Бағдарламасы келесі пәндер бойынша Археология Қазіргі заман тарихы Тарихты оқыту әдістемесі


Ресей империясына қарсы ұлт-азаттық көтерілістер



бет12/23
Дата28.03.2023
өлшемі57,58 Kb.
#76874
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23
19. Ресей империясына қарсы ұлт-азаттық көтерілістер. Сырым Датұлы басқарған ұлт-азаттық қозғалысы (1783-1797 жж.). Көтерілістің барысы. 90-жылдардағы қозғалыстың жаңа кезеңі. Халық кеңес. Қозғалыстың әлсіреуі, оның жеңілу себептері мен көтерілістің маңызы. Сырым батырдың көтерілістен кейінгі тағдыры. Батыр бейнесі халық шығармашылығы мен тарихи әдебиетте.
20. Оңтүстік Қазақстан қазақтарының Орта Азия хандықтарының экспансиясына қарсы күресі (ХІХ ғ. алғашқы ширегі). Қазақтардың Ташкент иелігінің құрамында болуы. ХІХ ғасырдың басында Жетісу мен Оңтүстік Қазақстандағы Қоқан және Хиуа билеушілерінің басқыншылығы. Қазақ халқының Орта Азия хандарының езгісіне қарсы азаттық күресі.
21. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (1837-1847 жж.). Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық қозғалысы: мақсаты және негізгі кезеңдері. Кенесарының жалпыұлттық майдан құру әрекеті. Кенесарының хан болып сайлануы. Хан Кененің қазақ мемлекеттілігін қайта қалпына келтіру жолындағы қызметі. Хандықтың ішкі құрылымы.
22. Патша өкіметінің Қазақстандағы әкімшілік-территориялық реформалары. Игельстромның жобасы. Хандық билікті жою және қалпына келтіру себептері. Шекаралық соттың құрылуы. 1822 жылғы «Сібір қырғыздары туралы жарғы» және 1824жылғы «Орынбор қырғыздары туралы жарғы». Кіші және Орта жүздердегі хан билігінің жойылуы. Әскери отарлаудың күшеюі. Әкімшілік – аумақтық құрылыстың жаңа жүйесі. Бөкей хандығының құрылуы және ондағы басқару құрылымы.
23. Қазақ ұлттық зиялыларының қалыптасуы және Қазақстанда либералды-демократиялық қозғалыс. Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов. Алаш автономиясының құрылуы. Ұлттық мәселелердің көтерілуі. Жер және ұлт мәселесі. Бұқараның әлеуметтік-саяси ынтасының өсуі. «Алаш», «Үш жүз» партияларының құрылуы және олардың бағдарламалары.
24. 1917 жылғы ақпан және қазан төңкерісі: салыстырмалы-тарихи талдау. Уақытша үкіметтің құрылуы. Қазақстанда Кеңестердің ұйымдастырылуы. Уақытша үкіметтің Қазақстандағы саласы. Жер және ұлт мәселесі. Бұқараның әлеуметтік-саяси ынтасының өсуі. «Алаш», «Үш жүз» партияларының құрылуы және олардың бағдарламалары. Қазан төңкерісіне қоғамның әр түрлі топтарының көзқарасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет