Бағдарламасы келесі пәндер бойынша Археология Қазіргі заман тарихы Тарихты оқыту әдістемесі



бет9/23
Дата28.03.2023
өлшемі57,58 Kb.
#76874
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23
2-БЛОК. Қазіргі заман тарихы


1. Қазақстан тарихы пәні. Курстың мақсаты мен міндеттері, деректік қоры. Тарихи деректер тарих деректану ғылымының тікелей зерттеу обьектісі. Деректану тарихи деректер туралы ғылым. Оның негізгі міндеті тарихи деректердің пайда болу заңдылықтарын және олардың шындыққа қатынасын зерттеу.
2. Тас дәуірі кезеңіндегі Қазақстан. Алғашқы адамдардың тұрақтары.
Алғашқы қауымдық құрылыстың археологиялық кезеңдері: тас, қола, темір ғасырлары. Тас ғасыры:палеолит,мезолит,неолит. Ежелгі палеолит адамзаттың және оның шаруашылығының қалыптасу кезеңі.
3. Қола дәуірі кезеңіндегі Қазақстан. Андронов мәдениеті.
Қола дәуіріне жалпы сипаттама, қоланың ерекшеліктері. Қола мыс пен қалайының қосындысы. Қола дәуіріндегі Қазақстан аумағындағы ескерткіштер. Андронов мәдениетінің Қазақстандағы ошағы. Андронов мәдениетінің кезеңдері мәселесінің тарихнамасы.
4. Алғашқы тайпалық бірлестік – сақтар: деректер,территориясы, орналасуы, тайпалары, шаруашылығы, әлеуметтік құрылысы, мәдениеті.
Сақтар тайпалық одағы-алғашқы қауымдық қоғамның бірлігінің әлеуметтік ұйымдасу формасы. Сақтар тайпалық одақтары: массагеттер, дақтар (дайлар), аримаспылар, аргийппейлер және т.б. Сарматтар бірлестігінің этногенезі туралы мәселенің тарихнамасы. Сақ тайпаларының қоныстары, шаруашылығы, тұрмысы және қоғамдық әлеуметтік құрылысы.
5. Үйсін, қаңлы және ғұн мемлекеттері: деректері, саяси тарихы, шаруашылығы және әлеуметтік құрылысы.
Қазақстан аумағындағы ғұндардың саяси тарихы, шаруашылығы, қоғамдық құрылысы. Ғұндар билеушісі б.з.б Мөде шанюй. Ғұндардың күшеюі. Ғұндардың көрген қолбасшысы аты аңызға айналған ақыл иесі, әккі саясаткер, дипломат Аттила (Еділ батыр).
6. Түрік,Батыс және Шығыс Түрік қағанаттары. Түрік этногенезі.
Түріктердің шығу тегі туралы зерттеулер,тарихи аңыздар мен шындық. Ашын руы.Түріктердің қоныстануы,саяси және әлеуметтік құрылымы. Түрік қағанатының құрылуы. Бумын қаған. Түрік империясының Орталық Азия халықтарының тарихындағы орны. Түрік қағанатындағы билік үшін күрес. Түріктердің батысқа жорықтары. Византия, Иран және Қытаймен қарым қатынастар. Шығыс және Батыс бөліктерінің құрылуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет