Бағдарламасы келесі пәндер бойынша Археология Қазіргі заман тарихы Тарихты оқыту әдістемесі


Оқушылардың білімін тест арқылы бағалаудағы ұтымды жақтары мен кемшіліктері



бет16/23
Дата28.03.2023
өлшемі57,58 Kb.
#76874
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23
13. Оқушылардың білімін тест арқылы бағалаудағы ұтымды жақтары мен кемшіліктері. Кейінгі уақытта жоғары оқу орындарына студенттер қабылдауда тест әдісі қолданыла бастады. Осыған байлынысты кейбір мектептердің тарихшы мұғалімдері оқушылар білімін тексергенде, сондай ақ оқушылардың тарих пәнінен ұйымдастырылған аудандық, қалалық конкурстары мен олимпиадаларында да білім тестік тәсілмен тексерілуде.
14. Жаңа педагогикалық технологиялар және оларды тарихты оқытуда пайдалану жолдары. «Технология» ұғымы. Оқушының танымдық және шығармашылық белсенділігін жүзеге асыру үшін оқу процесінде қолданылатын заманауи педагогикалық технологиялар, олардың түрлері, қолдану жолдары. Оқыту әдістері туралы ұғым. Оқыту әдістерін топтастыру. Оқыту әдістерін дұрыс таңдау өлшемі. Оқыту «әдісі» мен «тәсілі» ұғымдарының арақатынасы. Тарихты оқыту үрдісіндегі әдіс-тәсілдердің танымдық, тәрбиелік, дамытушылық рөлі.
15. Тарих пәнінің тәрбиелік маңызын ашып көрсетіңіз. Тарих пәнінің тәрбиелеушілік мүмкіндігі өте мол. Өйткені бүкіл адам баласының ғасырлар бойы жинаған тәжірибесін баяндайды. Ал мектептегі тарих курсына сол тәжірибенің алдымен ең маңыздылары, құндылары,ізгілері алынады. Әрине мектептік тарих курстарында құнсыз тарихи оқиғалар да оқытылады. Мәселен, фашизм, крест жорықтары, басқа елге шапқыншылық жасап, бейбіт халықты қырғынға ұшыратқан соғыстар т.б.
16.Тарихи білімді қалыптастыруда кеңістікті анықтаудың жолдары.
Тарихи біліміді қалыптастыру аса маңызды. Тарихи білім мынандай құрамдас бөлімдерден тұрады: тарихи фактілер, тарихи даталар мен хронологиялар; тарихи фактілердің кеңістікпен, уақытпен байланыстылығы; тарихи түсініктер; тарихи ұғымдар; тарихи заңдылықтар. Олар – тарихи білімдер төмендегідей үш категорияға бөлінеді: тарихи уақыт, тарихи кеңістік, тарихи қозғалыс. Тарихи білімді меңгеру тарихи фактіні оқып үйренуден басталады. Факт – тарихта болып өткен оқиға.
17.Фактiлердің тарихты oқытyдa алатын орны. Тарихи білімді меңгеру тарихи фактіні оқып үйренуден басталады. Факт – тарихта болып өткен оқиға. Демек, тарихи фактілер өте көп. Тарихи фактілерді екі топқа бөлуге болады. 1) жеке оқиғаны білдіретін факт. Ондай оқиға – тарихта бірақ рет болған, демек бір жерде, белгілі бір уақытта, белгілі қатысқан адамдары бар. Мәселен, Алматы қаласыдағы 1986 ж 16-17 желтоқсан оқиғасы, т.б. 2) тарихи құбылыстар. Өйткені олар белгілі бір тарихи дәуірдің, кезеңнің сипатты белгісін білдіреді, бірнеше рет қайталанады. Мәселен, ХІХ ғ патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы Қазақстанда болған ұлт-азаттық қозғалыстары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет