Бағдарламасы мұҒалімге арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет102/440
Дата06.01.2022
өлшемі4,87 Mb.
#15964
түріБағдарламасы
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   440
Байланысты:
Ба дарламасы м алімге арнал ан н С аулы

Ұзақ мерзімді жады
Аткинсон мен Шифриннің ұзақ мерзімді есте сақтау туралы бастапқы тұжырымдамасы 
пысықталып, кейінгі зерттеулерде дамытылды. Жалпы қабылданған қолданыстағы модельді 


59
Тулвинг (1895) ұсынды, ол ұзақ мерзімді жады үш айқын компоненттен: рәсімдік, эпизодтық 
және  семантикалық  жадыдан  тұрады  деп  есептеген.  Ұзақ  мерзімді  жадының  осы  үш  түрі 
қайта жаңғыртудың түрлі тәсілдеріне байланысты және де әртүрлі білімді сақтайды.
Рәсімдік жады
Рәсімдік  жады  –  әрекеттерді  қалай  орындау  керек  екендігі  туралы,  мысалы,  қасықпен 
тамақ ішу, түйме тағу, секіру, велосипедпен жүру, қарындашпен жазу, доп лақтыру сияқты іс-
қимылдар арқылы дамитын біздің білімімізді сақтайтын «қойма». Бұл іс-әрекеттерді қалай іске 
асыру керектігі туралы білім терең сақталады және оны саналы түрде тілмен жеткізу қиын.
Эпизодтық жады
Эпизодтық жады дегеніміз біздің тәжірибеміздің толық тізімі алғашқы болып сақталатын 
жүйе. Көзбен шолу аса маңызды болғанына қарамастан, эпизодтық жадыға басқа ақпараттар – 
сезім мүшелерінен келетін ақпараттар да кіреді. Бірақ, эпизодтық жады аясында бекітілген және 
«таңбалық» естеліктер шектеулі болуына қарамастан, ол адамның ұзақ мерзімді жадысының 
маңызды аспектісі болып табылады.
Семантикалық жады
Семантикалық  жады  –  ұзақ  мерзімді  жадының  ең  соңғы  және  теңмәнді  емес  аспектісі, 
себебі  біздің  дамуымызда  және  сөйлеуімізде  аса  жиі  көрінетін  біздің  символдар  жасау 
қабілетімізге байланысты. Бұл біздің естеліктеріміздің бір бөлігі, онда біз эпизодтарды неме-
се оқиғаларды, біздің белгілі бір тәжірибемізден шығаратын ойларымызды, идеяларымызды, 
жалпы қағидаларды, қағидаттарды, тұжырымдамаларды есте сақтаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет