Бағдарламасы негізінде физика пәнін оқытудағы әдіс- тәсілдердің тиімділігі



бет3/3
Дата10.12.2022
өлшемі76,16 Kb.
#56353
түріБағдарламасы
1   2   3
«Ой қозғау» Жаңа тақырыпқа көшпес бұрын сілтеме ретінде серіппенің қолданылуы жайлы видеоролик көрсетіледі. 
Тақырыпты меңгеру үшін «Бізден сізге, сізден бізге» ( сұрақ жауап) әдісі
1.Гук заңы қалай тұжырымдалады?
2.Серпімділік күшінің формуласын жаз?
3.Серпімділік күші қандай физикалық шамаға тәуелді?
4.Серіппенің қатаңдығын анықтайтын формуланы жаз?
5.Серіппенің созылуын қалай есептеуге болады?
6.Серпімділік күшінің еселік бірліктерін ата?
«Гук шыңына шығу» әдісі арқылы бүгінгі сабақты қорытындылаймын.
Әр оқушы үшін таудың суреті беріледі. Таудың шыңында ту орналасқан. Тау шыңына жету үшін барлық оқушыларға бірдей үш тапсырма беріледі. Қай оқушы шыңға бірінші және дұрыс жауап беру арқылы шығады, сол оқушы жеңімпаз.
«Денеге бір түзудің бойымен әрекет ететін күштерді қосу» тақырыбы
«Серпілген сауал» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұраймын.
Мағынаны тану: Оқушыларға жаңа тақырыпты өз беттерімен талдап ашуға сурет тапсырма беру.

Эксперименттік тапсырма
1-топқа: № 1 тапсырма.
«Шалқан» ертегісі желісімен көрініс қойып, бір нүктеге бір бағытта түсірілген күштерді қосу ережесін тұжырымдау
2-топқа: № 2- эксперименттік тапсырма.
«Арқан тартысу» ойыны арқылы топ мүшелері бір нүктеге қарама-қарсы бағытта түсірілген күштерді анықтау жолдарын көрсету.
3-топқа: № 3- эксперименттік тапсырма.
Бір нүктеге бірнеше бағытта түсірілген күштерді қосуды түсіндіру.
Шығармашылық тапсырма
«Аққу шортан һәм шаян» мысалындағы күштерді және оның бағытын анықтау
Қорытынды
Елдің ертеңі білімнің тереңдігімен өлшенеді демекші,үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді үздіксіз дамытуды талап етеді.Сондықтан білім беру саласының басты мақсаты оқушыларды өзгермелі өмірде қорықпай,еркін өмір сүруге,білімімен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеге,өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға, шынайы өмірде дара тұлға етіп қалыптасуына ықпал ету.
«Шәкірт – нығырлай беретін ыдыс емес,керісінше тұтандыруды талап ететін шырақ» демекші оқушылардың жеке шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және оларды шынайы өмірдегі дара тұлға етіп дайындау мектептің басты мақсаттарының бірі.

Пайдаланылған әдебиеттер

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет