Бағдарламасы негізінде 2022 2023 оқу жылына арналған


Құрастыру Құрылыс материалдарынан құрастыру



бет4/6
Дата18.11.2022
өлшемі35,43 Kb.
#51070
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Құрастыру

Құрылыс материалдарынан құрастыру:
Орналастыру тәсілдерін қолдана отырып, пластиналарды тігінен және кірпіштерді, бөлшектерді көлденеңінен орналастыру, сызбаны қолданып, ірі және ұсақ құрылыс материалынан құрастыру
Қағаздан құрастыру:
Қағазды тікбұрышты парағын жартысынан бүктеп, бұрыштарды және қырларды біріктіру, детальдің негізгі түріне желімдеу.
Табиғи, қалдық материалдардан құрастыру: Балаларды табиғи материалдардан түрлі заттар даярлауға баулу
Конструктор бөлшектерінен құрастыру: Конструктордан ойынға арналған ғимарат құрастыру дағдыларын қалыптастыру, бөлшектерді бекіту тәсілдері мен ғимарат жасау туралы білімдерін жетілдіру.

Қоршаған ортамен таныстыру

Тірі және өлі табиғат құбылыстары мен заттары: өлі табиғат нысандары- су, жер, ауа, күннің көзі туралы білімдерін кеңейту
Табиғаттағы маусымдық өзгерістер: жазғы және күзгі табиғатты, олардың қарапайым өзгерістерін бақылау дағдыларын дамыту;
Өсімдіктер мен жануарлар әлемі:
Балабақшаның ауласындағы және маңайдағы кейбір ағаштардың, бұталардың түрлері жайлы білімдерін қалыптастыру.
Үй жануарлары және жабайы аңдар, олардың сыртқы келбеті, қозғалуы, күз мезгіліндегі (сыртқы түрі, тіршілік ету ортасы, мекені, азығы,) қоректену тәсілдері және қысқы дайындығы туралы білімдерін кеңейту. 
Бала, оның отбасы, үйі:
Баланың өзі және өзінің жағдайы туралы түсініктерін кеңейту. Өзін-өзі тануға ұмтылысын қолдау. Баланың туыстық қатынастарды түсінуіне ықпал ету. 
Заттық әлем: Балаларды заттық әлеммен таныстыру және онымен әрекет жасау дағдыларын қалыптастыру. Жақын маңайдағы заттарды ажыратып, атай білу біліктерін жетілдіру.
Еңбекке баулу. Адамдарға еңбектері үшін алғыс айтуға және еңбектің нәтижесіне құрмет көрсете білуге тәрбиелеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет