Бағдарламасы негізінде физика пәнін оқытудағы әдіс- тәсілдердің тиімділігі


«Инерция» тақырыбы. «Әңгімеге негізделген жазу»



бет2/3
Дата10.12.2022
өлшемі76,16 Kb.
#56353
түріБағдарламасы
1   2   3
«Инерция» тақырыбы.
«Әңгімеге негізделген жазу» әдісі бойынша жаңа сабақты бастаймын.
Бәріміз автобус ішінде отырмыз. Автобус орнынан жұлқына тартылып қалды, тепе-теңдік бұзылды. Сонда қалай қимылдаймыз? Қай жаққа қисайдық?
- Ұзын жолмен автобус зулап келеді. Ол бірқалыпты қозғалады. Кенет тежелді. Қалай қимылдаймыз? Қай жаққа қисайдық?
- Бірқалыпты келе жатқан автобус оңға қарай тез бұрылды, қалай қимылдаймыз?

  • Бірқалыпты келе жатқан автобус солға қарай тез бұрылды, қалай қимылдаймыз? әңгіме желісі бойынша орындалған жұмысты топтарда талқылай отырып жазу; әңгіме туралы өз ойларын ортаға салу және пікір алмасу.

Оқушылардың жауаптарын алған соң назарларын интерактивті тақтадан бейнеролик көруге аудартамын.
Сабақты қорытындылау мақсатында «Елес жетелеу» әдісін пайдаланамын.
Оқушылар мәтінді көздерін жұма отырып тыңдайды.
Айтылған әңгімені әр оқушы өздерінше елестетеді, сол елесті қағаз бетіне түсіреді. Ойларын қорытындылап жазады.Оқушылар сурет салады.
Салған суреттерінің қорытындысын шығарады.Суретті оқушылар бір-біріне беру арқылы өзара бағалайды.

  • Инерцияның пайдалы жақтары:

• Кілем тазалағанда инерцияның пайдасы көп. Кілемді таяқпен ұрғанда, кілем орнынан қозғалады, ал шаң сол орнында инерцияның әсерінен қалып қояды.
• Велосипедшілер жарысында велосипедшілер үнемі педальды баса бермейді, оқтын-оқтын аяқтарын дамылдатады, бірақ велосипед тоқтамайды. Осылай таулы жолдарда машиналар жанармай үнемдейді.
• Балға саптағанда балғаны үстелге ұрғанда, балға инерция әсерінен сапқа енеді т.б
• Егер инерция болмаса, барлық планеталар орбитасынан шығып кетер еді, Ай Жерге, Жер Күнге құлап түсер еді.
Инерцияның зиянды жақтары:
• Бір адам көшеден өтіп бара жатыр еді, бұрылыстан шыға келген машина оны қағып кетті. Машина инерцияның кесірінен тоқтай алмады.
• Теледидарда велосипедшілер жарысын көрсеткенде, бір велосипедші құлап еді, қалғандары инерцияның әсерінен тоқтай алмай үстіне құлады.
• Автобус тежегішін басқанда, адамдар инерцияның кесірінен алға қозғалып, бір-біріне соқтығысты.
• Мамам маған тамақ әзірле деді. Мен кеспені жайпақ ыдыспен әкеліп үстелге қойып едім, кеспе төгіліп, дастарханды бүлдірді. Мамам маған ұрысты. Бірақ мен емес, кінәлі инерция.
• Менің әжем тайғақ жолда құлап, сол инерцияның кесірінен аяғын сындырып алды т.б.
Оқушылар өздерінің ойлары, жазғандарының барлығы бүгінгі сабақтан танысқан инерция құбылысы екенін түсінеді.
Келесі тақырып «Серпімділік күші.Гук заңы»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет