Бағдарламасы келесі пәндер бойынша Археология Қазіргі заман тарихы Тарихты оқыту әдістемесі



бет2/23
Дата28.03.2023
өлшемі57,58 Kb.
#76874
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
1-БЛОК. Археология


1. Адамзат тарихын зерттеуде археология ғылымының орны мен ролі. Археология түсінігі, тарих ғылымындағы орны. Жазба және заттай деректер. Археологиялық ескерткіштер. Тұрақтар, қоныстар, қалашықтар, қалалар, молалар, көне шеберханалар. Петроглифтер, нумизматика. Мәдени қабат, археологиялық мәдениет. Археологиялық периодизация мен хронология. Хронологизацияның тарихи-археологиялық әдістемелері. Аэрофотосъемка. Археологиядағы математикалық әдістер. Археологиялық қазба жұмыстары. Стратиграфиялық зертеулер. Палеомагнитық әдістер. Дендрохронологиялық, радиокарбондық, калий-аргон, химиялық т.б. әдістер. Реставрация, реконструкция, кабинеттік әдістер.
2. «Археологиялық мәдени қабат» түсінігінің мәні. Археологияның дамуы. Қайта өрлеу дәуіріндегі археологиялық зертеулер. Үш ғасырлық жұйе. Палеолитын ашылуы. Неолит, қола, темір ғасырлардың зертеуы. Тас ғасырының периодизациясы. Антикалық қалалардың қазба жұмыстары. Египет пен Қосөзеннің қазба жұмыстары. Ежелгі Үндістаның археологиясы. Майя, ацтек және инк өркениеті. Э.Ларте, Г.Мортилье, Дж.Леббок, А.Монтелиус Ж. Дешелет, А.Эванс, Г.Шлиман еңбектері. Еуропаның археологиялық мектептері мен орталықтары.
3. Археологиялық кезеңдердің ерекшеліктері. Адамзаттың пайда болуы. Шығыс Африкадағы палеоантропологиялық және археологиялық зертеулер. Питекантроптар. Синантроп. Африкада, Еуропада, Азияда архантроптық сүйек қалдықтары. Ежелгі адам өз дамуында бірінен кейін бірі келетін бірнеше кезендерден өтті. Олардын негізінде тасты өндеу техникасынын жетілдірілуі және соған байланысты еңбек өнімділігінің, материалдық және рухани мәдениеттің өсуі жатыр. Археологияда кабылданған кезендерге бөлуге сәйкес адамзат тарихы тас, қола және темір дәуірлеріне бөлінеді. Аталған дәуірлердің әркайсысы өз кезегінде хронологиялык ірі кезендерге болінеді.
4. Қазақстандағы тас дәуірі.
Тас ғасырының периодизациясы. Тас ғасыры үш кезеннен: палеолит, мезолит, неолит кезендерінен тұрады. Палеолит. Ежелгі және кейінгі палеолит. Олдувэй кезеңі. Алғашқы қауым. Ашель дәуірі. Алғашқы шаруашылықтың түрлері. Оттың пайда болуы. Евразия континентіндегі адамзатың ежелгі ескерткіштері. Мустье дәуірінің мәдениеті және оның таралуы. Неандарталь техникасымен, шаруашылығы. Жоғары палеолит дәуіріндегі қоғамдық қатынастар. Аналық, рулық қоғам. Алғашқы дің мен наным сенімдер пайда болуы. Палеолиттік өнер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет