстың айы өткен соң,
Жаздың айы жеткен соң,
Туғансырап келген соң,
Зекет, нияз сұрасып.
Өң мүсәпкір қорқасын деп,
Мұңайған болар жыласып...
Өңкей арам залымдар
Зәремізді алады.
Арам берсең жымиып,
Қалтасына салады.
207
Қожа, молдалар туралы осы пікірін Шортанбай Асан
қожаға айтқан сөзінде де қайталайды.
Жетпіске келді бұ басың,
Дүние болды жолдасың.
Әндижандық сарт едің,
Қай жеріңнен қожасың.
Қара тауда тауыстың
Пәленше деген мырзасың.
Сарыарқаға келген соң.
Төрт аяқты жорғасың,
Жәдігөй жарғыш атанып,
Осынша жиған мүлкіңнен,
Не көреді қу басың!
Әлеумет тұрмысындағы әділетсіздікті, өлшеусіз қиянатты
көріп, оған қарсы тұрған Шортанбай, қолынан ешнәрсе кел-
мей, қиянатты түзеуге әлі жетпеген соң:
Көшіп кетер жерің жоқ,
Жау айбынар ерің жоқ...
Бейшара болған сұм қазақ
Жалмауыз болды ұлығың,
Азып-тозған кезіңе,
Өз обалың өзіңе, –
деп ызаланады. Ызадан да ешнәрсе өнбейтінін көрген Шор-
танбай:
"Су түбіне кеттің жұрт
Тал табылмас қармарға"-
Біржола күдер үзеді, –
деп жақсылықтан біожола күдер үзеді. Бірақ, ол жал-
пы өмірден, келешектен күдер үзбейді. Өзінің торығуы,
келешектегі үміті туралы былай дейді:
Сөзім бітті емен болдым,
Енді шықпас әңгіме.
Бәйіт айтып баян ғып,
Жанаса тұрдым әркімге.
Мәселе кітап шығардым,
Кейінгі қалған пендеге,
208
Бес ауыз сөз айттым деп,
Мақтандың тілім сен неге...
Өзімнен қалсын балаға,
Кетпес сөзім далаға,
Жоғалтпаса өзімді,
Жоқ қылмаса сөзімді,
Мен риза Аллаға.
Шортанбайдың үш зары бар: "Зар заман", "Бала зар",
"Өлер зар".
Осы үш зарында да ол халықтың басына түскен зарды,
заманның зарын айтқан. Бұл үш зар – үш поэма және сюжет
жағынан біріне-бірі жалғас, бірінің мазмұнын бірі өрбітетін
поэма.
«Зар заманда» Шортанбай, қазақ халқының көтерілістерін
патша үкіметі уақытша сөндіргеннен кейінгі халдің басын ай-
тады; «Бала зарда» көтерілістен кейінгі ауырлаған халды айта-
ды. «Өлер зарда», Шортанбай, өлім халінде жатып өмірмен,
елмен бақұлдасып артында тірі қалып бара жатқан жұрттан не
тілейтіндігін баяндайды.
Шортанбай сияқты, ел арасында қожа атанған, мұсыл-
манша оқыған, дінге сенетін адам, өлерінде ақырет сөзін
ғана айтып, құдайдан иман тілеп зарлап, дүние сөзін ауызға
алмауы тиісті еді.Шортанбай өйтпейді.Ол өлердегі халқына
айтқан өсиетінде де "өлген соң маған дұға қыла көріңдер"
деп жалынбай, елдің басты адамдарына халқын тапсыра-
ды, халқының мұңын айтады. Осы өсиетін орындау үшін
ғана Шортанбай дінді, ақыретті өсиет айтқандардың ал-
дына көлденең тартып, халыққа мейірімсіз әкімдерідің қатал
көңілін дінмен, ақыретпен жібіткісі келеді:
Екі сөздің басында,
Келтірейін өзімді,
Тыңдаңдар, жұртым, сөзімді.
Билер пара жемеңдер,
Жалғанды жолдас демеңдер,
Кісі ақысын алмаңдар,
Ауызға арам салмаңдар!
Дүние жиып өткен жоқ,
Бұрынғы өткен пайғамбар.
209
Болыстарға айтатын өсиеті:
Дүниенің малы үшін,
Ақтан аттап өтпеңдер,
Старшын, болыс болам деп,
Ысырап қып малды төкпеңдер.
Ақсақалдарға айтқан өсиеті:
Үлкендер саған айтайын,
Дүниенің боғы үшін,
Тура жолдан азбаңдар;
Тәнірге бекер жазбаңдар.
Тентек болма балаға.
Безер болма келінге,
Қадірің кетер еліңе,
Қарауыл қой сөзіңе,
Қанша нәрсе ереді,
Өлгеннен соң өзіңе.
"Өлімнен қорық. Ақыреттен қорық. Қиянаттан без. Халық-
ты жеме" деген өлеңдегі өсиетін Шортанбай, сол кездегі
арқа қазақтарының бас әкімдері: Тобықтыда Құнанбайға,
Қаржаста Шорман мен Мұсаға, Қуандықта Қоңырға, тағы
басқаларға арнап айтады. Өмірден ақтық көз жұмарда да
Шортанбайдың тілегі өз қара басы емес, ақырет қамы емес,
халық қамы, халық тілегі: "Өлер зарын" Шортанбай былай
аяқтайды:
Қамсыз жүріп қамалған,
Жасын иіп тәңірім,
Өзің онда халқымды,
Құрық түсті мойынға,
Тарылып тыныс алқынды.
Зармен бітті өмірім,
Жарылқа енді артымды...
Шортанбайдан сақталған жырлардың көлемі көп емес,
жалпы шамасы – 1500 жолдай ғана өлең. Бірақ, осы аз
көлемді жырға, өз заманындағы қазақ халқының саяси,
шаруашылық халін, ауылдағы тап тартысын, тұрмыс-салтын,
ой-санасын түгел сыйғызған, тұтас бір заманның бейнесін,
осы 1500 жолды өлеңге сыйғыза білген. Шортанбай жыр-
210
лары қазақ әдебиетінде жаңа дәуір. Ол дәуір екі жақты
қанаудан тұншыққан халықтың ащы зары, сондықтан, Шор-
танбай заманның атын "Зар заман"– деп тауып қойған.
Шортанбаймен тұстас өскен және өздерінің жыр-
ларын "Зар заман" сарынында шығарған ақындар Ба-
зар, Майлы, Мәделі, Әбубәкір тағы басқалар. Олар тура-
лы қолда жеткілікті материал болмағандықтан, олардың
еңбектерін жинап зерттеуді тарихшылардан өтініп, "зар за-
ман" ақындарынан тағы екі адамға толығырақ тоқтаймыз:
олардың біреуі Шернияз, біреуі Мұрат.
Достарыңызбен бөлісу: |